Оқу жылы қыркүйек айында өткізілген ата- аналар жиналысының хаттамасы №1 10 "А" сынып



бет2/5
Дата14.02.2023
өлшемі34,88 Kb.
#67724
1   2   3   4   5
Байланысты:
ата ана хаттама

10 "А" сынып

30.10.2022ж


Қатысқандар саны: 15
Күн тәртібінде қаралған мәселе:
1. І тоқсан қорытындысы. Рыстеева Н
2. Сыныптағы оқушылардың үлгерімі, үздік және екпінді оқушыларды атап өту.
3. Әртүрлі мәселелер.
Тыңдалды:
Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша сынып жетекшісі Рыстеева Назира ата - аналарға І - тоқсанның қорытындысын айтып өтті. І - тоқсанды 9 қыз бала және 6 ұл бала барлығы 15 оқушымен аяқтады.Сыныпта 3 үздік.6 екпінді,6 оқушы қанағаттаннарлық деп танылды. Сынып 65 %білім сапасын көрсетті.Алдағы уақытта да оқушылардың білімін жіті қадағалау керектігін айтты. Каллиграфиясы төмен, оқу шапшаңдығы төмен оқушылар Есім Абылай ,Хилыбай Нұрсұлтан,Төлешов Асылбек,Тахархан Айбанудың ата - аналарына балаларын сабақтан тыс уақытта сабақтарын қадағалау тапсырылды.

Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша сынып жетекшісі: Рыстеева Назира ата - аналарға оқушылардың үлгерімі туралы айтты.
Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша ата - аналарға оқу бағдарламасы, оқулықтар, кітап, дәптермен жұмыс жүргізілуі туралы айтылды. Оқулықтарды таза ұстау, қаптап, күнделіктерін толтырып жүру тапсырылды.
Шешім:
1. І - тоқсан қорытындысы «қанағаттанарлық» деп табылсын.
2. І - тоқсан қорытындысы бойынша Есім Абылай ,Хилыбай Нұрсұлтан,төлншов Асылбек,Тахархан айбанудың ата - аналарына балаларын ата - аналарына үйдегі уақытта балаларының сабақтарын қадағалау жүктелсін.
3. Оқушылардың мектептегі оқу үлгерімін, тәртібін қадағалау сынып жетекшісіне жүктелсін.

Сынып жетекші:Рыстеева Н


Хатшы: Тулепбергенова Рахат

2022-2023 оқу жылы қыркүйек айында өткізілген ата- аналар
жиналысының хаттамасы№3
10 "А" сынып

30.12.2022ж


Қатысқандар саны :13
Қатыспағандары :2
Күн тәртібінде:
1. 2- тоқсан қорытындысы:
2. Жанұя – тәрбие көзі.
3. Білім мен тәрбие – егіз ұғым.
Бірінші мәселе бойынша сынып жетекші сөз алды.Екінші тоқсан қорытындысен таныстырды.2-тоқсанды 15 оқушы бастады,15 оқушымен аяқтадық,сыныпта 1 үзді к оқушы ,9 екпінді,5 қанағаттанарлық оқушылар отырғанын айтты.Бірінші тоқсан барысында 3 үздік болса ,осы тоқсанда Серік Зере,Дюсенбек Данира 1,2 сабақтардан 4-ке шыққанын ата анасына ескерді.Екінші тоқсан бойынша сынып 68%білім сапасын көрсеттік.
Бала – біздің болашағымыз. Баланың рухани дүниесінің таза да жан - жақты болуы үшін мектеп мұғалімдерінің ғана емес, жанұяның белсенді көмегі қажет. Баланы тәрбиелеуге ата - ана жеткілікті мән берсе, бұл істің нәтижесіз болары күмәнсіз. Бала – ата - анасының өмірінің жалғасы. Ата - ана баласының әдепті, білімді, өнерлі болып өсуіне күш салуы тиіс. Баланың кемшілігі болса кісіден көрмеуі керек. Ұлы Абай былай дейді: “Балаға мінез үш адамнан жұғады, біріншіден – ата - анасынан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі – құрбы - достарынан”. Ата - аналар балаларын мәдениетті, кішіпейіл, адал азамат етіп өсіргілері келсе, ең алдымен өздері осындай болуы керек. Көпшілік жағдайда балалардың бойында теріс қылықтардың пайда болу себебін жанұядағы үлкендер өздерінің жеке басынан іздемейтіні өкінішті - ақ. Макаренко ата - аналарға арнаған бір сөзінде “Сіздің жеке мінез - құлқыңыз – жеткіншек тәрбиесіндегі шешуші құрал”, - деген. Сіз қалай киінесіз, басқалармен қалай қарым - қатынас жасайсыз, қалай күлесіз, қалай қайғырасыз, міне, мұның барлығының бала үшін үлкен маңызы бар. Ата - ана, өз балаңыздың болашағына немқұрайды қарамаңыз. Мектеп пен мұғалімнің беделін түсіретін сөздер айтып, өз беделіңізді түсіріп алмаңыз. Балаңыздың құрбы - достары туралы да артық сөз айтудан сақ болыңыз. Әрбір ата - ана баласы үшін Отан алдында, мемлекет алдында жауапты екенін ұмытпағаны жөн..
2. Білім мен тәрбие – егіз ұғым демекші оқушыларым мектептегі кезткелген қоғамдық іс шараға белсене қатысады. Атап айтсақ тлеубергенова Айнур,Өмірбекқызы Арайлым ,Дюсенбек Данира,Серік Зере ,Қасымұлы Нұрасыл,Бекжан Иманғали ,Тоқтаубек Аяжан.
Шешім:
1. ІI - тоқсан қорытындысы «қанағаттанарлық» деп табылсын.
2. Жанұя – тәрбие көзі демекші балаға отбасында мейірім көбірек берілсін.
3. Оқушалар тәрбие жұмыстарына мейлінше көп қатыстырылсын.

Сынып жетекші:Рыстеева Н


Хатшы: Тулепбергенова Рахат





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет