Шетел тілі
Үздіксіздік және сабақтастық ұстанымдарына сәйкес 10-11-сыныптарда
шет тілдерін оқыту мәдениетаралық-қатысымдық құзыреттілікті және оның
құрамдас бөліктерін: лексикалық және грамматикалық минимумды кеңейтуге,
тілдік, сөйлеу дағдыларын жетілдіруге, бейімделу және әлеуметтік-мәдени
біліктерін әрі қарай дамытуға бағытталған.
Оқуды аяқтағанда, оқушылардың келесідей тілді меңгерудің жалпы
еуропалық деңгейіне жету жоспарланған:
10-сынып – В
1
(«Қалыптасқан игерім 1»);
11-сынып – В
1+
(«Қалыптасқан игерім 1.2»).
Шет тілін тәрбиелік, танымдық және басқа ұлттық мәдениетпен және оны
жеткізушілермен өзара әрекет ету құралы ретінде оқу болашақта бәсекеге
қабілетті маман даярлау үшін оқушылардың функционалдық сауаттылығын
дамытуға, болашақта шет тілін меңгеру дағдысының артуын ілгерілетуге
бағытталған. Орта мектептің жоғары сынып оқушыларына шет тілін оқытудың
мақсаттары мен міндеттері осылайша шарттасады.
«Шет
тілі»
оқу
пәнін
оқытудың
мақсаттары
оқушылардың
коммуникативтік құзыреттерін жетілдіруден және өзінің мәдениетін әлемдік
масштабта кеңінен насихаттай алатын, болашақ мамандығында шет тілін
тәжірибе
жүзінде
қолдана
алатын
көпмәдениетті,
көптілді
тұлғаны
қалыптастырудан тұрады.
10-11-сыныптарға
арналған
«Шет
тілі»
оқу
пәнін
оқытудың
міндеттеріне:
- дағдылар
мен
шеберлікті
дамыту
және
жетілдіру,
нақты
коммуникативтік міндеттерді шешуге арналған тілдік материалды пайдалану;
89
- оқушыларды ауызша хабарламалар, жоба ашылымдарын
құруға
дайындау;
- оқушыны әртүрлі ақпарат көзінен алынған кәсіби маңызы бар ақпаратты
алу, талдау, жалпылау және жіктеуге үйрету;
- шеттілдік сөзді тыңдап қабылдау қабілетін дамыту, әртүрлі жанрлардағы
аутенттік
аудио,
бейнемәтндердің
негізгі
мазмұнын
түсіну,
тыңдалған/көргеніне қатысты өз ойын айта білу;
- әртүрлі стильдегі аутенттік мазмұндағы мәтіндерді оқу және түсіну
шеберліктерін дамыту, оқыған мәтінге өз пікірін айту;
- жеке, іскерлік хат алмасуды жүргізу дағдысын жетілдіру, түйіндеме
толтыру, берілген тақырпқа эссе жазу;
- IELTS, TOEFL сияқты халықаралық талаптарға сай келетін тест
тапсырмадарын орындау дағдысын қалыптастыру;
- өз құрдастарымен, мұғалімімен, басқа тілде сөйлеушімен қарым-қатынас
жасау кезінде әлеуметтік мәдени материалды пайдалану;
- заманауи ақпараттық технологияларды, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі
бағалауды пайдалана отырып, оқушыларды жеке жұмыс жасауға жұмылдыру.
- жеке-бағдарлы, құзыреттік, жүйелік, лингво-мәдени және проблемалық
тәсідер негізінде шеттілдік білім беруді жүзеге асыру.
- жеке, іскерлік хат алмасу, түйіндеме жазу, берілген тақырыпқа эссе жазу
дағдыларын жетілдіру.
Нақты бейіндік бағытталуға білім беру мазмұнын қайтақұрылымдау, яғни
жалпы білім беретін тақырыптамаларды қысқарту және оқушының болашақ
мамандығына бағытталған аутенттік оқу материалдарын енгізу, бейіндік
бағыттағы мәтіндік материал негізінде сөздік
қорды байыту арқылы
коммуникативтік құзыретті жетілдіру арқылы қол жеткізіледі.
Таңдалған бағыт бойынша оқу материалының мазмұны, көлемі мен сипаты
анықталады. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптарда шет тілін меңгеру
пәнді тереңдетіп оқуға бағытталған. Оқыту барысында оқушылардың
белсенділігі мен интерактивтілігін дамытуға, оқушылардың ақпаратты іздеу,
жүйелеу, талдау іскерліктерін
қалыптастыратын ақпараттық-ізденушілік,
ақпараттық-анықтамалық
бағдарлама
құралдарын пайдалана отырып,
өз
бетімен жұмыс істеу қабілетін жетілдіруге, оқу материалының кәсіптік
бағытталғанына, функционалдық сауаттылығына ерекше мән беріледі. Сол
себептен оқыту міндеттеріне көркем мәтінді саралау кезіндегі талдау және
зерттеу қабілеттерін дамытуды да жатқызады.
Түпнұсқалық материалдарды қолдану таңдалған бейінінің ерекшеліктері
жайлы
қарапайым
білімдерін
қалыптастыруға,
болашақ
мамандықты
меңгеруде, ғылыми-техникалық прогреске қатысуда, таңдалған бейіндік бағыт
аясында жалпы ой-өрісін кеңейтуде шет тілінің маңызын жете түсінуге
мүмкіндік береді. Шет тіліне оқытудың бейіндік бағытталған тәсілі тілді
болашақ кәсіптік қызметте қолдану мақсатымен әрі қарай жоғары оқу орнында
білім алу үшін жеткілікті негіз құруға мүмкіндік туғызады.
Бейіндік білім беру сатысында өзге тілді білімді жаңарту мен жетілдіру
келесідей мақсаттарға бағытталуы мүмкін:
90
- қолданыстағы типтік бағдарламалар мен оқу материалдарындағы пәнді
оқытудың мақсатын, мазмұны мен технологиясын бірізге түсіру;
- өзге тілді бейіндік оқытудың вариативтік бағдарламаларын әзірлеу;
- білім мазмұнының пәндік жағының тұлғалық және бейіндік бағытталуын
күшейту;
- деңгейлік
дифференциялау
технологиясын,
ақпараттық-
коммуникациялық технологияны, жобалау және зерттеу қызметтерін қолдану.
Шет тілі бойынша сағат саны:
қоғамдық-гуманитарлық бағыт:
10-11 сыныптарда – аптасына 4 сағаттан, жылына жалпы сағат саны – әр
сыныпта 136 сағатты құрайды;
жаратылыстану-математикалық бағыт:
10-11 сыныптарда аптасына 2 сағаттан, жылына жалпы сағат саны – әр
сыныпта 68 сағатты құрайды.
3.2 «Математика және информатика» білім саласы
Математика
Жалпы орта білім деңгейіндематематиканыоқыту келесі мақсаттарға
жетуге бағытталған: салалас пәндер мен қолданбалы есептерді шығару және
сипаттау
үшін
математикалық
модельдерді
құрастыру
мен
зерттеу;
математикалық
материалдар бойынша есептерді шығару алгоритмдерін
өздігінен құру және орындау; практикалық сипаттағы есептеулерді орындау;
математикалық формулаларды қолдану және жеке жағдайларды жалпылау
негізінде математикалық формулаларды өздігінен құру.
10-11-сыныптарда алгебра және анализ бастамалары курсын оқытуға сағат
санының көбеюіоқу жылының басында 10-сыныпта 7-9-сыныптардағы алгебра
курсында және 11-сыныпта 10-сыныптағы алгебра және анализ бастамалары
курсында игерілген математикалық білімдерін қайталауға, тереңдетуге және
жүйелеуге уақыт бөлуге мүмкіндік берді. 10-сыныптың екі бағыты бойынша
алгебра және анализ бастамаларының
оқу бағдарламаларында бірдей
тақырыптарды беру арқылы оқушылардың ҰБТ-ге дайындауда математикалық
материал мазмұнын меңгеруге бірдей жағдай жасау қамтамасыз етілді.
Оқу жүктемесіне сағат санының қосылуы математикалық материалдың
мазмұнын беру ретін жетілдіруге, оқу бағдарламасындағы материалды игеруге
көп уақыт бөлуге мүмкіндік берді.
Алгебра және анализ бастамалары
Алгебра және анализ бастамалары курсымен орта мектептегі алгебраны
оқыту аяқталады. Берілген курс анализ бастамаларына қатысты ұғымдарды,
тұжырымдар
мен
әдістерді
мазмұндық
ашумен,олардың
тәжірибелік
маңыздылығын айқындаумен сипатталады.
Алгебра және анализ бастамаларын игеру оқушылардың ой-өрісін,
логикалық пайымдау, дәлелдеулер жүргізу, практикалық есептерді шығару
барысында математикалық білімдерін қолдану біліктігін дамытуға бағытталған;
91
математикалық
оқу
қызметіне
оқушыларды
қатыстыруға,
олардың
математикалық материалды түсінуіне бағытталған жұмыстардың белсенді
түрлерін көбейтуді көздейді. Сонымен қатар математиканы оқытудың бір
құрамдас бөлігі ретінде визуальды оқытуды күшейту мақсатында ақпараттық
технологияларды қолдануға көңіл бөлінеді.
Қоғамдық-гуманитарлық
және
жаратылыстану-математикалық
бағыттағы10-11-сыныптардың «Алгебра және анализ бастамалары»пәнін
оқытудың мақсаты – оқушылардың табиғат құбылыстарын түсінуге, қоршаған
ортаның нысаналарын және саралас пәндерді игеруге қажетті математикалық
ұғымдармен және олардың қасиеттерімен таныстыру.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптарда математика курсын
оқытудың ерекшелігі – адамның жалпы мәдени дамуына бағыттау, математика
заңдарымен таныстыру және қазіргі өмірде еркін бағдар алуға қажетті адам
қызметімен байланысты математикалық білім мен біліктілікті қалыптастыру
болып табылады. Берілген курс үшін көптеген дәлелдеулері бар теориялық
деректер берілмейді, теоремалардың қатаң түрде дәлелдеулері өте аз мөлшерде,
негізінен, нақтылы пайымдаулардың үлгілері ретінде беріледі, түсіндірулер
көрнекіліктермен
негізделеді,
жаттығулардың
күрделілігі
қарапайым
деңгейімен шектеледі. Курстың кейбір дәстүрлі бөлімдері жалпыланған түрде
(дәлелдеулерсіз, түсініктер деңгейінде) оқытылады.
Қоғамдық-гуманитарлық
бағыттағы
және
математика
тереңдетіліп
оқытылатын сыныптарда тарихи мәліметтерді қарастырудың маңызы зор.
Әсіресе
тілдерді
тереңдетіп
оқытатын
сыныптарда
математикалық
терминдердің шығуы мен дамуына ерекше назар аударылғаны жөн.
Жаратылыстану-математика бағытындағы
сыныптарда математика
пәнін оқыту математикадан білімі мен біліктілігінің белгілі деңгейін талап
ететін мамандық бойынша оқу орнында оқушының оқуын жалғастыру
мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
Жаратылыстану-математика бағыты бойынша математикадан білім беру
мазмұны оқушылардың бойында қоршаған әлем туралы біртұтас түсініктің
қалыптасуына, оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға ықпал
ететін жалпы ғылыми біліктерді меңгеруіне бағытталған. Кейбір нақты
математикалық жағдаяттардың математикалық моделін интерпретациялауда
және құрастыруда қалыптасатын біліктілік жаратылыстану-математикалық
бағытта шынайы
үдерістер мен
құбылыстарды, теориялық
мәселелерді
зерттеуде және қолданбалы есептер шығаруда қолданылады. Математиканы
оқытуда қалыптасқан теориялық сұрақтар мен есептерді шешудің зерттеу
аппараты жаратылыстану-математика пәндерін оқыту үшін үлкен рөл атқарады.
10-11-сыныптардағы алгебра және анализ бастамалары пәнінің қоғамдық-
гуманитарлық және жаратылыстану-математика бағыттары бойынша сағат
саны: аптасына 3 сағаттан, әрбір сыныпта оқу жылында 102 сағатты құрайды.
92
Геометрия
Геометрия – бізді қоршаған әлемдегі кеңістіктік формаларды модельдеп
қана қоймай, олардың қасиеттерінің арасындағы логикалық байланыстарды
орнататын математиканың бөлімі.
Жалпы орта білім беру деңгейіндегі геометрия курсының мазмұны
кеңістіктегі
геометриялық
фигураларды
және
олардың
қасиеттерін,
геометриялық шамаларды өлшеуді оқып білуді қарастырады.
10-11-сыныптарда геометрия курсын оқып білу интеллектуалды дамыған
тұлғаны тәрбиелеуде логикалық ойлауды одан әрі дамыту; тұрақты кеңістіктік
түсініктерді және кеңістіктік елестерді дамыту; кеңістіктік фигураларды
кескіндеу дағдыларын дамыту; геометриялық білім негізінде практикалық және
математикалық іс-әрекеттер дағдыларын дамыту; бейнелік ойлауды дамыту;
функционалдық
сауаттылықты
дамыту;
графикалық
сауаттылықты,
эстетикалық талғамды дамыту; геометрия тарихымен және оның ғылыми-
техникалық
прогрестің
дамуына
әсерін таныстыру арқылы тұлғаның
мәдениетін тәрбиелеумақсаттарына қол жеткізуге бағытталған.
Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-
11-сыныптарда геометрия курсын оқу пәні ретіндеоқытудың мақсаты –
барлық оқушыларды одан әрі жоғары мектепте оқуын жалғастыруы үшін
геометрия аймағындағы математикалық дайындықтың қажетті деңгейімен
қамтамасыз ету; оқушыларға сабақтас пәндерді оқып білуге
қажетті
геометриялық білім мен біліктер жүйесін меңгерту болып табылады.
Қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-11-сыныптарда геометрияны
оқытудың міндеттері: болашақ практикалық қызметіне қажетті негізгі
стереометриялық деректер мен әдістер туралы білім жүйесін қалыптастыру;
дедукциялық ойлау (тура әдіс, қарсы ұйғару әдісі) дағдыларын дамыту; жазық
және кеңістіктік фигуралардың қасиеттері туралы теориялық білім қорын
кеңейту; кеңістіктік фигуралардың кескіндерін салу біліктігі мен дағдыларын
дамыту; күрделілігі әртүрлі суреттердегі геометриялық фигураларды танып
білу, есептерді шешу кезінде қосымша салулар мен көмекші сызбаларды
пайдалану біліктігі мен дағдыларын дамыту; нақтылы объектіні бір немесе
бірнеше геометриялық фигуралар түрінде бере білу біліктігі мен дағдыларын
дамыту; есептеуге және дәлелдеуге арналған геометриялық есептерді шешу
біліктігі мен дағдыларын дамыту; геометриялық есептерді шешуде алгебраны
және тригонометрияны қолдану біліктігі мен дағдыларын дамыту; практикалық
мазмұнды есептерді шешуде геометриялық әдістерді қолдану біліктігі мен
дағдыларын қалыптастыру.
Жаратылыстану-математикалық
бағытындағы
10-11-сыныптарда
геометрия курсын оқу пәні ретіндеоқытудың мақсаты – барлық оқушыларды
одан әрі математика облыстарында білім алуын жалғастыруы мен өздігінен
әрекет етуі үшін, сонымен қатар болашақ кәсіби қызметі үшін геометрия
аймағындағы математикалық дайындықтың қажетті деңгейімен қамтамасыз
ету.
93
Жаратылыстану-математикалық
бағытындағы
10-11-сыныптарда
геометрияны оқытудың міндеттері: кеңістіктік фигуралардың қасиеттері
туралы білім жүйесін қалыптастыру; кеңістіктік фигуралардың қасиеттерін оқу
барысында формалды-логикалық
ойлау дағдыларын дамыту; кеңістіктік
фигуралардың кескіндерін және осы кескіндерде қосымша салуларды салу
біліктігі мен дағдыларын дамыту; сызбалардағы кескіндері бойынша жазық
және кеңістіктік геометриялық
фигураларды танып білу біліктігі мен
дағдыларын дамыту; кеңістіктік фигуралардың симметриялары туралы тұрақты
түсініктерін қалыптастыру; геометриялық шамаларды өлшеу туралы білім
жүйесін қалыптастыру; есептеуге және дәлелдеуге арналған геометриялық
есептерді шешу біліктігі мен дағдыларын дамыту; геометриялық есептерді
шешуде алгебраны және тригонометрияны қолдану біліктігі мен дағдыларын
дамыту; нақтылы объектіні бір немесе бірнеше геометриялық фигуралар
түрінде бере білу біліктігін дамыту; практикалық мазмұнды есептерді шешуде
геометриялық әдістерді қолдану біліктігі мен дағдыларын қалыптастыру; жазық
және кеңістіктік геометриялық фигуралардың қасиеттері мен геометриялық
шамаларды табу туралы ғылыми ақпараттарды жинақтай, талдай, өңдей және
пайдалана білу біліктігін дамыту; жүргізілген зерттеулерді безендіру, түсіндіру
және дәлелдеу үшін геометриялық модельдер мен көрнекі құралдарды түсіне
және пайдалана білу біліктігін дамыту.
10-11-сыныптардағы геометрия курсында кеңістіктегі түзулер мен
жазықтықтардың өзара орналасуы, екіжақты бұрыштардың геометриялық
модельдерде (призма, пирамида, дұрыс көпжақтар және т.б.) қарастырылуы
көрнекіліктермен баяндалуы қажет. Бұл «Геометрия» пәнін анағұрлым көрнекті
етуге және стереометрияның теоремалары мен қасиеттерін иллюстрациялауға
мүмкіндік береді. Кеңістіктегі фигуралардың жазықтықтағы кескіндеріне және
олардың жазықтықпен қималарына назар аударған жөн. Есептерді шығару
барысында оқушылар
қандай формуланы пайдалану керектігін, яғни
геометриялық фигураның оның өлшемімен байланысын анықтап алуы керек.
Кейін есептің
шартына байланысты немесе формулаға
қажетті ішкі
параметрлерінің барлық мәндерін тауып, формула бойынша есептеу жүзеге
асырылады.
Қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы геометрия курсында оқушылар
кеңістіктік геометриялық фигуралармен (екіжақты бұрыш, жартыкеңістік,
көпжақтар, айналу денелері) және олардың қасиеттерімен танысады. Оқушылар
кеңістіктегі геометриялық фигуралардың өзара орналасуын; геометриялық
шамаларды (екіжақты бұрыштарды, беттің ауданын, геометриялық дененің
көлемін)
өлшеуді; көпжақтардың,
айналу денелерінің
және олардың
жазықтықпен қималарының кескіндерін салуды; кеңістіктегі нүктелердің және
векторлардың координаталарын оқып біледі. Бұл бағытта геометриялық білім
мазмұнындағы көптеген теориялық деректер дәлелдеулерсіз қарастырылып,
теоремалар мен қасиеттердің дәлелдеулері көрнекілік түсініктер негізінде
берілуі және қарапайым деңгейдегі жаттығулармен шектелуі тиіс. Жекелеген
тараулар түсініктермен, дәлелдеулерсіз және күрделі өзгеріссіз оқытылуы
94
қажет.
Жаратылыстану-математикалық
бағытындағы
геометрия
курсында
оқушылар
кеңістіктік
геометриялық
фигуралармен
(екіжақты
бұрыш,
жартыкеңістік, көпжақтар, айналу денелері) және олардың қасиеттерімен
танысады.
Оқушылар
кеңістіктегі
геометриялық
фигуралардың
өзара
орналасуын;
кеңістіктік
фигуралардың
теңдігін;
дөңес
фигураларды;
геометриялық
шамаларды
(екіжақты
бұрыштарды,
беттің
ауданын,
геометриялық дененің көлемін) өлшеуді; көпжақтардың, айналу денелерінің
және олардың жазықтықпен қималарының кескіндерін салуды; кеңістіктегі
нүктелердің және векторлардың координаталарын; кеңістіктік геометриялық
фигуралардың теңдеулермен және теңсіздіктермен берілуін; геометриялық
фигураның симметрияларын (центрлік симметрияны, түзуге және жазықтыққа
қатысты симметрияларды) оқып біледі. Бұл бағытта оқушылардың бойында
математикалық мәдениеттің қалыптасуына, әр оқушының интеллектуалдық
дамуына және олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға көңіл бөлу
қажет. Сонымен қатар, кеңістіктік фигураларды салуға және денелердің
беттерінің ауданы мен көлемін табуға арналған қолданбалы есептерді
қарастыру ерекше орын алуы тиіс.
«Геометрия» пәні бойынша сағат саны:
қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша: 10-11 сыныптарда – аптасына
1 сағаттан, әр сыныпта оқу жылында 34 сағатты құрайды;
жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша: 10-11 сыныптарда –
аптасына 2 сағаттан, әр сыныпта оқу жылында 68 сағатты құрайды.
Информатика
«Информатика» оқу пәні «Математика және информатика» білім саласына
енеді.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080
қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта
білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес жаратылыстану-
математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттардағы 10-11 сыныптар
үшін информатика пәнінен жаңа оқу бағдарламасы
әзірленді. Оқу
бағдарламаны әзірлеу қажеттілігі біріншіден, информатика пәні 5-сыныптан
бастап оқытылады (бұрын оқытылу 7-сыныптан басталды), яғни базалық
мазмұнды толығымен қайта қарастыру қажет. Екіншіден, заман талабына сай
ақпараттық
және
коммуникациялық
технологиялардың
тез
дамуына
байланысты, осыған орай информатика курсында алгоритмдеу және
программалау саласына негізгі орта буынан көп көңіл бөлген дұрыс.
Информатиканың
бірінші сабағы, есептеуіш техника кабинетінде
қауіпсіздік техниканың ережелерін және жұмыс орнын ұйымдастыруына
қайталауға арналады. Интернет желісіндегі жұмыстармен байланысты
тәжірибелік тапсырмаларды орындау барысында ҚР Заңнамасына сәйкес
ақпараттармен бірге этикалық және құқықтық аспектілерге маңызды көңіл
бөлінеді.
95
Профильді 10-11 сыныптарда информатиканы оқыту мақсаты қазіргі
кездегі ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық
білім жүйесін және визуалды программалуды меңгеру, оқушыларды
ақпараттық
мәдениетке
қалыптастыру,
ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар құралдарымен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, оқушылар
жаңа ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды
үнемі пайдалануға
дағдыландыру, танымдық
және
зияткерлік
қабілеттерін дамыту болып
табылады.
Оқыту міндеттері:
1) қажетті нақты міндеттерді шешу үшін визуалды программалау және
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, бастапқы
теориялық білім мазмұның қалыптастыру;
2) визуалды программалау және мәтіндік, сандық, графикалық және
дыбыстық
ақпараттарды
өңдеу бойынша ақпараттық
технологиялар
құралдарымен жұмыс істеуге дағдыландыру;
3) оқушыларда ақпараттық және коммуникациялық құзыреттілікті дамыту;
4) ақпараттық іс-әрекеттің этикалық және құқықтық нормаларын сақтауда
жауапты қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Жаратылыстану-математикалық
бағыттағы
сыныптарға арналған
информатика курсында есептерді шешу негізінде жүйелік және алгоритмдік
ойлауды дамыту жалғасады. Практикумдардағы жұмыс бұл іс-әрекеттің тікелей
жалғасы болып табылады.
Қоғамдық-гуманитарлық
бағыттағы
сыныптардағы
информатика
курсының
ерекшелігі
ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды
тереңдете оқыту болып табылады.
Әр тарау соңында жобалық іс-әрекетке сағаттар қарастырылған.
Информатиканы және оның тәжірибелік қосымшаларын терең оқуға
қызығушылық танытатын оқушылар үшін таңдау курстарын ұйымдастыруға
сағат сандарын көбейту мектептің құзырында.
«Информатика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
10 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат,
11 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.
3.3 «Жаратылыстану» білім саласы
География
Жалпы орта білім деңгейіндегі «География» оқу пәнінің мазмұны алдымен,
оқушылардың бойында Жер адамзат ғаламшары ретінде екендігі туралы
кешенді,
жүйелі
және
әлеуметтік-бағдарлы
түсінік
қалыптастыратын,
дүниетанымдық сипатымен анықталады.
Жалпы орта білім деңгейінде «География» оқу пәнінің құрылымы мен
мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып әзірленген ерекше
дидактикалық құрылым ретінде қарастырылады.
«География» оқу пәнінің мазмұны оқушылардың бойында әлемнің
географиялық бейнесі жайлы біртұтас дүниетанымдық және жалпы мәдениетін
96
қалыптастыруда, сонымен қатар жалпы білімнің тәрбиелік және дамытушылық
сұрақтарын шешуде, жеке тұлғаның әлеуметтенуі мен функционалдық
сауаттылығын арттыруда үлкен рөл атқарады.
География оқу пәні ретінде табиғат заңдарын, қоғамның материалдық
өмірін, қазіргі әлем бейнесін тануда биология, химия, физика және басқа да
білімдердің өзара тығыз пәнаралық байланысын арттыруға көмектеседі.
10-11-сыныптарда географияны оқыту екі бағытта жүзеге асырылады:
қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математика бағыттары.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы оқу материалының мазмұны өскелең
ұрпақтың географиялық сауаттылығын арттыру, экономикалық-географиялық
мәдениетін қалыптастыру үшін қажет білім мен біліктерді қамтиды.
Қоғамдық-гуманитарлық бағытта оқытудың мақсатыоқушылардың жан-
жақты экономикалық-географиялық білімді, табиғат, қоғам және экономиканың
өзара байланысын түсінуге, функционалдық сауаттылықты тереңдетуге және
оқушылардың бейінді-мамандық бағытын анықтауға бағытталған.
Жаратылыстану-математикабағытындағы оқу материалының мазмұны,
жалпы мәдениетті қалыптастыру үшін маңызы бар білім мен біліктіліктен
басқа, болашақта мамандық алу үшін білімді жалғастыруға қажетті кең көлемді
білім мен біліктілікке көп көңіл бөлінеді.
Мақсатықазіргі
әлемді оқу барысында оқушылардың
жан-жақты
экономикалық-географиялық білім алулары, функционалдық сауаттылықты
тереңдету және оқушылардың бейінді-кәсіби бағытын анықтау.
Міндеттері:алдыңғы
сыныптарда
оқылған
жалпы
географиялық
заңдылықтар туралы білім, ұғымдар мен идеялардың негізінде ғаламшар
табиғатының біртұтастығы туралы білім және көзқарасты одан әрі дамыту;
дүниежүзі саяси картасы және дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасу
кезеңдерін оқып-білу үдерісінде саяси, географиялық білімнің қалыптасуын
жалғастыру;табиғат және қоғамның өзара байланысын оның қазіргі даму кезеңі
негізінде, қоршаған ортаны қорғау және тиімді пайдаланудың маңызын,
Қазақстан және әлем деңгейінде тұрақты даму проблемаларын географиялық
тұрғыдан түсіну; әлеуметтік-экономикалық, геоэкологиялық үдерістер мен
құбылыстарды сипаттау және талдау үшін ғаламдық, аймақтық және жергілікті
жағдайларды
үйлесімді
пайдалану
біліктілігін
меңгерту;ғаламшар
мемлекеттерінің түрлерін оқып-білу, ұлттық шаруашылықтың даму деңгейі әр
түрлі
елдердің
ерекшеліктерін
анықтау;дүние
жүзінің
халықтарын,
дүниежүзінің шаруашылық жүйесін, олардың құрамы, құрылымы және
ерекшеліктері, халықаралық байланыстар және халықаралық экономикалық
ынтымақтастық туралы оқып-білу барысында оқушылардың білімін одан әрі
тереңдету;толеранттылыққа, өзге ұлттарды және олардың мәдениетін сыйлауға
тәрбиелеу; оқушылардың бейінді-кәсіптік бағдарларын дамыту, болашақ
мамандықты
саналы
түрде
таңдауға
ықпал
жасау;
карталармен,
сызбанұсқалармен,
графиктермен,
диаграммалармен,
кестелермен,
ғаламтормен, білім берудің цифрлық ресурстарымен жұмыс істеу кезінде ойлау
қабілетінің одан әрі дамуына жағдай жасау,
әр түрлі экономикалық-
географиялық әдебиеттен қажетті материалдарды жинақтау және талдау
97
барысында сөйлеу және көптілділік, статистикалық, картографиялық және
басқа да мәліметтерді
өздігінен
өңдеу және түсіндіру дағдыларын
меңгерту;жоғары
патриоттық
сезімді,
Қазақстан
Республикасының
Конституциясын
құрметтеуге, белсенді азаматтық, өмірлік
ұстанымды
тәрбиелеу.
Бағдарламада берілген барлық практикалық іс-әрекеттер тәжірибелік
дағдыларды дамытушы және қалыптастырушы болып табылады. Міндетті
түрде бағаланатын практикалық жұмыстар нөмірмен белгіленген.
География пәнін оқыту арнайы жабдықталған және қажетті аспаптармен,
құралдармен, географиялық карталармен, атластармен, баспа құралдарымен,
аудио және бейне материалдармен, оқытудың техникалық жабдықтарымен
қамтамасыз етілген кабинетте жүзеге асырылады.
Географияпәні бойынша сағат саны:
‒ қоғамдық-гуманитарлық
бағыттағы 10-11-сыныптарда
–
аптасына
1 сағаттан, оқу жылында – 34 сағат;
‒ жаратылыстану-математикалық
бағыттағы
10-11-сыныптарда
–
аптасына 2 сағаттан, оқу жылында – 68 сағат.
Достарыңызбен бөлісу: |