Оқу-әдістемелік кешенді дайындауда білім беру бағдарламасы бойынша кәсіби стандарт «Педагог» кәсіби стандарты, ҚР «Атамекен» Ұкп басқарма төрағасының



бет47/93
Дата31.12.2021
өлшемі6,76 Mb.
#23221
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   93
Байланысты:
УМК Цифр пед дизайны-МИ, М,Фи,Ф-СКАНЕРЛЕНГЕН

Практикалық сабақ №4

Онлайн платформалар. BilimLand онлайн білім беру порталымен жұмыс
BilimLand – мектеп оқушыларына арналған онлайн білім беру порталы. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде мектеп бағдарламасы бойынша жасалған 40 000-нан астам интерактивті сабақ бар. Тағы бір артықшылығы, мұғалімдерге арналған мыңнан аса көрнекі құрал ұсынады.

42 пәннен 5 700 сабақ пен 140 мыңнан астам тапсырма әзірленген. Компания мәліметінше, күн сайын 1,5 млн бірегей қолданушы кіріп, сайт 30 млн рет қаралады. 3 500 мектеппен платформаны пайдалану туралы келісімшарт жасалған.

1. Платформаға тіркелу/кіру

Бұл платформаны қолданатын мектеп мұғалімдері мен оқушыларына логин және құпиясөз берілген. Бұл уақытқа дейін әлі алмаған оқушылар болса, оны мектеп әкімшілігінен алуға болады. Мұғалім өз аккаунты арқылы жаңа оқушыны тіркей алады және жаңа сынып қоса алады. Платформаға кіру үшін https://onlinemektep.org/ сілтемесі арқылы өтіп, мектеп әкімшілігі берген логин мен құпиясөзді жазып, "Кіру" батырмасын басу керек.

2. Сабақ оқу

Оқуды бастау үшін кестедегі сабақты таңдап, алдымен сабаққа шолу, яғни, сабақ мазмұнымен және мақсатымен танысу қажет. Кейін "Алға" батырмасын басып, теориялық бөлімге көшеді. Теориялық бөлімде бейнетүсіндірме, конспект немесе өзге материалдар болуы мүмкін. Теориялық бөліммен танысқаннан кейін оқушыға әртүрлі қиындықтағы жаттығулар беріледі. Оқушы қате жауап берсе, қатемен жұмыс жасауға мүмкіндік бар. Барлық тапсырма орындалғаннан кейін әрбір бөлімнің нәтижесін, ал оң жақтағы "Сабақ қорытындысы" бөлімінде алған бағаны көруге болады.



Daryn.Online

Платформаға 2,7 млн астам оқушы мен 200 мұғалім тіркелген. Күн сайын 700 мыңнан астам оқушы білім алады. Күніне 60-тан астам арнайы бейнесабақтар түсіріледі. Оқушыларға республикалық физика-математика және Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, сондай-ақ орта мектептердің үздік мұғалімдері сабақ береді. Офлайн сабақтарға арналған мобильді қосымшасы да бар.

Оқыту 2 форматта өтеді:


  • синхронды – мұғалім видеоконференция ұйымдастырып, оқушылармен тікелей эфирде сабақ өткізеді;

  • асинхронды – мұғалім дайын онлайн курстар, презентациялар, оқулықтар мен мультимедиа материалдарын оқуға береді.

Әр оқушының жеке кабинеті болады. Кез келген адам тегін тіркеле алады. Жеке пайдаланушылар үшін барлық пәндер айына 2 мың теңге. Daryn.Online-мен келісімшартқа отырған мектеп оқушылары сабақты тегін пайдалана алады. Бүгінде мұндай мектептер саны – 1 491.

2016 жылы 1 қыркүйекте Қазақстан мектептері Kundelik электронды журналын қолдана бастады. Бұл жерде мұғалімдер баға қойып қана қоймай, оқушыларға тапсырма беріп, кері байланыс орната алады. Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, электронды күнделікке күніне 700 мың баға қойылып, 1 млн тапсырма беріледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет