Синтаксисінде – дербес бастауышы бар және бағыныңқы сөйлем семантикасы бар етістік-есім, есімше және көсемшелі оралымдардың белсенді қолданылуы;
Лексикасында – араб-парсы сөздерінің біркелкі пішінде қалыптасуы.
Қарақалпақ тілі диалектілерінің, негізгі топты қоспағанда (Әмударияның төменгі ағысы – Хорезм оазисі), ол әдеби тілдің негізін құраған, қазақ (солтүстік-шығыс диалекті), өзбек (оңтүстік диалекті) және түрікмен (батыс диалекті) элементтерімен ерекшеленеді.
Дәстүрлі жазуы араб алфавитіне негізделген. 1929-1939 жж. латын, содан кейін бейімделген орыс жазуы (кириллица) қолданылып келеді.
Қарақалпақ әдеби тілі шығыс (ортаазиялық) түркі тілі мен қазақ және ноғай халықтарына ортақ сан ғасырлық халықтық-поэтикалық дәстүрлер негізінде қалыптасқан.
Ноғай тілі
Ноғай (ноғай) тілі түркі қыпшақ тобының қыпшақ-ноғай топшасына жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |