«Дене шынықтыру» білім беру саласы «Дене шынықтыру» пәнін қамтиды.
Дене шынықтыру
Бағдарламаның мақсаты оқушыларды дене шынықтыру негіздерімен, таныстыру, атап айтқанда, спорттық-арнайы қозғалыс дағдылары мен физикалық қабілеттер алуымен қатар, олардың физикалық денсаулығын дамытуға ықпал ету болып табылады.
Дене шынықтыру мұғалімі денсаулығына байланысты арнайы медициналық топқа жатқызылған оқушылармен сабақ ұйымдастыру үшін дене жаттығуларының өсіп келе жатқан организмге тигізетін ықпалы мәселелері бойынша жеткілікті дайындығы болуы тиіс. Дене шынықтыру мұғалімдері оқушы организмінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне (жетілуіне) сәйкес өздерінің педагогикалық тәсілдерін бақылауы және өзгертуі тиіс.
Оқушылар сырқатының ауырлығына және сипатына байланысты арнайы медициналық топқа жатқызылған оқушыларды қозғалыс жаттығуларын тағайындауда анағұрлым сараланған тәсілдеме қолдану мақсатында А және Б топшаларына бөлу ұсынылады:
А топшасы – денсаулық жағдайында қайтымды сипаттағы ауытқуы бар, түрлі сырқаттармен әлсіреген оқушылар;
Б топшасы – ағзалары мен жүйелерінің қызметінде ауыр, қайтымсыз өзгерістер бар оқушылар (жүрек-тамыр, зәр шығару жүйелерінің, бауырдың органикалық зақымданулары; көз түбінің өзгеруімен жоғарғы деңгейдегі көз кемшілігін түзетуінің бұзылуы).
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 3 сағат, оқу жылында 99 сағатты құрайды.
3.2 Қолданыстағы білім мазмұны бойынша 2-4-сыныптарда пәндерді
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы
оқыту ерекшеліктері
Біздің республикамызда 2016-2017 оқу жылында 1-сынып оқушылары жаңартылған білім мазмұнына көшеді.
2-4 сынып оқушылары қолданыстағы ББ МЖМС-2012 мазмұны бойынша оқуды жалғастырады.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің негізгі міндеті оқу, шығармашылық, көркемдік, еңбек, спорт қызметінде дербестікті қалыптастыру, алға қойған мақсаты бар, еңбексүйгіш, салауатты өмір сүруге ұмтылатын, өз жұмысын жоспарлай алатын және өздігінен білім ала алатын, негізгі мектепте оқуға (білім алуға) дайын оқушыны тәрбиелеу.
4-сынып оқушыларын оқытуда білім беру процесіне оқытудың белсенді түрлерін: дәлелдерді құру, жалпы сыныптық, топтық, жұптық жұмыстарды ұйымдастыру, диалог әдісі, бір сабақ аясында әртүрлі тапсырмаларды қолдануды енгізуге ерекше назар аудару қажет. Әсіресе оқу, жазу, математика мен жаратылыстану пәндерінен функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға ерекше назар аудару қажет, өйткені 4-сынып оқушылары бастауыш сыныпты аяқтаған соң, 5-сыныпта жаңартылған бағдарлама бойынша оқитын болады.
Ең маңызды міндеттердің бірі – оқушының сабақтағы жұмысы мұғалімнің жұмысынан басым болуы қажет. Бұл міндетті шешуде оқуға уәжі жоғары және оқуда қиындықтары бар балалар үшін сабаққа тапсырмаларды дайындауда оқытудың қосымша ресурстарын тарту, оқыту түрлерінің көптүрлілігі және бақылау мен өзіндік бақылау түрлері көмектеседі. Сын тұрғысынан ойлау стратегиясын қолдану әр оқушының жұмыс істеуіне мүмкіндік береді, осылайша оқытудың тиімділігін арттырады.
Үй тапсырмасы бастауыш сынып оқушыларына демалыс күндері және демалыс уақытына берілмейді.
Үй тапсырмасының көлемі сыныпта орындалған жұмыстың 30%-нан аспауы қажет. Күрделі қиындықтағы ерекше белгімен (*) белгіленген тапсырмалар үйге берілмейді . Әр пән бойынша үй тапсырмасы көлемі бойынша қатаң түрде реттелген және басқа пәндер бойынша тапсырмалармен үйлесуі қажет.
Барлық оқыту және бақылау жұмыстары түрлерін орындау үшін оқушыларда жеке дәптерлері болуы қажет (пән бойынша оқушылар дәптерлерінің саны 4-қосымшадан қараңыз).
Бастауыш білім беру мазмұны жеті білім беру саласын құрайды: «Тіл және әдебиет», «Математика», «Жаратылыстану», «Адам және қоғам», «Өнер», «Технология», «Дене шынықтыру».
Достарыңызбен бөлісу: |