23) Рибосомалар, құрылысы, қызметі.Рибосома-күрделі нуклеопротеидтік кешен. Ол рибосомалық РНҚ-лардың негізгі үш тізбегінен және арнайы рибосомалық белоктардан құралған қосылыс.Рибосомалар екі суббірліктерден тұрады (үлкен және кіші) прокариоттарда 30S және 50 S, ал эукариоттарда 40S және 60S. Кіші суббірлігінде а-РНҚ байланысатын М-орталығы, П-пептидильді және А-аминқышқылдық орталықтары бар. Үлкен суббірліктің кіші суббірлікпен байланыс жасайтын бетінде П- және А орталықтары, сонымен қатар ПТФ-пептидилтрансферазалық орталығы болады.