Оқу жылы қыркүйек сәуір айларында «Жас Ұлан» ұйымының өткізген шаралары қорытындысы бойынша



бет1/2
Дата19.05.2023
өлшемі48,41 Kb.
#94983
  1   2
Байланысты:
анықтама Жас Ұлан, Мектеп Парламенті шара қорытынды


2022-2023 оқу жылы қыркүйек – сәуір айларында «Жас Ұлан» ұйымының өткізген шаралары қорытындысы бойынша
АНЫҚТАМА
2022 – жылыдың қыркүйек айынан бастап Ⅶ бағытта шаралар ұйымдастырылды. «Жас Ұлан» ұйымының мақсаты:
Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттылық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.
«Жас Ұлан» ұймының міндеттері:
- Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру;
- Балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру;
- Танымдық жұмыстарды ынталандыру;
- Балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау;
- Жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушлық қабілеттерін дамытуға бағыталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.
«Зерде» бағытында: «Дублер күні», ұстаздарды құттықтауға арналған «Сүйікті ұстазым» мерекелік шарасы, «Айтар алғысым шексіз» видеорепортаж, «Отбасы бақыт мекені» фотокөрмесі, «Ертең бүгіннен басталады» дебаттық ойындары, мектепшілік «Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасын сайлау сынды іс-шаралары өткізілді.
«Руханият» бағыты бойынша: «Алғыс айту парызым» іс-шарасы, «Бояулар құпиясы» мектепшілік байқауы, «Халықтар достастығы» фестивалі іс-шарасы,
«Отан» бағыты бойынша: «Менің Отаным Қазақстан» патриоттық әндер шеруі, «Бір шаңырақ астында» Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шарасы, «Ел үшін туған Ерлерім» Жеңіс күніне арналған іс-шаралары өткізілді.
«Салауат» бағыты бойынша: «Tartyl Fest» денсаулық күніне арналған эстафета, «Қозғалыс әлемі» «Жас Ұландық» флешмоб, 7-сәуір Дүние жүзілік денсаулық күніне арналған іс-шаралар оздырылды.
«Еңбек» бағыты бойынша: «Күлімде, Ана» Халықаралық әйелдер күніне арналған фотобайқауы, «Ана өмірдің гүлі» мерекелік іс-шарасы, «Сәлем, Құстар» акцияс бойынша жұмыстар атұарылды.
«Жеті жарғы» бағыты бойынша: «Тәуелсіз елдің ұландары»-«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау рәсімі, «Жас Ұлан» ұйымының отырыстары, «Құқық марафоны» акциясы барысында шаралар өткізілді.
«Экоәлем» бағыты бойынша: «Ресурстарды жина да тапсыр» акциясы бойынша жұмыстар, «Қош келдің, Жаңа Жыл!» мерекелік шарасы өткізілді.

Ұсынба: Оқушыларды білімге, оқуға шақыратын интеллектуалдық ойындарды жиі ұйымдастыру. Іс-шараға қызығушылық арттыру мақсатында, дайындық форматтарын жетілдіру. Оқушылармен жиі жұмыстану. Оларды қоғамдық шараларға тарту, қызықтыру.

2022-2023 оқу жылы қыркүйек – сәуір айларында «Мектеп Парламенті Өзін-өзі басқару» ұйымының өткізген шаралары қорытындысы бойынша


Анықтама
Мектебімізде «Мектеп Парламенті Өзін-өзі басқару» ұйымы 8 фракция бойынша жұмыс атқаруда. Әр фракция жетекшілері мен белсенділері бектілді. Олар өз фракциясына сәйкес жобалармен іс-шаралар ұйымдастырды. Соның ішінде:
«Құқық фракциясы»-«Мектеп Парламенті» ұйымының оқу жылына жұмыс жоспарын бекітіп, ұйымының президентін сайлау. ҚР «Білім туралы», «Мемлекеттік Жастар саясаты туралы» Заңдарын, ҚР өзге де нормативтік-құқықтық актілері мен мектепішілік Ережемен таныстыру, «Мен және менің құқықтарым». Құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесу сынды жұмыстарды жүргізді.
«Ақпарат фракциясы»- «Дублер» күні», Парламент отырысын өткізу, «Ашық алаң» форматында белгілі тұлғалармен кездесу, Парламент отырысын өткізілді.
«Спорт және СӨС фракциясы»- Медицина маманымен кездесу ұйымдастыру, «Спорт- денсаулық кепілі» Спорттық іс-шаралар, «Таза мектеп – таза сынып» сыныпты тексеру жұмысы жүргізілді.
«Бақыт фракциясы»- «Мейірім толы жүрек» сурет байқауы, Тәуелсіздіктің 31 жылдығына орай «Тауелсіз ел жастары» мектеп белсенділерін марапаттау шаралары оздырылды.
«Дебат қозғалысы фракциясы»- «БП «Жастардың бойында патриотизмді арнайы тәрбиелеу қажет» деп есептейді» Дебат өткізілді. «Қазақстанның жастары қаншалықты патриот?» шығарма, «Білім артық па, байлық артық па?» блог.
«Мәдеиет және өнер фракциясы»- «Алгыс айту- көркем мінез белгісі» іс-шарасы, «Берекелі Алтын күз», «BALA DAUYSY» байқауы, «Менің Отаным Қазақстан» патриоттық шаралары өткізілді.
«Экология және еңбек фракциясы»- «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» қолөнер көрмесі, «Ресурстарды жина да, тапсыр» акциясы жүргізілді.
Сонымен қатар, оқушылар аудандық іс-шарлар мен байқауларға қатысып, жүлделі орындар иеленді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет