26) Трансляция процесінің бұзылуының медицинадағы маңызы. Триптофан – узақ уақыт тамақ рационында болмауы салдарынан жас балаларда плазмалық белоктардың төмендеуімен сипатталады.
Лизин – адамдарда жүрек айну, бас айналу, бас ауруы және шуға сезімталдылығының жоғарылауы байқалады;
Аргинин – сперматогенездің зақымдалуына алып келеді;
Валин – өсудің тоқтап қалуы, салмақтың жоғалуы, кератоздың (тері ауруы) дамуына алып келеді.
Қант диабеті –трансляцияның инициация үдерісінің бұзылысынан, рибосомада синтезделетін белоктың синтезі төмендеуінен пайда болады.
Талассемия (адамдағы туқым қуалайтын анемияның кей бір түрлері) - β–мРНҚ трансляция үдерісінің бұзылысы немесе трансляциядағы белоктық факторлардың жетіспеушілігінен туындайды.
Дифтерия –жіті инфекциялық ауру болып, жоғары тыныс алу жолдары шырышты қабаты, жүрек қантамыр және жүйке жүйесінің бұзылысымен сипатталады. Лефлера таяқшасы қауіпті токсин болып, ұлпаларға түсу барысында белок биосинтезінің бұзылысын туындатады. мРНҚ-ның рибосомаға бекінуі жүреді.