Ерекшеліктері:
Фонетикасында – 8 дауысты (а, е, ы, і, о, ө, ү, у); ч>ш, ш>с, дж>ж/й дыбыстарының алмасуы//сәйкестігі (шойын «шойын», бас «бас», жахил «надан», йан «жан»);
инициалды й (йүрек «жүрек»);
ассимилятивті-диссимилятивті өзгерістер н>д/т, нд>нн, зш>шш, сш>шш:баладынь «баланың», аттынь «аттың», үйленним «үйлендім», үйимнен «үйімнен», қышша «қызша/по-девичьи», рушша «орысша»;
Морфологиясында - -мақ, -с, -в, -ғы тұлғалы қимыл есімдері: осы шақ есімше тұлғасы –атаған (баратаған «баратын/баратұғын») және келер шақ тұлғасы –(а)йақ (келейек «келетін/келетұғын»);
терминативті көсемше тұлғасы –ғалы (келгели «келгелі»), -ғанша (барғанша «барғанша /барғанға дейін, келгенше/келгенге дейін);
міндетті келер шақ тұлғасы –(а)йақ (келейекпен; мысалы, қаз. келешек, қырым. тат. келеджек);
Синтаксисінде – құрмалас сөйлемнің аналитизацияға бейімделу үрдісі.
Диалектілері: нақ ноғай (Ставрополь өлкесі), ақноғай (Қарашай-Черкессия) және қараноғай (Дағыстан), соңғысы әдеби тілге негіз болды. Алғашқы екі диалекті, ең алдымен, сөз басында (инициалды) және аффиксалды дж/ж дыбысының қолданылуымен ерекшеленеді: джан/жан «жан», келеджек/кележек «келеді».
Дәстүрлі жазуы араб әліпбиі бойынша қалыптасқан, 1928-1938 жж. – латын, содан кейін – орыс алфавиті қолданылып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |