ОқУ Әдістемелік кешені пәні «Қыпшақтану»


Іс-иш, кісі-киши, таста-ташла, жас-ёш, сондай-шундай



бет52/79
Дата20.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#31662
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   79
Байланысты:
6 Лекция Кыпшактану

Іс-иш, кісі-киши, таста-ташла, жас-ёш, сондай-шундай т.б.

Қазақ:бас, қарақалпақ:бас, өзбек: бош,түрікмен: баш, ұйғыр: баш; Қазақ:қас, қарақалпақ: қас, өзбек: қош, түрікмен: гаш,ұйғыр: қаш;

Қазақ: құс, қарақалпақ: кус,өзбек: куш, түрікмен: гуш, ұйғыр:қуш;

Қазақ; жасыл, қарақалпақ: жасыл, өзбек: яшил, түрікмен: яшыл, ұйғыр: йешил;

Қазақ тілін қырғыз тілімен салыстырсақ, с орнына ш, ал ш орнына ч дыбысы қолданылатынын көреміз: есік-эшик, тесік-тешик, тас-таш, шебер-чебер, шаң-чаң, шөп-чөп, ошақ-очок, қаш-қач т.б.

Қазақ: қаш,қарақалпақ: қаш,өзбек: қоч, түрікмен: ғач, ұйғыр: қач;

Қыпшақ тобына жататын қазақ және қарақалпақ тілдеріне тән сөздердің ықшамдалуға бейімдігі қарлұқ (өзбек, ұйғыр) және оғыз (түрікмен) тілдерінде кездеспейді. Мысалы: қазақ : ұл, қарақалпақ: ул, өзбек: угил,ұйғыр: огул, түрікмен: огул;

Қазақ тілінің морфологиясында мынадай ерекшеліктер байқалады:

*--қ/у сөзжасам тұлғаларының параллель жұмсалуы сұрау/сұрақ;

* ғылықты/-гілікті формасымен есімнен жасалатын сын есім (тұрғылықты, тыңғылықты, жергілікті);

* әлде элементімен келетін белгісіздік есімдіктері (әлдекім «біреу,белгісіз біреу», әлденеше «бірнеше»);

*-у тұлғалы қимыл атауы (бару,келу);

* инфинитив –уға,-уге (баруға «бару», келуге «келу») (бару керек, келу керек);

* - а, -е, -й, -п көсемшелері мен олардың негізінде жаслатын перифрастикалық аналитикалық етістікті тіркестердің өнімді қолданылуы (қызар бастады, көріп шық, қарап жүр);

* қалау райдың аналитикалық формасы (барғым келеді бергің келді);

*-а-тын <–а тұғын <–а тұрған аналиткалық есімше формасы негізінде жаслған (бұрынғы) дағдылы өткен шақ (айтатынмын);

* -а-ды / -а-д тұлғалы осы шақ (тұрады / тұрады (турат));

*- ыңқыра /-іңкіре тұлғалы етістіктер (барыңқыра / бара түс, кіріңкіре/ кіре түс, жүріңкіре/жүре түс, жүрісіңді үдет);

* Сан есімдердің барлығына бірдей топтау жұрнақтарының жалғанбауы, яғни бірденжетіге дейінгі сандарғана- ау/-еу қосымшаларын қабылдайтындығы: біреу,екеу,үшеу,төртеу, бесеу, алтау, жетеу;

*Сын есімдерден етістік жасалғанда, белгілі бір лексика-семантикалық топқа жататын сөздерге жалғанатын жұрнақтардың бірыңғай еместігі.Мысалы, түр-түс атауларына етістік жасайтын қосымшалар жалғанғанда бірде –ар/ -ер, бірде –ай/ -ей нұсқалары қолданылады: ақ+ар ағар, қызыл+ар қызар, көк+ер көгер, сары/сарығ+ай сарғай, қара+ай қарай,сұр+лан сұрлан т.б.

*Етістіктің бірнеше сөзден тұратын аналитикалық формасының жұмсалуы: сүрініп кете жаздап барып тіктелді;



Синтаксисінде-құрамында өз бастауышы бар есімшелі, көсемшелі оралымды бағыныңқы сөйлемі бар құрмалас сөйлемдердің көптен жұмсалуы;

Лексикасында-қазақ тіліне әртүрлі тілдер арқылы еніп, әртүрлі фонетикалық пішінде қалыптасып орныққан араб-парсы сөздері: уәкіл «уәкілдік берілген (адам немесе орган)»- өкіл «өкіл, сенімді тұлға», ауа-әуе, әзір «дайын; әлі»- қазір; архикалық монғолизмдер- батыр, жасақ «қол»,дулыға, нөкер «әскер, шабарман,қызметі», ноқай «надан», орыс сөздері-болыс «волостной», уез «уезд», пеш «печь», жандарал «генерал», майыр «майор», поез «поезд».



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет