Оқу жылы бойынша атқарылған әдістемелік жұмыстардың жылдық есебі №96 жалпы орта мектебіндегі әдістемелік жұмыстың тақырыбы: «Оқу- тәрбие үдерісіне жаңа технологияны енгізу арқылы мұғалім мен оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру»
2022-2023 оқу жылы бойынша атқарылған әдістемелік жұмыстардың жылдық есебі №96 жалпы орта мектебіндегі әдістемелік жұмыстың тақырыбы: «Оқу- тәрбие үдерісіне жаңа технологияны енгізу арқылы мұғалім мен оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру».
Мақсаты: Нәтижелі білім бере отырып, педагог мамандардың кәсіби құзыреттелігін ұйымдастыру, оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру.
Міндеті: - Пәндердің оқытылуына қадағалау жасау;
- Педагогикалық қызметке аналитакалық талдау жасау, диагностикалық болжау, мониторинг жүргізу;
- Алдынғы қатарлы озық тәжірибелерді жинақтау, насихаттау, тарату;
- Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету;
- Дарынды балаларды олимпиадаларға, ғылыми жобалар байқауына дайындаудың тиімді жолдарын қолдануға бағыттау.
- Оқыту үдерісінде нәтижелі білім беру арқылы оқушылардың функционалды сауаттылығын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже: - Үздік білім ресурстары мен технологияларды қолдану арқылы оқыту сапасы арттыру арқылы оқушылардың функционалды сауаттылығы арттырылады, мектептегі озық тәжірибелер жинақталып таратылады.
Мектептегі оқыту әрекеттері оқу – тәрбие жұмысы мен әдістемелік жұмыс арқылы жүзеге асырылады. Мектептің барлық жұмыс жүйесін тұтастай байланыстыратын мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін арттырудың басты құралы әдістемелік жұмыс болып табылады. Мектептің әдістемелік жұмысының рөлі қазіргі заман жағдайында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдістемелерін, тәсілдері мен түрлерін тиімді қолдануға байланысты артып отыр.
І. Bilimland кз. бойынша жұмыстар
Жиынтық бағалау жұмыстары төмендегі тәртіппен жүргізіледі: Білім алушының тоқсандық бағасы бөлім бойынша жиынтық бағалау мен тоқсандық жиынтық бағалаудың 50 де 50 үлесінен қорытылып шығарылады, яғни екеуінің үлесі тең. Bilimland кз. электронды журналында жалпы оқушылар саны: 882, оқу озаты – 110, екпінділер – 262, бір пән бойынша «4» алған оқушылар саны – 39, бір пән бойынша «3» алған оқушылар саны – 76 оқушыны құрап отыр. Жалпы мектептің 4 тоқсандағы қорытындысы бойынша орта балл – 3,9 жалпы білім сапасы – 42% пайызды құрады.