Әдетте оқыту видеоларының үш түрі болады:
1. Скринкаст – компьютер экранындағы әрекеттер дыбыспен сүйемелденетін бейне сабақ. Photoshop немесе сол сияқты бағдарламаларды қолдануды үйретуге арналған таптырмас жанр.
2. Бейнесүйемелдеу - адам камера алдында отырады және мәтінді оқиды. Бұл әдетте слайдтарға түсініктеме беру үшін PowerPoint презентациясына қосымша ретінде пайдаланылады.
3. Бейне сабақ - қысқа оқыту ролигі. Формат бойынша теледидар хабарларына ұқсас. Қазіргі кезде кеңінен таралған оқыту видеолары.
Енді осы видеоларды жасаудың қадамдарымен танысайық:
1. Видео сабақтың немесе скринкастты жазудағы ойыңыз бен мақсатты аудиторияңызды анықтап алу. Бұл сізге тақырыбыңызды жалпыламай өз бағытыңызды кеңінен қамтуға көмек береді. Мысалы, ағылшын тілін бәрі үйрене алады, бірақ сіздің сабақтарыңыз барлық адамға түсінікті болуы мүмкін емес: бірінің деңгейі сәйкес келмесе, бірінің көзқарасы өзгеше болуы мүмкін. Сондықтан әрбір істе бірінші өз мақсатыңыз бен оның кімге арналғанын айқындап алғаныңыз дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |