ОқУ Әдістемелік кешен "ШАҒын жинақталған бастауыш мектепте оқу тәрбие процесін ұйымдастыру" ПӘні бойынша


Екі немесе үш сыныппен өткізілетін сабақты ұйымдастыру



бет20/81
Дата19.04.2022
өлшемі8,06 Mb.
#31564
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   81
2. Екі немесе үш сыныппен өткізілетін сабақты ұйымдастыру

Екі немесе үш сыныппен өткізілетін сабақты ұйымдастырғанда оқушының білімін бағалау, жеке жұмыс жүргізу, тапсырманы өздігінен қалай орындағандықтарын бақылап, жұмыстарын тексеріп отыру да педагогикалық шеберлікті, жете мән беруді талап етеді. Яғни, 45 минуттық бір сабақтың ішінде шағын жинақты мектеп мұғалімі 3, тіпті кейде 4 сабақты өткізіп, 3 не 4-сынып оқушыларын қатар оқытуға әрі әрбір «кіші сабақтың» білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарының орындалуын қадағалауға мәжбүр болады. Осыған орай сабақтың құрылымы да өзгереді. Бүгінгі күнге дейін сабақтың екі кезеңі анықталған болатын: мұғалім басшылығымен жұмыс және өздігінен орындалатын жұмыс. Бұл екі кезең «үлкен сабақтың» өн бойында бірнеше рет қайталанып отырады. Енді осы сабақтардың ұйымдастыру барысына тоқталайық: ортақ тақырыптық қағиданы ұстанғандықтан белгілі бір тақырыпты барлық сыныпқа бір мезгілде өткізуге болады. Ал, жаңа сабаққа байланысты жаттығулар мен тапсырмаларды жас ерекшеліктеріне қарай әрбір сыныпқа лайықтап, саралап, әрқайсысына жеке орындатуға болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет