Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы



бет88/127
Дата14.09.2023
өлшемі1,48 Mb.
#107059
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   127
Өзін-өзі тану

Адамның жеке тұлғалық әлеуетін мақсатты түрде және кеңінен ашуға бағытталған рухани-адамгершілік білім беру ұлттық білім беру жүйесін дамытудың басты бағыты болып отыр. Жеке тұлғаның психологиялық, рухани, тәндік, әлеуметтік және шығармашылық дамуының үйлесімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін рухани-адамгершілік тәрбие білім беру жүйесінде өзін-өзі тану пәні арқылы жүзеге асады.

Өзін-өзі танудың пәндік саласы әр оқушының ішкі жан- дүниесін байытуы және өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи қабілеттіліктері мен жасампаздық әлеуетін ашуға бағытталған мақсатты білім беру процесін ұйымдастыруды көздейді. Өзін-өзі тану пәнінің оқу-әдістемелік құралдары оқушылардың қоғамға және өз-өзіне қызмет етуіне бағытталып, олардың жасампаздық белсенділігін танытуға мүмкіндік беретін өмірлік маңызы бар, кең ауқымды біліктілік дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.

Өзін-өзі тану бойынша білім берудің негізгі мақсат-мүдделері:

адамның өзіндік бейімділіктерін ашу және оның темпераментін, мінез-құлқын, қабілеттерін ескере отырып, оны жеке тұлға ретінде, іс-әрекет субъектісі әрі жеке дара субъект ретінде дамыту;

оқушылардың өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген қарым-қатынасын айқындайтын адамгершілік мінез-құлықтарының, әлеуметтік маңызы бар бағдарларының негізін қалыптастыру;

қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шешуде жеке тұлға құндылықтарын, алған білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыру.


«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім берудің жалпы мақсаттары:

түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес сындарлы түрде

шешу;
өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;

адамдарға көмек көрсету, туыстарына және жақындарына мейірімді, қамқор болу;


өзімен-өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы

болу;
жасампаздық пен белсенділік, азаматтылық және елжандылық таныту;

өз ойын, сөзі мен ісін адамгершілік тұрғысынан таңдауға дайын болу және оған жауапты болу;
қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.

Өзін-өзі тану пәнінің құрамы мен құрылымы аталған міндеттерді орындауға бағытталып, 10-11-сыныптарға білім берудің базалық мазмұнын анықтайды.

Өзін-өзі тануды жеке міндетті пән ретінде оқыту оқу жоспарының инвариантты бөлімінде 10-11-сыныптарда аптасына 1 сағаттан, әрбір сыныпта бір жылға барлығы 34 сағаттық оқу жүктемесі көлемінде жүзеге асырылады.


177


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет