Оқу жылы Аң стиліндегі бұйымдар — Үйғарақ пен Түгіскеннің жерлеу мүліктерінің ішінде бейнелеу өнерінің көз тартар үлгілері де кездеседі



Дата10.03.2023
өлшемі0,63 Mb.
#72985
Байланысты:
ут слайд


Оқытушы:Ибраимова Ж.К
Орындаған: КРО 1-курс студенті
Жолдыбай Гүлназ
Тақырып: «Аң стилі»
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДОГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ.
АКАДЕМИК С.ҚИРАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫ ФИЛОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ
2023-2024 оқу жылы
Аң стиліндегі бұйымдар — Үйғарақ пен Түгіскеннің жерлеу мүліктерінің ішінде бейнелеу өнерінің көз тартар үлгілері де кездеседі..
Бұлар - ер-тұрмандағы, алтын қаптырмналардағы, алтын шеттіктердегі хайуадардың бейнелері. Хайуанаттар бейнелерінің арасында бұғы, киік, жылкы, таутеке, қабан, арыстан, барыс не қабылан, жыртқыш құс, түйе бар. Бұл заттардың жасалу әдістері мен стилі Арал өңірі сақтарының мәдениетін скифтік-сібірлік өнер дүниесіне енгізеді.
Б. з. б. V ғасырдағы қорғандардан табылған алтын астарлардағы бейнелер Оралдың және Оңтүстік Орал өңірінің саврамат дүниесінің өнеріне жақын. 53-обадан табылған қынның алтын қалақша-астарында бірінін артында бірі «жер бауырлап» жатқан ғажайып екі аң бейнеленген. Түгіскен мен ¥йғарақтың оба- ларынан табылған барлық өнер заттары Арал өңірі ауданын скифтік- сібірлік аң стилі ареалына әкеліп қосады
Жолдыбай Гүлназ
Б.з.б VIII ғасырдан бастап Еуразия далалы аймақтар өңірінде аңдарды бейнелеу - аңдық стиль пайда болды. Оның негізгі тақырыбы - аңдарды және аңыздағы ғажайыптарды бейнелеу. "Аң стилі" өнері сәндік сипатта қолданылды. Әр түрлі бейнелермен қола қазандар, құрбандық заттары, қару -жарақтар, ат әбзелдері мен киімдер әшекейленді.
VII-VIII ғасырларда қалыптасқан «аң стилі» сақ өнеріне тән туындылардың шоғырын қалыптастырды. Олар: жыртқыш аң, мүйізі шиыршықталған арқар, төрт тұяғымен тіреп тұратын тұяқты жануарлар, жыртқыш құс, гриф немесе құлағы ұзын грифон, мүйізі ағаш бұтақтар түріндегі бұғылар және мүйізі арқасына дейін жайылған қырынан жатқан тау ешкілер бейнелері еді.
1969-70 жылдары Есік қорғанынан тоналмай табылған сақ ханзадасының
қабірінен төрт мыңнан астам алтын тоғалар мен жапсырмалардың басым көпшілігі аңдық стильде жасалғандығын ғалымдар мен археологтар өз еңбектерінде көрсетіп жүр.
Мәселен, бас киімдегі қос жебе түріндегі әшекей, геометриялық пішіндегі тіліктер, тік қарғыған аттың жарты бөлігі түріндегі тіліктер, тау шыңдары бейнесіндегі тіліктер, арыстанның бет-әлпеті түріндегі қапсырма, таутеке мүйізді қанатты аттардың мүсіндері, тау шыңындағы барыс түріндегі қапсырмалар, таутеке бейнелі әшекейлер, барыс бейнесіндегі қапсырмалар, құстың кіші қанаты түріндегі тіліктер, тік тақтайшалар арасындағы жолбарыстың басы түріндегі қапсырмаларды айта кеткен жөн.
Жалпы сақ ата-бабаларымыздан жеткен аңдық стильдерді қазіргі таңда қазақ халқының қолөнер шеберлері күнделікті тұрмыстық бұйымдарға, сән әлемінде ұтымды әрі жаңаша бағытта қолданып жүр. Дегенмен, сонау сақ кезеңінен бастау алған композициялық туындылар өз кезегінде заманауи үйлесімділікке ие болып жандана түсуде. Демек, өрнектердің композициялық орналасуындағы тұрақтылық пен жүйелік әдістер адамзат пен әлем арасындағы тылсым күштің, рухтың жақындығын, тәңірге табынушылықтан туындаған дүниетанымдық көзқарастарды көрсететін керемет дүниелер сонау сақ заманынан жеткен аңдық стильдің бір тармақшалары болып табылады.
Бізге жеткен мәліметтерге қарасақ, ою-өрнектің мазмұндық ерекшеліктері символы, дүниені тану, салт-дәстүр, наным-сенімнен туындаса, ал сондағы бояу түсінің идеялық мазмұны, эмоциялық әсері адамның ішкі жан дүниесін көрсетсе керек. Сондай-ақ ат әбзелдеріндегі ерекше қолөнер туындылары сақ кезеңінен бастау алған жылқыға деген ерекше құрмет пен пір тұту, серік ету сияқты дүниетанымдық көзқарастардан басталған. Мәселен, ердің қасына салынған аңдық және геометриялық ою-өрнектер салу, өсіп-өну, құт береке, байлық нышандарымен тығыз байланысты екендігі белгілі.
Қорыта келе, сақ дәуірінен бастау алған «аңдық стиль» қазіргі таңда жалғасын тауып ата-бабаларымыздан жеткен өнер туындылары жанадана түсуде, бұл дегеніміз өнердің ешқашан өшпейтінін, заман талабына сай көркейіп, дамып, жетіле түсетіндігін көрсетеді. Демек, сақ өнерінің жауһарлары қаншама уақыт өтсе де, өз миссиясын жоғалпағандығын меңзейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет