Фонетикасы бойынша – 8 дауысты (а, е, и, ы, о, ө, у, ү);
қысқа және екінші дәрежелі (краткие и вторичные) созылыңқы дауыстылар;
ч, ш дыбыстарының сақталуы (үч «үш», беш «бес», ешик «есік», ешек «есек», мышык «мысық»);
сөз басындағы (инициалды) дж (джок «жоқ»), ол интервокалды позицияда й-ге айналады (баласы йок «баласы жоқ»);
дауыстылардың дәйекті жуан/жіңішкелік (буын) және ерін үндестігі: күндө «күнде», оқуптурмун «оқыдым/оқығанмын»;
Морфологиясында – жинақтық сан есімдердің ассимилятивті формалары бирөө «біреу», экөө «екеу»;
жуықтық сан есімдер –дай, -ча, -даған, -лар аффикстері арқылы жасалады (отуздай «отыздай»), жүзче «жүз шақты», ондоғон жылдар «ондаған жылдар/он жылға жуық/он жылдай», саат одөрдө «сағат ондарда»);
«сол/анау» сілтеу есімдігі ал/ формасында, ал диалектілік нұсқасы ол түрінде (аға/оғо «ему/тому») жұмсалады;
«не» есімдігі параллель үш формада кездеседі: этне/немне/не, белгісіздік есімдіктері екі тәсілмен жасалады: кимдир/алда ким «әлдекім»;
Етістіктің ж. көпше түрінің параллель формалары: -сыз(дар) / -сынъар; -нъыздар/-нъар;
Қалау райдың аналитикалық формасы (айтқым келет «айтқым келеді»);
есімшенің –(уу)чу тұлғасының өнімді қолданылуы: ойғо алчу иш «ойға алатын/алынушы іс»;
мақсаттық көсемше тұлғасы –ғаны/диал. –ғали: оқуғаны келдим «оқығалы келдім»;
-а,/-е/-й, -n көсемшелерінің және олардың негізінде жасалған перифрастикалық аналитикалық етістікті тіркестердің актив қолданысы: келбей қой «келмей қой/келме», қарап қой «қарап қой/қара»;
Синтаксисінде – нақ / жеке субъектісі бар күрделі (күрделенген) бейпредикативті оралымды жай сөйлемдердің көбірек қолданылуы;
Лексикасында – ежелгі монғол және тұңғыс-манъчжур кірме сөздері (сонун «қызық», бараан «сұлба/силуэт»), иран және араб лексикасы (пияз «пияз», беде «беде/жоңышқа/клевер», соода «сауда», адил «әділ», илим «ілім/білім»), өткен ғасырда енген орыс сөздері мен интернационалимдер.
Қырғыз тілінде үш диалекті бар: солтүстік (қазіргі әдеби тілдің негізін құраған), оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс.
Оңтүстік-шығыс диалектісі созылыңқы дауыстылардың болуымен және дифтонгілердің болмауымен ерекшеленеді; с/з дыбыстары ажыратылмайды; сөз басында (инициалды) б орнына n-ның жұмсалуы (паш «бас»); көмекші етістіктердің архаикалық формалары: жатыры, отуру, джүрү, туру «жатыр/отыр/жүр/тұр»; иранизмдердің адаптациясы әлсіз болғанына қарамастан, иран тілінің күшті ықпалы.
Оңтүстік-батыс говорлар тобының ерекшеліктері: ä, å фонемалардың қолданылуы (бåхäр»көктем»); инициалды қ, к дыбыстарының ұяңдануы (ғыртылдақ «қыртылдақ/хрустящий», гäп «гәп/әңгіме/мәселе»); сөз басында қатаң (инициалды) n жұмсалуы (пал «бал»); бір буынды етістіктерге аффикс жалғанғанда буын соңындағы л дыбысының редукциясы (түсіп қалуы): кеұейт<келбейт «келмейді/кемейді», кеген<келген «келген/кеген»; инициалды с/ч, с/ш дыбыстарының алмасуы сыз- / чыз- «сызу», сайла- / шайла- «сайлау».
Қырғыз тіл білімінің негізін Игорь Алексеевич Батманов (1906-1969) және Константин кузьмич Юдахин (1890-1975) сынды көрнекті түркітанушылар қалаған болатын.
Достарыңызбен бөлісу: |