Оқу жылы Сыныпта-16 оқушы Қазақ тілі. Пәнді оқыту мақсаты: т



Pdf көрінісі
Дата08.01.2017
өлшемі141,12 Kb.
#1429

Жыл бойынша 3 «А» сынып оқушыларының 

Білім-білік дағдыларының талдауы 

2014-2015 оқу жылы 

Сыныпта-16 оқушы 

Қазақ тілі. 

Пәнді  оқыту  мақсаты:  тіл  туралы  оқушыларда  тұтас  ғылыми  ұғым 

қалыптастыру,  тіл  ғылымы  туралы  негізгі  ережелерді  меңгерту;  алғашқы 

тілдік  мағлұматтарды  меңгерту,  сауаттыжазу,  оқу  дағдыларын  жетілдіру, 

интеллектісімен  шығармашылық  қабілеттерін,  қатысымдық  құзыреттілігін 

дамыту,  жеке  тұлғаның  қалыптасуымен  дамуына  мүмкіндік  жасау;  ауызша 

және жазбаша сөйлеудің коммуникативтік білігі мен дағдысын игерген тілдік 

тұлға қалыптастыру. Тілдік материалдар негізінде қажетті тілдік білім, білік, 

дағдыларды  (өз  ана  тілінде  дұрыс,  түсініп,  мәнерлеп  оқу  және  сауатты, 

көркем  жазу)  қалыптастыру  және  дамыту  ауызекі  және  жазба  тілде  қарым-

қатынас  жасаудағдыларын  жетілдіру.Алғашқы  тілдік  құбылыстарды 

танымдық  нысан  ретінде  меңгерту,  оларды  талдау,  салыстыру,  топтау  және 

ажырату  дағдыларын  қалыптастыру.Оқушының  өзіндік  іс-әрекеті  арқылы 

оның  белсенді,  креативтік,  сыни  ойлауын  жетілдіру.Оқушылар  барлық 

талаптарға сай тапсырмаларды орындайды.  

Жыл бойы жоспарланғаны диктант – 12, мазмұндама – 4, шығарма – 4. 

Барлығы жоспар бойынша өткізілді.Шығарма жазу кезінде өлең,мақал-мәтел, 

нақыл  сөздерді  пайдалануға  көп  көңіл  бөлінді.    3-сынып  бағдарламасы 

бойынша  берілген  грамматикалық  тақырыптар  күрделі  әрі  маңызды 

тақырыптардың  бірі  болғандықтан,  сабақтар  көбінесе  дәстүрлі  емеғс 

әдістермен 

өткізілді. 

Сонымен 


қатар 

білімдерін 

тексеру 

және 


қызығушылықтарын арттыру мақсатында ашық сабақтар және сыныптан тыс 

іс  шаралар  («Өнер  алды-қызыл  тіл»,  «Кім  тапқыр?»,  «Туған  өлкеге 

саяхат»т.б),  ата-аналардың  қатысуымен  «Жүзден  жүйрік»  интелектуалды 

марафоны өткізілді. Жыл бойынша өтілген сабақ саны-136 



 

Математика 

Пәнді оқыту мақсаты – ұлттық және жалпыазаматтық құндылықтар негізінде 

тұлғаның  интеллектуалды  дамуының  қажетті  деңгейін  қамтамасыз  етуге 

бағытталған математиканың базистік негізін сапалы игеруді қамтамасыз ету; 

көрнекі-бейнелі, логикалық және абстрактты ойлауды қалыптастыру, негізгі 

орта  білім  деңгейінде  алгебра  мен  геометрияны  игеруге  практикалық  негіз 

жасау.Тұлғаның  зейін, қабылдау, есте сақтау, ойлау, ауызша және жазбаша, 

сонымен  қатар  математика  тілінде  сөйлеу,  психомоторика  тәрізді 

функциональдық  қасиеттерін  дамыту;  көрнекі-бейнелі  және  логикалық 

ойлауын  дамыту.Бастауыш  сынып  оқушыларының  оқу-танымдық  қызметін 

(жоспарлау, жоспар бойынша әртүрлі іс-әрекеттер жасау, оның ішінде ойлау 

қызметін (талдау, зерттеу, жалпылау, модельдеу және т.б.), өзін-өзі бақылау 

және  өзін-өзі  бағалауды  жүргізу  біліктігін  қалыптастыру.Оқытуды  білімнің 

келесі деңгейлерінде жалғастыру үшін оқушыға қажетті математикалық білім 

мен білікті, есептеу, өлшеу және графиктік дағдыны қалыптастыру; алгебра 

мен 


геометрияны 

игеруге 


алдын-ала 

мақсатты 

дайындықты 

жүргізу.«Біртаңбалы  сандарды  көбейту  және  бөлудің  сәйкес  жағдайлары», 

«1000-ға  дейінгі  жазбаша  қосу  мен  азайту»,  «Шамалар  арасындағы 

тәуелділік»,  «100-ге  дейінгі  көбейту  мен  бөлудің  жазбаша  тәсілдері», 



«Шамалардың  бірліктері:  ұзындық,  масса,  аудан,  көлем»,  «1000-ға  дейінгі 

көбейту  мен  бөлудің  жазбаша  тәсілдері»  тақырыптары  меңгертіледі.  

3-сынып  оқушылары  көбейту  мен  бөлу  кестесін  жатқа  білулері  қажет. 

Оқушылардың  математика  пәнінен  білім-біліктері  талаптарға  сай.есептерді 

жақсы көреді.  

 Тақырыптар  өте  күрделі  болғандықтан  сабақтарды  аса  қызықты  етіп 

дайындауға  тырыстым.  Сабақта  әсіресе  жаңа  тақырып  өту  кезінде 

интерактивті  тақтада  арнайы  демонстрациялық  материалдарды  пайдаланып 

өткіздім.  Сонымен  қатар  сыныптың  13  оқушысы  «Кегуру-математика» 

республикалық марафонына қатысты. 

         Жыл  бойы  жоспарланған  тексеру  жұмыстары  –  өздік  жұмысы  –  10, 

бақылау жұмысы-10.  Жыл бойынша -170 сағат толық орындалды. 

 

Әдебиет  

Пәннің  мақсаты  –  дұрыс,  мәнерлеп  және  шапшаң  оқуды  меңгерту, 

оқушыны  шығарма  авторының  көзқарасын  түсінуге  жетелеу  және  мәтінді 

қабылдаушы  оқырман  ретінде  тәрбиелеу,  көркем-шығармашылық  және 

танымдық  қабілеттерін  дамыту,  сөз  өнеріне  деген  қызығушылығы  мен 

эстетикалық  талғамын  қалыптастыру,  сөйлеу  әрекетінің  барлық  түрін 

жетілдіру,  ұлттық  және  жалпыадамзаттық  құндылық  пен  рухани-

адамгершілік  тәрбие  беру.оқу  сапасын  (дұрыс,  түсініп,  шапшаң,  мәнерлеп) 

жетілдіру;ауыз  әдебиетінің  жанрларымен,  отандық  және  әлемдік  балалар 

әдебиетінің  озық  үлгілерімен  таныстыру;  Ақын-жазушылардың  балаларға 

арналған  шығармаларының  басты  тақырыбын,  басты  кейіпкерлерін  және 

негізгі  мазмұнын  айқындау;  Талданып  отырған  мәтіннің  жанрлық  сипатын 

анықтау;Әдеби-теориялық білім негіздерін қалыптастыру;Адамгершілік және 

эстетикалық  құндылықтар  жүйесі  негіздерін  қалыптастыру.Оқылған 

шығарма  сюжеті  ізімен  немесе  еркін  тақырыпта  әртүрлі  әдеби 

шығармашылық  жұмыс  түрлерін  (өлең,  әңгіме  құрастыру,  мәтінді  сахналау, 

мәтін бойынша сурет салу, мақала жазу, шағын үзіндіге сценарий жазу т.б.) 

орындауға машықтандыру. Оқушылар қосымша кітаптарды үйде оқымайды. 

Тілдері шорқақ.Кейбір оқушылар мазмұнын толық жеткізе алмайды.Өйткені 

тіл байлығы,сөздік қоры аз. Нормадан жоғары оқитын -9 оқушы,нормаға сай-

7 оқушы.Тоқсанда жалпы-136 сағат өтті. 



Дүниетану  пәнінің  мақсаты – қоршаған әлем тұтастығы туралы білім 

мен  адамзаттың  табиғатпен  қарым-қатынас  жүйесі  негізінде  жалпы  адами 

құндылықтарды 

қалыптастыру.Туған 

жерінің 

табиғатына 

деген 

сүйіспеншілігін  қалыптастыру.Оқушыға  қоршаған  ортаның  әр  алуандығын, 



тұтастығын,  құндылығын,  ондағы  өзінің  орнын  сезінуге  мүмкіндік 

беру.Күнделікті  өмірде,  зертханалық  жұмыстарды  орындау  мен  табиғатқа 

саяхат  кезінде  қауіпсіздік  ережелерді  сақтауға  дағдыландыру.«Адам  – 

табиғат»  жүйесіндегі  өзара  қарым-қатынас  жағдайын  ұғындыру.Танымдық 

қызығушылығын,  интеллектуалдық  және  шығармашылық  қабілеттерін 


дамыту. Қоршаған ортаны сақтау мен қорғауға тәрбиелеу. Картадан өз Отаны 

мен  туған  жерінің  өзен-көлдерін,  тауы  мен  пайдалы  қазбаларды  көрсетуге 

үйрету.Тірі және өлі табиғат нысандарын ажырату білігін дамыту.Танымдық 

қызығушылығын  қанағаттандыру  үшін алған  білімдерін  қолдана білу,  туған 

жердің  табиғи  байлықтары,  өсімдіктері  мен  жануарлары.  Дүниетану  пәніне 

де көп көңіл бөлудеміз.Дүниетану пәнінде де тапсырмаларды өздігінен еркін 

орындайды.  Мазмұнын  шамаларына    айтып  береді.  Оқушылардың 

қызығушылығын  арттыру  мақсатында  топсаяхаттарға  шығып,  құстарға  ұя, 

жемшашар  ілдік,  бақылау  (өсімдіктерді,  ауа-райын,  балықтарды  т.б) 

жасадық. 



Сынып жетекшісі: Калкамбекова А.А. 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет