Quizlet-те жеті түрлі жұмыс әдісі бар: бес оқу режимі және екі ойын режимі.
Карточка режимінде - студенттер барлық карталарды көреді, терминдер мен анықтамаларды қайталау үшін оларды аударуы қажет.
Есте сақтау режимінде -модуль материалын игеруге негізделген жеке оқу жоспары жасалады. Кезеңді аяқтау үшін әр сұраққа екі рет дұрыс жауап беру керек. Әр кезеңнің соңында барлық терминдер оларды игеру деңгейіне қарай топтастырылады: "таныс" дегеніміз, студент бір рет дұрыс жауап берген, ал "үйренген" – екі рет. Бұл режимде барлық карталарды есте сақтаудың соңғы мерзімін орнатуға, прогресті бақылауға және қосымшадан ескертулер алуға болады.
Жазу режимінде – термин немесе суреті беріліп, оқушының материалды қаншалықты жақсы білетіндігі және жазу кезінде қателіктер жіберетіні бағаланады. Студент бірінші кезеңді аяқтаған кезде, жазу режимі екінші кезеңді бастайды, онда бірінші кезеңде дұрыс жауап берілмеген сұрақтар қолданылады. Жазу режимінің кезеңін аяқтау және нәтижелеріңізді көру үшін әр сұраққа екі рет дұрыс жауап беру керек.