Ерекшеліктері:
Фонетикасы бойынша – сөз басында ұяң г дыбысының жұмсалуы: гиши «кісі»;
Сөз (сын есім) соңында қ/к қатаң дыбысының сақталуы: ташлық (тасты жер//тастақ»;
Ассимилятивтік өзгерістер лд>лл, нл>лл, нд>нн, мд>мн, зс>сс: аттылы «атылды», заманалар «замандар», сенне «сенде», бурнумна «мұрнымда», йасса «(егер ол) жазса» (мысалы, қырым татарлары тілімен салыстырыңыз атылды, заманлар, сенде, бұрнымда, йазса);
Ілік септік жалғауының ықшамдалған нұсқада келуі: атны «аттың» < атнынь, гөзнү «көздің» < гөзнүнь;
Морфологиясында – тәуелдіктің жақ, көпше түрі аффиксі –ғыз/ -гиз/ -ғүз/ -ғүз (анағыз «аналарыңыз»);
етістіктен жасалған сын есім тұлғасы –ма/-ме: йазма «жазба (жұмыс)»;
келер шақтың –р тұлғасымен келуі: барар «барар», гөрүр «көрер»;
міндетті (түрде болатын іс-әрекет) келер шақ тұлғаыс –ажақ/-ежек: баражақ «баражақ/барады», кележек «кележек/келеді»;
қалау және бұйрық райлардың параллель формалары: йазғын / йазғыр «жазғын; жазғыр»;
-мақ / -мек, -ма / -ме, -маға / -меге тұлғалы етістік есім параллель формаларының қимыл атауы (инфинитив-супин) қызметінде жұмсалуы: айтмақ / айтмаға / айтма «айтпақ / айту (чтобы) сказать»;
Етістіктің (етістік-есім / глагольные имена) –аған және –ған тұлғаларының шақ мәнінде бір-біріне қарама-қарсы қойылуы: йүрүйген «жүретін/ходящий», йүрүген «келген/пришедший»;
терминативті көсемшелер: айтғанлы «ол айтқалы (бері)», эшигинче «ол естігенше / пока он услышит»;
Синтаксисінде – құрмалас сөйлемдердің анализацияға бейімдігі (үрдісі);
Достарыңызбен бөлісу: |