Оқу қиындықтары бар балалар, олармен жұмыс Орындаған: Бекенова А



бет2/3
Дата05.05.2023
өлшемі115,48 Kb.
#90501
1   2   3
Байланысты:
Айана 205 ИББ СӨЖ

Ғалымдардың пікірінше:


Л.С. Выготский зерттеулеріне сүйенсек:

Ерекше білімді қажет ететін баланың кешенді даму үдерісі жеке жұмыстардың нәтижесінде үлкен тәуекелдер мен жетістіктердің кепілі бола алатынын аңғарамыз. Себебі, топтық сабақтар мен өзге дидактикалық әдістер кезінде баланың жалпы даму жағдайындағы дағдылары дамыса, ал жеке сабақтар мен әдістер кезінде баланың толықтыру немесе алдын – алу мақсатын қамтитын үдерістер іске асады.

Ресей зерттеушісі Е.Г.Самарцеваның пікірінше

Педагогтың инклюзивті білім беруге кәсіби даярлығы – инклюзивті білім беруді нәтижелі жүзеге асырудың іргелі шарты, инклюзивті білім беруді іске асыруға бейімділігі мен қажеттілігі белсенді түрде болатын ұстанымдарымен сипатталатын, инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын арнайы білімдер, іскерліктер мен дағдылар ретінде көрінетін динамикалық, интегративті, кәсіби-тұлғалық білім.

Көру қызметінде қиындықтары балалармен жұмыс:

Көру қабілеті бұзылған бала жалпы білім беретін мектепте оқытылса, сол сыныпқа сабақ беретін педагог баланың қабілетін жіті тексеріп және денсаулығына байланысты қойылған диагнозына қарай оқытуы тиіс. Бұл баланың көзі көрмейді, не нашар көреді деп ысырып тастауға мүлдем болмайды. Бұл топтағы балалардың диагноздары, көзінің көру мөлшерлері, қабылдауы, ойлау ерекшеліктері, зейіні, есте сақтау қабілеттері әр түрлі деңгейде болып келеді.

Көру қабілеті бұзылған балалар үш топқа бөлінеді.


1-топ мүлдем көрмейтін балалар;
2-топ көру деңгейі төмен балалар;
3-топ көру деңгейі функционалдық бұзылған балалар.

Көрмейтін балаларға білім беру процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар:


1.

көрмейтін балалардың жұмыс қарқыны баяу болғандықтан тапсырмаларды орындауға көбірек уақыт беру қажет.

2.

бала сипап сезу немесе естіп сипап сезу арқылы үйренеді, сондықтан оған заттарды ұстап көру мүмкіндігі берілу керек.

3.

көру бейнелерінің кедейлігі мен сызбалығының орнын толтыратын түсіндірмелер санына назар аудару ұсынылады. Бұл жағдайда түсіндірмелер, сипаттамалар, нұсқаулардың нақтылығына ерекше көңіл бөлу керек.

4.

заттарды/суреттерді көрсетуді сөздік нұсқаумен немесе сипаттамамен бірге жүргізу керек.

5.

затпен және объектімен таныстыруда сабақтың қарқынын төмендету керек. Себебі, көрмейтін балаларға тапсырманы қабылдауға, есте сақтауға, түсінуге ұзағырақ уақыт керек.

6.

сипап сезуге байланысты материалды ұсынғанда көруге берілген тапсырмамен салыстырғанда орындау уақыты 2-3 есе артатыные ескеру керек.

7.

сабақ барысында әкөру қабілеті бұзылған бала кім сөйлеп жатқанын түсіну үшін әрбір оқушыны атымен атаған жөн.

8.

мұғалім балаларға түсіндірген тақырыптарды көрмейтін бала қайта тыңдау үшін магнитофон/диктофонға жазып алу ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет