Морфологиясында – септеу мен жіктеудің қыпшақтық типі;
-рға, -ргä тұлғалы инфинитив (йазарға «жазарға», эшлргä «істерге»);
-учы, -үче тұлғалы есімше (йазучы бала «жазушы бала», телеүче кеше «тілеуші кісі»);
нақ келер шақтың (будущее категорическое) –ачақ/-äчäк тұлғасы (барачақ «барады», килäчäк «келеді»);
-қач/-кäч/-ғач/-гäч тұлғалы көсемше: Син қайтқач, мин äшкä киттем «Сен қайта сала, мен іске/жұмысқа кеттім».
Татар тіліндегі көптеген грамматикалық категориялар қазақ тіліндегі грамматикалық категориялармен бірдей. Өзіндік айырмашылықтары да бар. Мысалы, көптік жалғауының қосымшасы -лар, -лер болумен бірге, мұрын жолды үнділі -нар, -нәр формалы нұсқасы да қолданылады: урамнар «көшелер», урманнар «орман» т.б. Сын есімнің кішірейткіш формасы (салыстырмалы шырай) -су, -сел, -кылт, -келт, гелт, -кылтым, -келтем, -ылжым, -елжем, -ча, -ылсса қосымшаларының көмегімен жасалады. Мысалы, алсу «қызылырақ//розоватый», дәңгерсу «көгілдір//синоватый», куксел, күгелжем «голубоватый», жылымса «жылылау» т.б. Жинақтық сан есімдері есептік сан есімдерге -ау, -әу қосымшасын қосу арқылы жасалады. Қазақ тілінен айырмашылықтары сол – олар жетіге дейінгі сан есімдерге ғана емес, сегіз тоғыз, он сияқты сан есімдеріне де қосылады. Мысалы, унау «оны». Топтау сан есімдері есептік сандарға -ар, -әр, -шар, -шәр, -ышар, -әшәр қосымшаларын қосу арқылы жасалады. Мысалы, берәр «бір-бірден», икешәр «екіден», т.б. Етістіктің осы шақ формасының үшінші жағында жақ жалғауы қосылмай, тек -а, -е, -й көсемшесі арқылы беріледі. Мысалы, алам, аласын, ала т.б.
Татар тілінің сөзжасам жүйесі өте бай. Мынадай сөз тудыратын жұрнақтар қолданылады:
1) -чы, -че. Бұл қосымша зат есімдерге, қимыл атауларына қосылып, мамандық мәнді туынды түбір зат есім жасайды. Мысалы, эшче «жұмысшы», итекче «етікші», кисуче «пішуші//закройчик», текүче «тігінші» т.б.;
2) -даш, -дәш, -таш, -тәш. Бұл қосымша біргелік, ортақтық мағынасы бар туынды түбір зат есім жасайды. Мысалы, якташ «жерлес», көндәш «күндес», авылдаш «ауылдас» .тб.
3) - лық,-лек. Есім сөздерден туынды түбір зат есім жасайтын өнімді қосымша. Мысалы, комлык «құмды жер», сулык «сулы жер, қайнар», ямаулык «жамау», коллык «құлдық» т.б.
4) -ма, -ме қосымшасы етістіктерге қосылып, амал-әрекеттің нәтижесінде пайда болған зат не түрлі ұғым атауын білдіретін туынды түбір зат жасайды. Мысалы, басма «баспа, көпір», койма «аула, забор», аңлатма «түсініктеме», өндәмә «үндеу» т.б.
5) Етістіктерден туынды түбір зат есім жасайтын жұрнақтардың бірі -ам, -әм, -ым, -ем, -м. Мысалы, керем «кіріс, табыс», бәйләм «байлам, букет», булем «бөлім» т.б.
6) Есім сөздерден сын есім жасайтын жұрнақтар: 1) -ды, -ле: тозлы су «тұзды су», сулы чиләк «су толы шелек», айлы төн «айлы түн»; 2) -сыз, -сез: сусыз далалар «сусыз дала», айсыз төн «айсыз түн», рахимсез «рахымсыз»т.б.; 3) -кы, -ке, -гы, -ге: кышкы кием «қысқы киім», кичке шәфәкь «кешкі шапақ», язгы ташу «көктемгі су тасқыны» т.б.; 4) -чыл, -чел: кунакчыл «қонақшыл», ункәчел «өкпелегіш» т.б.; 5) -чак, -чек, -сак: уенчак «әзілқой, ойынпаз», ирәнчәк «еріншек» т.б.
7) Етістіктерден сын есім жасайтын жұрнақтар мыналар: 1) -ғыр, -гер, -кыр, -кер: сизгер «сезгіш, сезімтал»; елгыр «оңтайлы, жеңілтек», тапкыр «тапқыр»т.б.; 2) -гын, -ген, -кын, -кен: үткен «үшкір», кискен «өткір», шашкын «ашулы, ызалы»; 3) -гыч, -кыч, -кеч: искиткеч «таңғаларлық», коточкыч «қорқынышты» т.б.; 4) -ык, -ек: жиремек «қиратылған», ябык «жабық» т.б.; 5) -гак, -гәк, -как, -кәк, -ак, -әк: куркак «қорқақ», өркәк «үркек», жылак «жылауық» т.б.; 6) -ынкы, -енке: күтәренке «көтеріңкі», кабарынкы «ісіңкі, дөнес, айқын» т.б..
8) Етістіктерден сөз тудырушы жұрнақтар мыналар: 1) -ла, -ле: китмәнлә «кетпенде», бизәклә «безендірр, әшекейле», тышла «қапта» т.б.; 2) -лан, -лән: нәфрәтлән «жиіркену», ләзәтлән «ләззәттан» т.б.; 3) -а, -ә: ата «ата//называть», кана «қана//қансыра» т.б.; 4) -ар, -ер: кызар «қызару», тазар «жақсару, жөнделу, толығу», кайгыр «қайғыру» т.б.; 5) -ай, -әй: зурай «зорай, үлкей», күбей «көбей», торай «тарылу, қысқару»т.б.; 6) -ык, -ек: ачык «ашығу», зорык «зорығу, шаршау», кичек «кешігу» т.б.; 7) -гар, -гәр, кар, -кәр: башкар «орындау», ангар «есте сақтау» т.б.
Татар халқы алып Евразия құрлығының көп бөлігіне шашырай қоныстанғандықтан, олардың тілі де біртекті емес, әлденеше диалектіге, говорға ажыратылады. Орта диалектіге қазан татарларының тілі жатады, батыс диалектіге мишарлар немесе мещеряктар жатады, шығыс диалектісіне Сібір татарларының тілі жатады.
Генетикалык тұрғыдан бұлғар тілімен байланысты орта диалекті аборигендік говорларды (таулы, қазан маңы, мензелин, бир немесе дюртюли, нукрат-глаз, параньгин, гайнин немесе бардым, камышли) және қоныс аударушылар (қасым, ноғайбек, ечкен, сафакуль және кигин) говорларын біріктіреді, оларға дж дыбысын қолдану тән (джеканье) {джир «жер»), қ, г дыбыстарының сақталуы, еріндік (лабиалданған) дауыстылардың болуы (бор «бар», қош «қыс», түш «тіс»), инфинитивтің әр алуан тұлғаларының болуы (барырга, бармалы, бармаға, барма «бару»), 2 ж. көпше түрдің -сыгыз / -сегез көрсеткіші (барасыгыз «барасыз/барасыңыз»), болғар дәуіріндегі оғыз лексикалық кірмелері: äл «қол», дäгел «түгіл», угыл, уғлан «ұл/ұлан».
Шындығында, диалектінің говорлары бір-бірінен едәуір ерекшеленеді. Батыс немесе мишар диалектісіне «ч» (темник, лямбир, хвалы, мелеке, мордва-қаратай және орынбор), «ц» (сергач, дрожжан, байкыбаш) және аралас (чистопольский) говорлары жатады. Оларға дауыстылардың ерін үндестігінің болмауы, й дыбысының түсіп қалуы (рефлекторлы палатализациямен) (ү < үй «үй», қари < қайры «қабық / кора», сал 'а < сайла- «сайла», бäлä < байла- «байла / токы»; қ, г, хъ > к, г, х алмасулары (сәйкестіктері); есімшенің -дачы түлғасы (килен булдачы «келін болған/болатын», кода болдач «құда болатын/болушы»). Шығыс немесе сібір диалекті говорлардың үш аумақтық (территориялық) тобын қамтиды, оларды кейде диалектілер деп атайды, тіпті кейбір зерттеушілер жекелеген тілдер қатарына да жатқызады: тобол-ертіс тобы (түмен, тобол, заболотный, тевриз, тар говорлары), барабин тобы (тілі), томск тобы (қалмақ жэне еуштин-чат говорлары).
Типтік белгілері: сөз басындағы б, д, дж, з, ғ, г дыбыстарының қатаңдануы (посау «бұзау», чан «жан», түкел «түгіл/түгілі», қосқын «кұзғын», сескä «сізге»); сөз басында «й» дыбысының қолданылуы (йыр «жыр»); хъ > қ алмасуы (кақ «құқық», қат «хат», қäреп «әріп/қаріп»); осы шақ аффиксінің қатаң дауыссызбен келетін нұсқасы: алаты «ол алады»;
Морфологиясында - өткен шақтың -п және -ган түлғаларының параллель жұмсалуы; инфинитивтің -ғалы, -гäле, -қалы, -кäле тұлғалары (парғалы «бару үшін/барғалы»); тобол-ертіс говорында -п аффиксінің спирантизациясы: цы:гф «шығып/шыға», ки:тф «кетіп/кете бара».
Достарыңызбен бөлісу: |