23. Антионкогендер, олардың ісікке қарсы қорғаныш механизмдері.Жасушаның ісіктік трансформациясында онкогендерден басқа да гендер қатысады.Геномда ағзаны және оның жасушаларын канцерогендік факторлар әсерінен, сонымен қатар олардың ісіктік трансформациясынан қорғайтын гендер де бар. Оларды ісіктің супрессорлық гендері немесе антионкогендер деп атайды. Ісіктің супрессорлық гендері қалыпты жағдайда, онтогенездің белгілі кезеңдерінде жасушаның пролиферациясын бастырмалайды, яғни протоонкогендердің экспрессиясын реттейді.Супрессор гендердің мутациялары құрылымы мен қызметі бұзылған ақуыздардың синтезделуіне және түрлі мүшелер мен жүйелердегі ісіктік трансформацияның басталуына әкеледі.p53 және Rb антионкогендері жақсы зерттелген.Ретинобластомада Rb генінің қызметінің тоқтауы байқалады. 60% жағдайда ретинобластома спорадикалды түрде дамиды, ал 40% жағдайда аутосомды-доминантты түрде тұқым қуалап беріледі. Rb генінің тұқым қуалайтын ақаулығы жағдайында, екінші аллелі қалыпты, сондықтан ісіктің дамуы тек екінші (қалыпты) аллелде қосымша мутация болған жағдайда жүруі мүмкін. Спонтанды түрде дамитын ретинобластомада Rb геннінің қызметінің тоқтауы екі алеллді де бірдей қамтиды