Оқу-әдістемелік кешенді дайындауда білім беру бағдарламасы бойынша кәсіби стандарт «Педагог» кәсіби стандарты, ҚР «Атамекен» Ұкп басқарма төрағасының



бет84/93
Дата31.12.2021
өлшемі6,76 Mb.
#23221
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   93
Байланысты:
УМК Цифр пед дизайны-МИ, М,Фи,Ф-СКАНЕРЛЕНГЕН

Практикалық сабақ 12

Мобильді оқыту бағдарламалары
Мобильді оқыту білім беруде педагогтердің жұмысын жеңілдетуші, мүмкіндіктерін кеңейтуші, білім тереңдігін күшейтуші технология және негізгі оқыту формасына қосымша көмекші құрал ретінде де қарастырылады.

Оқыту үдерісінде мобильді құрылғыларды қолдану тенденциясы біраз уақыттан бері қалыптасып келеді, атап айтқанда, олар:



  • Wi-Fi – байланыс құралы;

  • Коммуникатор – бір-бірімен ақпарат алмасу;

  • Фотоаппарат – мәтінді суретке түсіру;

  • Диктофон – дәріс беретін оқытушының дауысын жазып алу;

  • Мобильді браузер – сайттарға қол жеткізу;

  • Аудиоплеер – дәрісті дыбыстық қолдаумен тыңдау;

  • Секундомер – эксперимент жүргізуде уақытты қадағалау;

  • Instagram, Facebook, Вконтакте,т.б. әлеуметтік желілерді қолдану;

  • Ms Word, Ms Excel, Power Point офис пакеттерін пайдалану;

  • Аударма –мәтінді шетел тіліне аудару, т.б.

М-learning технологияларының портативтілігі, интерактивтілігі, өлшемі жағынан және уақыт пен мерзімге байланысты бірнеше ортақ аспектілері бар. Бұл байланыс құрылғыларының маңыздылығын арттырады. Мобильді оқытудың артықшылықтары:

  • Мобильді оқыту сымсыз мобильді технологияны қолдану арқылы жүзеге асырылады, ол кез келген адамға кез келген жерден және кез келген уақытта ақпарат пен оқу материалдарын алуға және таратуға мүмкіндік береді;

  • Мобильді құрылғылар білім алушылар үшін өте ыңғайлы және қолжетімді құрал болып табылады. Ақпараттың барлық түріне қол жеткізу оңай. Ол басқа ақпарат құралдарына қарағанда ақпарат пен білім беру тәжірибесіне тезірек қол жеткізе алады;

  • Оқытудың үздіксізсіз түрі және тиімді тәжірибесі болып табылады;

  • Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін де ыңғайлы оқыту түрі болып табылады;

  • Білім алушылар онлайн форумдар мен чаттар арқылы бірлесіп жұмыс жасай алады. Олардың оқытушылармен кез келген уақытта, кез келген жерде пікір алмасуға, ой бөлісуге мүмкіндігі болады;

  • Мобильді құрылғылардағы жылдам жауап (QR) кодтарын қолдануға болады. Қосымша ресурстарға, күрделі диаграммалар мен суреттерге сілтемелер, тапсырмаларды шешу студенттерге қол жетімді болуы мүмкін;

  • Студенттердің өздігінен білім жетілдіру мақсатында қолдану ыңғайлы және кері байланыс жасау мүмкіндігі бар.

Көптеген артықшылықтарымен қатар мобильді оқытуды білім беруде қолданудың өзінің қиындықтары мен кемшілік жақтары да бар. Оларға мыналарды жатқызуға болады:

  • Мобильді оқытуға қатысу үшін міндетті түрде мобильді құрылғы болуы керек. Жаңа технологиялардың жетістіктерін пайдалану үшін ұялы телефонды жиі жаңартып отыру керек. Сонымен қатар, білім алушы интернетке қол жетімді болу керек және мобильді операторыңыздан ай сайынғы ақы төленеді, сондықтан сізге ұзақ уақытты қажет ететін үлкен файлдарды жүктеу қажет болса, ай сайынғы төлемдер өте жоғары болуы мүмкін.

  • Экранның өлшемі өте кішкентай, сондықтан оларды ұзақ уақыт қолданғанда адамның көзіне әсер етіп, тез шаршауы мүмкін. Сонымен қатар, экранда бір уақытта көрсетілетін ақпараттың мөлшері өте аз.

  • Смартфондар 8-ден 10 сағатқа дейін үздіксіз жұмыс істейді. Тасымалды электр қуаты біткен соң, оны қайта қуаттандырғышқа қосу керек және бұл уақытта оны пайдаланушы адам өз «мобильділігінен» уақытша айырылады.

  • Кез келген мобильді құрылғылардың сақтау мүмкіндігі шектеулі, сондықтан үлкен немесе көп файл болса, сіздің құрылғыңыз бәрін сақтай алмауы мүмкін.

  • Әлеуметтік жағынан қарасақ, барлық білім алушылардың сәйкесті мобильді құрылғыларды алуға мүмкіндігі бола бермейді. Сонымен қатар, мобильді платформаға байланысты бірыңғай стандарттың болмауы да қиындық тудырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет