Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы



бет8/11
Дата11.12.2023
өлшемі406 Kb.
#136921
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Қазақ әдебиеті
«Қазақ әдебиеті» пәні оқушыларды халқымыздың бай ауыз әдебиеті үлгілері мен қазақ әдебиеті тарихының ежелгі дәуірінен бүгінгі күніне дейінгі кезеңдерін жүйелі оқытуды басшылыққа алады. Пәнді оқыту мақсатының өзі өскелең ұрпақты ұлттық сөз өнерімен жүйелі таныстыра отырып, әдеби үдерістің бағыт-бағдарына өздігінен шолу жасай алуға, көркем шығарманы талдап, бағалай білуге үйрету және сол арқылы олардың бойына адамгершілік, отансүйгіштік және эстетикалық қасиеттерді сіңіру ниетінен туындайды.
Пәнді оқытуда шәкірттерге білім мазмұнын игертумен қатар, оларға ұлттық тәлім-тәрбиеге негізделген мәдени құндылықтарды, әдет-ғұрып пен салт-дәстүрлерді таныту, оқушылардың тілдік қорын байыту, әдеби білімнің жүйелілігі, үздіксіздігі, сабақтастығы, білім мазмұнының тарихилық сипаты мен пәнаралық байланыс сияқты ұстанымдарды басшылыққа алу керек.
Сонымен қатар, пәнді оқытуда, білім мазмұнындағы қазақ әдебиетінің үздік шығармаларын, ұсынылып отырған шығармалардың ой қазығы, сюжеті, композициясы, жанрлық сипаты мен кейіпкерлерін, ондағы халықтық әдет-ғұрып пен салт-дәстүрлер көрінісін, табиғат суреті, қаламгерлердің сөз қолданыстарын зерделеуге баса мән беруі тиіс.
«Қазақ әдебиеті» оқу пәнінің 5-9 сыныптардағы білім мазмұнын қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілері, ежелгі дәуір әдебиеті үлгілері, XVIII- XIX- XX ғасырлар әдебиетіндегі көрнекті ақын-жазушылардың көркем туындылары мен жыраулар поэзиясы, әдебиеттің эпос, драма, лирика сияқты жанрлары және әдеби-теориялық ұғымдар құрайды. «Қазақ әдебиеті» пәнін 5-9 сыныптарда оқытуда оқушылардың тіл және көркем сөз туралы ұғым-түсініктерін кеңейту, қазақ әдебиеті пәні бойынша функционалдық сауаттылықтары мен қарым-қабілеттерін жетілдіру болып табылады.
Пәнді оқытудың мақсаты:
5-9 сыныптарда халық ауыз әдебиеті шығармалары мен ұлттық фольклор мұраларын оқыту арқылы оның басты идеялық бағытын, тақырыптық, мазмұндық мақсатын саралай білетін және өз халқының тарихын, дәстүрін, әдебиеті мен мәдениетін ұлттық құндылық ретінде бағалай алатын, ұлттық әдеби мұраны терең игеріп, сол негізде еліне қызмет ете алатын, танымы жоғары, білімі орнықты, шығармашылықпен ойлай алатын, өркениетті қоғамға сай парасатты тұлға қалыптастыру.
Пәнді оқытудың міндеттері:
- әдеби көркем туынды арқылы оқушының ұлттық танымын қалыптастыру, әдебиеттің көркемөнердегі мән-маңызын таныту;
- көркем әдебиетті оқытуда шығарманың идеялық-тақырыптық мәнін меңгерту және рухани-мәдени құндылықтар жөнінде пікір алмасуға үйрету;
- оқушылардың әдеби-теориялық білімдерін тереңдетіп, шығарманың мазмұндық, жанрлық, стильдік ерекшеліктерін таныту;
- шығарманың тақырыптық-идеялық мәнін және көркемдік-бейнелілік құрылымын талдай білуге үйрету;
- қазақ әдебиеті тарихындағы қоғамдық-саяси мәселелерді, ұлттық сананы оятуға әсер еткен көркем туындыларды меңгерту;
- әдебиет тарихы бойынша тиісті мәліметтер мен әдебиеттану ұғымдарын пайдалана отырып, көркем шығармаларды оқу мен талдау дағдыларын меңгерту;
- оқушыларды бейнелі ойлау мен шығармашылық қиялдауды, оқырмандық мәдениет пен авторлық ұстанымды түсінуге баулу;
- көркем шығарманың мазмұнын анықтай алуын, ауызша және жазбаша түрде өз түсініктерін жеткізе біліп, қазақ әдеби тілін, сөздік қор мен сөз байлығын сауатты пайдалануға баулу;
- әдеби пәндер жүйесіне тән білім мен іскерлік дағдыларды меңгерту, өздігінен жұмыс істеуге бағытталған шығармашылық қабілетін жетілдіру, оларды тәжірибеде қолдана білуге үйрету;
- өнердің басқа түрлерінің ішіндегі әдебиеттің өзіндік ерекшеліктері туралы түсініктерін тереңдету.
Қазақ әдебиеті пәні сөз өнерін оқып үйренуді, өз замандағы әдебиет өкілдерінің көркемдік ойлау жүйесін, ұлт әдебиетіндегі тарихи сабақтастықты жан-жақты қарастырады. Көркем туындылардың тақырыптық, мазмұндық, идеялық бағыттары мен мақсаттарын саралауды көздейді.
Негізгі орта білім деңгейінің 5-9 сыныптарында оқушылар тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақ-жаңылтпаштар, ертегі, аңыздар, діни-мифтік әңгімелер, әдеби дастандар, батырлар жыры, лиро-эпостық жырлар, шешендік сөздер, айтыс жанрлары және жыраулар поэзиясы, XVIII- XIX- XX ғасырлар әдебиетіндегі көрнекті ақын-жазушылардың көркем туындыларын оқып үйрену арқылы халқымыздың ұлттық рухын, дүниетанымын, салт-дәстүр, әдет-ғұрпын мәдени мұра ретінде танып біледі. 5-9 сыныптардағы «Қазақ әдебиеті» пәндерінің оқу бағдарламаларына төмендегідей өзгерістер енгізілді.
5-сыныпта қанатты, нақыл сөздер, қазіргі кездегі бата, жоқтаулар, Ақселеу Сейдімбектің «Әйел-Ана» ертегісі, Қадыр Мырзалиевтің «Ана» өлеңі енгізілді. Қасым Аманжоловтың «Дауыл» өлеңінің орнына «Жамырап күнде жас өмір» өлеңі, Мұхтар Шахановтың «Отырар» өлеңінің орнына «Нарынқұм зауалы» өлеңі енгізілді. Жамбыл Жабаевтың «Өтеген батыр» дастанынан үзінді алынып 8-сыныпқа ауыстырылды. Иса Байзақовтың «Жазғы кеш» өлеңі оқу бағдарламасынан алынды. Әлем әдебиетінен А.С.Пушкиннің «Балықшы мен балық» ертегісі бастауыш сыныпта болғандықтан алынды. Ш.Айтматовтың «Ерте келген тырналар» хикаятынан үзінді алынып тасталды.
6-сыныпта Сәбит Дөнентаевтың «Заман кімдікі?», «Бозторғай», «Ой» фельетондары, Сансызбай Сарғасқаевтың «Тәмпіш қара» повесінен үзінді, Мұзафар Әлімбаевтың «Ана тілім ғажап деп айта аламын», «Биіктер» өлеңдері, Әбділхамит Марқабаевтың «Ғарыштағы қымыз» әңгімесі енгізілді. Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жолама қулар маңайға», Ілияс Жансүгіровтің «Күйге» өлеңі, Ғабит Мүсіреповтің «Жапон балладасы» алынып тасталды. Бейімбет Майлиннің «Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры» әңгімесінің орнына «Түйебай» әңгімесі берілді.
7-сыныпта Сәкен Сейфуллиннің «Тұлпарым», «Қамаудан» өлеңдері, Шерхан Мұртазаның "Жүз жылдық жара" әңгімесі, Баубек Бұлқышевтың "Шығыс ұлына хат" көсемсөзі, Тахауи Ахтановтың «Окоп үстіндегі айқас» әңгімесі ("Қаһарлы күндер" романынан үзінді) алынып тасталды. Сәбит Мұқановтың «Балуан Шолақ» хикаятынан үзінді, Иса Байзақовтың «Құралай сұлу» поэмасынан үзінді, Сафуан Шаймерденовтың«Ит ашуы»повесінен үзіндіенгізілді. Қасым Аманжоловтың "Ақын өлімі туралы аңыз" поэмасынан үзіндінің орнына «Дүниеге жар» өлеңі енгізілді. Әлем әдебиетінен Шандор Петефидің «Ұлт өлеңі», О.Генридің «Соңғы жапырақ», Ғабдолла Тоқайдың «Өміржолына қадам басқандарға», «Шаруаң бітсе - ойнай бер» өлеңдері алынып тасталды.
8-сыныпта Ахмет Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» шығармасы, Тұрмағамбет Ізтілеуұлының «Адамдық іс», «Арқаңның ауруы не, қозбайтұғын» өлеңдері енгізілді. Жамбыл Жабаевтың «Өтеген батыр» дастанынан үзінді енгізілді. Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» романынан үзіндінің орнына «Бесеудің хаты» драмасы берілді. Олжас Сүлейменовтің «Махамбетке» өлеңі алынып тасталды.
9-сыныпта «Ер Тарғын» жырының орнына «Қамбар батыр»жырынан үзінді, Осы күнгі айтыстардың орнына 80 жылдардан бергі ақындар айтысы, Түркі тектес халықтарға ортақ мұра тақырыбы, Қазтуған, Доспамбет, Жиембет, Шал ақын, ХІХ ғасыр әдебиетіне шолу, Нысанбай жыраудың «Кенесары-Наурызбай» жыры,ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіне шолу, енгізілді. Махамбеттің «Ереуіл атқа ер салмай», «Мұнар күн» өлеңдері 8-сыныпта болғандықтан алынып, «Мен, мен, мен едім», «Арқаның қызыл изені-ай» өлеңдері енгізілді. «Қорқыт ата кітабы» 8-сыныпта бар болғандықтан алынып тасталды. Абайдың «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Мәз болады болысың», «Сегіз аяқ» өлеңдері 10-сыныпта бар болғандықтан алынып, «Әуелде бір суық мұз ақыл зерек», «Ғашықтық құмарлықпен ол екі жол», «Жазғытұры» өлеңдерімен толықтырылды. Жамбыл Жабаевтың «Кәдірбайдың төбеті», «Шағым» өлеңдері 10-сыныпта болғандықтан, отаншылдық тақырыптағы өлеңдерін топтастыру мақсатында «Зілді бұйрық» өлеңі енгізілді.
Оқу үдерісінде жүзеге асырылатын пәнаралық байланыс оқушының дүниетанымдық деңгейін арттырып, туған әдебиетінен өзге ғылым салаларын игеру мақсатында пайдалануына мүмкіндік береді.
«Қазақ тілімен»:көркем әдебиет мәтіндерінен стильдің түрлерін, кірме сөздерді, архаизм, жаңа сөздерді (неологизм) табуға бағыт беріледі. Сөйлемдердің грамматикалық нормаларға сәйкестігін, құрылымын қарастырады.
«Қазақстан тарихымен»: әдеби оқиғалардың тарихи факторлармен тығыз байланыста болатындығын түсінуіне, тарихи деректерді орынды пайдаланып, өзіндік ой-тұжырымдар жасай білуіне жол ашады.
Жаратылыстану циклі пәндерімен: танымдық бағытта берілетін материалдар жаратылыстану пәндерінің мазмұнымен тікелей байланыста болғандықтан, оқушылардың дүниетанымын қалыптастырады.
«Музыка» пәнімен:әннің идеялық-көркемдік және эстетикалық маңызын, ұлттық әуеннің қазіргі әндермен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, көркемдік ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік береді.
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
5-сынып –аптасына 3сағат, оқу жылында -102 сағат;
6-сынып –аптасына 2сағат, оқу жылында -68 сағат;
7-сынып –аптасына 2сағат, оқу жылында -68 сағат;
8-сынып –аптасына 2 сағат, оқу жылында -68 сағат;
9-сынып –аптасына 3сағат, оқу жылында -102 сағат.


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет