Көп ойыншы викторинасы (Multi-User-Quiz) - жаттығу барысында ойыншыларға әр түрлі категориялар мен әр түрлі деңгейдегі сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік береді. Сұрақтарды күрделілігі бойынша сұрыптауға болады.
Horse racing -ойынның барысы ат жарысына қатысатын шабандоздар түрінде бейнеленген (әр ойыншыға белгілі бір шабандоз сәйкес келеді) және әр жауаптан кейін шабандоздардың жағдайы жауаптардың дұрыстығы мен жылдамдығына байланысты өзгереді.
Quizlet - бұл оқу карталары ретінде ұсынылатын кез-келген ақпаратты есте сақтауды жеңілдететін ақысыз қызмет.Веб сервисте интерактивті материал жасауға, жеке карталар, оларға суреттер мен аудио файлдарды қосу, содан кейін осы материалды есте сақтау үшін жаттығулар жасап, ойындар ойнауға болады. Quizlet-ті қолдану үшін Google немесе Facebook арқылы тіркелу немесе кіру қажет.Сайты: https://quizlet.com/ru
Сервисте есте сақтау үшін оқу материалын жасау жаңа оқу модулін жасаудан басталады. Бірінше модульдің атын енгізу керек, одан кейін терминдер мен анықтамаларды енгізу қажет.