Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы



Pdf көрінісі
бет4/13
Дата15.03.2017
өлшемі1,18 Mb.
#9922
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Бейнелеу өнері
Бейнелеу өнері  курсы
өскелең
жеке  тұлғаның
рухани
қызметінің
қалыптасу  шарты  болып  табылатын  эмоциялық-бейнелі,  көркем  ойлау  түрін
қалыптастыруға бағытталған.
Оқыту мақсаттары:
- эстетикалық сезімдерді,  бейнелеу өнеріне қызығушылығын  тәрбиелеу;
өнегелі  тәжірибесін  байыту,  ізгілік  пен  зұлымдық туралы  ойларын  дамыту;
адамгершілік 
сезімдерін 
тәрбиелеу,
Қазақстан 
және 
басқа 
елдердегі
халықтардың мәдениетін құрметтеу;
- қиялын,  кез  келген  іске  шығармашылық тұрғыдан қарау  ниеті  мен
икемділігін, өнер мен қоршаған әлемді қабылдау қабілетін, көркемдік қызметте
бірлесіп жұмыс істеу шеберліктері мен дағдыларын дамыту;
- халық шығармашылығына  деген қызығушылығы  мен  сүйіспеншілігін
тәрбиелеу;
- аңғарымпаздығы мен көріп есте сақтау қабілетін дамыту.
Оқыту міндеттері:
- өзінің  қоршаған әлемге  көзқарасын  шығармашылық жұмыстарында
көрсете білу қабілетін дамыту;
- сурет,  кескіндеме,  композиция  бойынша  бейнелеу  сауаты  негіздерімен
таныстыру;
- жылы және суық түстермен таныстыру және оларды айыра білуге үйрету;
- бейнелеу өнерінің түрлерімен  (графика,  кескіндеме,  сәндік-қолданбалы
өнер,  мүсін,  дизайн,  сәулет өнері)  және  жанрларымен  (пейзаж,  портрет,
натюрморт, анималистика және т.б.) таныстыру;
- көркемдік  дағдыларды  меңгеру  (әртүрлі  материалдармен  жұмыс  істеу
және әртүрлі бейнелеу техникасын игеру);
- шынайы өмірде  көркем  мәдениеттің көрінісін  байқай  білу қабілетін
дамыту (мұражайлар, сәулет, дизайн, мүсін және т.б.);
-
балаларда  сезімдік-эмоциялық белгілерді  дамыту:  зейін,  есте  сақтау,
қиял, елестету;
- оқушылардың  қолдарының моторикасын,  иілгіштігін,  икемділігін  және
көзбен шамалау дәлдігін жақсарту.
Пәннің негізгі ерекшеліктері:
- ықпалдастырылған  модельде  пластикалық  өнердің
алуан  түрлері
(кескіндеме,  графика,  мүсін өнері,  көркемдік құрастыру,  дизайн  және  сәулет
өнері, сәндік-қолданбалы өнер) қолданылған;
- Қазақстан  және әлем  халықтары өнерінің  ұлттық ерекшеліктеріне
құрметпен қарау өзектілендірілген;
- қазіргі  заман өнерінің және өткен  заман  туындыларының бейнелі
ерекшелігіндегі  сабақтастық
байланыстар  айқындалады,  мәдениетаралық
қарым-қатынасқа және төзімділікке дайындық қалыптасады;
- аймақтық компонентті қосу,  бейнелеу өнерін  оқытудың шығармашылық
тәсіл мүмкіндіктері кеңінен пайдаланылған.
Бағдарламадағы  оқу  материалы  көркемдік  білімнің іскерлік  сипаты  мен
адамгершілік болмысын көрсететін блоктармен ұсынылған: «Көркемдік қызмет

31
түрлері»,  «Көркемдік  сауат  негіздері»,  «Қоршаған әлемді  тану»,  «Көркем-
шығармашылық қызмет мазмұны».
Осылайша  блоктарға  бөлу  ерекшелігі  мынада,  бірінші  блок  оқу
материалының мазмұнын  ашады,  екінші  блок  оны  іс  жүзінде  іске  асырудың
құралдарын  береді, үшінші  тапсырма  тақырыбының рухани-адамгершілік,
эмоциялық-құндылық бағыттылығын  болжамдайды,  төртінші  олардан  бала
көркемдік-шығармашылық тәжірибе  алып  шығатын қызмет  түрлері  мен
шарттарынан  тұрады.  Барлық блоктар өнердің  әртүрлі:  типологиялық, тілдік,
құндылыққа  бағдарланған, қызметтік қырларын  ашады.  Олар  (барлығы  бірге)
әр  сабақта әртүрлі  шамада  оқытылады.  Барлық блоктар  кешенді түрде  жалпы
көркемдік білім мен тәрбие міндеттеріне бағытталған.
Типтік  оқу  жоспарына  сай  бастауыш  мектеп  сыныптарында  «Бейнелеу
өнері» пәнін оқытуға аптасына 1 сағаттан, барлығы 135 сағат қамтылған.
1.6 «Технология» білім саласы
Еңбекке баулу
Пәннің мақсаты:  бастапқы  технологиялық білім,  еңбек  білігі  мен
дағдысын,  іс-әрекетті  жоспарлау  және ұйымдастыру  тәсілдерін  меңгерту;
сенсорика, қол  саусақтарының кіші  моторикасын,  кеңістік қиялын,  ақпарат
түрлерінде  бағдарлау қабілеттерін  дамыту; қоршаған әлем өзгерісіндегі  адам
еңбегінің рөлі  туралы  білімді  меңгерту;  адам  және  адам  еңбегіне құрметпен
қарауға, еңбексүйгіштігін тәрбиелеу.
Пәннің міндеттері:
алғашқы жалпы еңбек және арнайы біліктерін, еңбек және экологиялық
мәдени негізін қалыптастыру;
ақпаратты  іздеу, қайта өзгерту,  сақтау  және қолдану үшін  практикалық
іс-әрекетте және күнделікті өмірде алған білім мен білігін пайдалану;
жеке  гигиена  ережесін  сақтау,  материалдар  және
құралдармен
қауіпсіздік жұмыс тәсілін қолдану дағдысын дамыту;
өздігінен қажетті материалдардан түрлі бұйымдар құрастыру;
оқушылардың
шығармашылық 
қабілетін, 
көркем 
сезімін,
шығармашылық  қиялын,  кеңістік  ой-өрісін,  эстетикалық
талғамы  мен
құрастырушылық қабілеттерін дамыту;
ұжымдық жұмыс істеуді ұйымдастыру.
Пәннің негізгі  ерекшелігі – адам  және қоршаған әлем  арасындағы өзара
байланысы, қоғам  дамуындағы  адам қызметінің рөлі  туралы  түсініктерін,
алғашқы  технологиялық
біліктіліктері  мен  дағдыларын
қалыптастыру.
Еңбек  оқушы  дамуының  (адамгершілік,  ақыл-ой,  физикалық, эстетикалық) ең
бір  басты  факторы  болып  табылады.  Осы  сатыда қалыптасатын  дағды
оқушының одан әрі  дамуын қамтамасыз  етіп қана қоймай,  меңгеретін  білім
және білікті белсенді түрде қабылдауы мен түсінуіне мүмкіндік тудырады.
2013  жылы  оқу  бағдарламасының ауысуымен  4-сынып  оқулығында  «Сым
темірмен  жұмыс»,  «Фольгамен әшекей  бұйымдар  жасау»,  «Қошқар  мүйіз

32
оюының орындалу  реті»  тақырыптары қарастырмауына  орай  мұғалім  пәнді
оқытуды жоспарлауда өзге тақырыптармен алмастыра алады.
Еңбекке  баулу  пәніне  аптасына  2  сағат,  бағдарламалық материалды
меңгеру үшін  жылына:  1-сыныпқа – 66  сағат,  2–4-сыныптарға  68  сағат
қарастырылған.
1.7 «Дене шынықтыру» білім саласы
Дене шынықтыру
Пән – бұл дене шынықтыру қызметі, оқушылардың дене және психикалық
саулығын сақтау туралы білімдер жүйесі.
Пәнді  оқыту  тұлғаны қалыптастыру,  танымдық белсенділігінің дамуына
бағытталған.
Оқыту мақсаты:
- қимыл-қозғалыс негіздерін игеру арқылы оқушылардың дене мәдениетін
қалыптастыру;
- өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қараудың қажеттілігін қалыптастыру;
- физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуы;
- салауатты өмір  салтын ұйымдастыруда  дене  тәрбиесі құралдарын
шығармашылық жолмен қолдану.
Оқыту міндеттері:
- оқушылардың денсаулықтарын  нығайту,  дене  бітімдерін  жақсарту,
жалпақтабандылықтың
алдын-алу;  дененің  қимыл-қозғалыс
әрекеттерін
белсенді және өзбетінше жасауға тәрбиелеу;
- денсаулықты сақтау мен нығайтуға қатысы бар дене тәрбиесі саласының
білім жүйесін қалыптастыру;
- дене  шынықтыру  сапаларын:  күштілік,  жылдамдық, төзімділік,  ептілік,
иілгіштік және қимыл-қозғалыс үйлесімділігін дамыту;
- акробатикалық, гимнастикалық, жеңіл атлетикалық және басқа да жалпы
дамыту бағытындағы алуан-түрлі дене жаттығулар кешенін үйрету;
-
жеке  тұлғаның  әлеуметтік  маңызы  бар
қасиеттерін  тәрбиелеу,
адамгершілік  және  жігер  сапаларын  дамыту,  эстетикалық талғамын  және
мәдениеттілік дағдыларын қалыптастыру;
- жеке  гигиена,  күн  тәртібі,  дене  жаттығуларының ағзаға  тигізетін әсері,
жұмыс  істеу қабілеті  мен қимыл-қозғалыс қабілеттерін  дамыту  секілді
қарапайым білім деңгейін қалыптастыру.
Бағдарлама  екі  бөлімнен  тұрады:  «Дене  шынықтыру  туралы  білім
(ақпараттық компонент)»  және  «Әрекет  етудің жан-жақты  және  пәндік
әдістерін қалыптастыру (әрекеттік компонент)».
Бастауыш  мектептегі  дене  шынықтырудың
педагогикалық
жүйесін
ұйымдастырудың негізгі  түрі:  дене  шынықтыру  сабақтары;  оқу  күндерінде
ұйымдастырылатын және  сауықтыру  іс-шаралары;  спорттық жарыстар  мен
мерекелік  шаралар;  спорттық  үйірмелерде  шұғылдану;  дене  жаттығуларымен
өздігімен шұғылдану (үй тапсырмалары).
Оқу пәнінің мазмұнын іріктеу педагогикалық тәсілдерге негізделген:

33
- жеке  адамға  бағытталған  тәсіл  бала  организмінің функционалдық
мүмкіндіктеріне сәйкес келетін дене жүктемелерін мөлшерлеуді көздейді;
- әрекет ету тәсілі бала қозғалыс арқылы дамитындығын қарастырады;
- денсаулықты  сақтау  тәсілі үйрету  процесінде  баланың денсаулығын
міндетті түрде сақтауды қарастырады.
Дене  шынықтыру  мұғалімі  бағдарлама  талаптарына  сүйенеді  және әрбір
оқушының жеке  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  талаптардың  (қорытынды
тапсырмалар) өзіндік  шкаласын құруына  және  сол  бойынша  оқушылардың
жылдық үлгерімдерін бағалауына болады.
«Шаңғы дайындығы» және «Жүзу» тараулары бойынша сабақтарды толық
мәнінде  жүргізуге  мүмкіндігі  жоқ республиканың аймақтарында  оларды
алмастыру ұсынылады.  Мектеп ұжымының педагогикалық кеңесінің шешімі
бойынша  бұл  сабақтар  тиісінше  дала  жарысымен  (кросс  дайындығымен)  және
гимнастикамен  (ырғақты,  атлетикалық, кәсіби-қолданбалы)  алмастырылуы
мүмкін.
Типтік оқу жоспарына сәйкес пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында 99 сағатты;
2-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты;
3-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты;
4-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты құрайды.
2 Негізгі орта білім деңгейіндегі пәндерді оқыту ерекшеліктері
2.1  «Тіл және әдебиет» білім саласы
Қазақ тілі
Жалпы  білім  беретін  мектептің негізгі  орта  деңгейінде  оқушыларға  пәндік
білім  беріп қана қоймай,  тілдің  қоғам  мен  жеке  тұлғаның дамуындағы
атқаратын қызметіне  сай  тілдік қарым-қатынасқа  түсуге, өз  ойын  түсінікті әрі
әсерлі жеткізе білуге, басқалармен диалогке түсе білуге төселдіру қажет. Қазақ
тілін қатысымдық-танымдық тұрғыдан  оқыту  тілдің  өз өміріндегі  және
қоғамдағы  рөлін  саналы  түрде  түсінуге,  тілдің табиғатын  халықтық таным
тұрғысынан  пайымдауға үйретеді.  Тілдің  қатысымдық тұрғыдан  оқытылуы
тілдесім
әрекетінде  іске  асырылатын  тілдік  бірліктердің
табиғи  және
функционалдық  қасиеттерін  тануға,  оның ішкі  мағыналық иірімдерін  түсініп
пайдалануға  мүмкіндік  туғызады.  Сөз  бен  сөйлемді,  мәтінді әрі  тілдік, әрі
қатысымдық бірлік  ретінде  оқыту  тілдің мәдени-танымдық,  қатысымдық,
әлеуметтік, кумулятивтік қызметтерін меңгеруіне жол ашады.
Мектеп  оқушысына  тілді қатынас  және  таным құралы  ретінде  оқыту;  сөз,
сөз  тіркесі,  сөйлемнің мәтінтүзімдік қызметін  таныту;  тілдік  бірліктердің
табиғатына  сай  мәтін құрату;  мәтін құраудағы  заңдылықтарды үйрету;  тілдік
жағдаяттарда  ауызша  сөйлеу  мен  жазбаша  сөйлеудің нормаларын  меңгерту;
әсерлі сөйлеудің лексика-грамматикалық тәсілдерін игерту көзделеді.
Пәнді оқыту мақсаты:

34
Өзін  және өмір  сүріп  жүрген  ортасын  бағалай  алатын  жас ұрпаққа  білім
беретін,
ұлттық
дүниетанымын 
кеңейтетін, 
шығармашылық
ойлауға
төселдіретін, айналадағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауды үйрететін,
оны  тұлға  ретінде әлеуметтендіруге  мүмкіндік  беретін қазақ тілінің білімдік,
танымдық,  қатысымдық және  кумулятивтік қызметтерін  меңгерту.  Мәтін
құрауға
қатысатын  тілдік  бірліктердің
түрлі  деңгейдегі  сипаттамасын,
қолданыстағы мағыналық реңктерін және қатысымдық мәнін білгізу.
Пәнді оқыту міндеттері:
тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсіндіру;
тілдің танымдық, қатысымдық, кумулятивтік қызметтерін таныту;
тілдік бірліктердің түрлі деңгейлердегі сипатын меңгерту;
тілдің мәтін ішіндегі қолданысын игерту;
мәтіннің тілдік және танымдық қызметтерін меңгерту;
тілдік бірліктердің қолданыстағы мағыналық реңктерін ажырату;
тілдік бірліктердің ақпараттық мәнін ұғындыру;
дыбыстың, сөздің, сөйлемнің, мәтіннің  қолдану  барысындағы  табиғатын
түсіндіру;
оқушылардың логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру;
оқушылардың тілдік сауаттылығын арттыру;
әдеби тіл нормаларын меңгерту;
тілдік жағдаяттарда қарым-қатынас жасаудың амал-тәсілдерін үйрету;
оқушылардың тілдік  бірліктерді  жұмсаудағы  эстетикалық талғамдарын
қалыптастыру;
шығармашылық ізденіс бағытындағы жұмыс түрлеріне төселдіру;
мәтін табиғатына талдау жасай білуі тиіс.
Мектептің негізгі  орта  білім  беру  деңгейіндегі қазақ тілі  пәнін  оқытуда
оқушыға  тілдің  ғылыми  негіздері  жөнінде  толық, аяқталған  сипаттағы  тұтас
білім беру және әдеби тіл нормасын меңгерту көзделеді.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Қазақстан – 2050» стратегиясы –
қалыптасқан мемлекеттің жаңа  саяси  бағыты»  атты  халыққа  Жолдауы
талаптарына  сәйкес қазақ тілін  оқытудың  әдістемелік  жүйесі  (оқыту  мақсаты,
білім 
мазмұны, 
күтілетін 
нәтижелер) 
жаңғыртылып, 
оқушылардың
интеллектуалдық  әлеуетін  тілдік-коммуникативтік құзыреттіліктері  негізінде
дамытуға  басымдық берілді. Оқу  пәнінің білім  мазмұны  коммуникативтік,
прагматикалық талаптар бойынша жетілдірілді.
Білім  мазмұны  тіл  білімі  саласы  бойынша  соңғы ғылыми  зерттеулерге  сай
орфография,  орфоэпия,  стильдік  нормаларды
қалыптастыру  тұрғысында
жетілдірілді.
Фонетика, морфология, синтаксис, пунктуация салалары бойынша берілген
тақырыптарға жүйелілік толықтырулар жасалды.
Тіл  білімінің ең күрделі  саласы  синтаксис  оқытылатын  8-сыныптың
апталық жүктемесі  2  сағаттан  3  сағатқа  арттырылуы  оқушылардың білім
мазмұнында қамтылған тақырыптарды меңгеруіне оң ықпал етеді.

35
Оқушылардың біліміне қойылатын  талаптар Қазақстан  Республикасының
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына (2012 ж.) сәйкес пәндік,
тұлғалық және  жүйелі-әрекеттік нәтижелер  түрінде  айқындалып,  сыныптар
бойынша нақты көрсетілді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру
стандартында ұсынылған типтік  оқу  жоспарына  сәйкес  оқу  жүктемесінің
көлемі.
4-қосымша:
5-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;
6-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;
7-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;
8-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;
9-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат.
Әрбір  тоқсанда  алынатын  бақылау  диктантының саны  сол  сыныптағы
апталық сағат санымен сәйкес келуі керек.
Қазақ әдебиеті
«Қазақ  әдебиеті»  пәні  оқушыларды  халқымыздың бай  ауыз әдебиеті
үлгілері  мен қазақ  әдебиеті  тарихының ежелгі  дәуірінен  бүгінгі  күніне  дейінгі
кезеңдерін  жүйелі  оқытуды  басшылыққа  алады.  Пәнді  оқыту  мақсатының  өзі
өскелең  ұрпақты ұлттық сөз өнерімен  жүйелі  таныстыра  отырып, әдеби
үдерістің бағыт-бағдарына өздігінен  шолу  жасай  алуға,  көркем  шығарманы
талдап, бағалай білуге үйрету және сол арқылы олардың бойына адамгершілік,
отансүйгіштік және эстетикалық қасиеттерді сіңіру ниетінен туындайды.
Пәнді  оқытуда  шәкірттерге  білім  мазмұнын  игертумен қатар,  оларға
ұлттық тәлім-тәрбиеге  негізделген  мәдени құндылықтарды, әдет-ғұрып  пен
салт-дәстүрлерді  таныту,  оқушылардың тілдік қорын  байыту, әдеби  білімнің
жүйелілігі, үздіксіздігі,  сабақтастығы,  білім  мазмұнының тарихилық сипаты
мен пәнаралық байланыс сияқты ұстанымдарды басшылыққа алу керек.
Сонымен қатар,  пәнді  оқытуда,  білім  мазмұнындағы қазақ  әдебиетінің
үздік  шығармаларын, ұсынылып  отырған  шығармалардың ой қазығы,  сюжеті,
композициясы,  жанрлық сипаты  мен  кейіпкерлерін,  ондағы  халықтық  әдет-
ғұрып  пен  салт-дәстүрлер  көрінісін,  табиғат  суреті, қаламгерлердің сөз
қолданыстарын зерделеуге баса мән беруі тиіс.
«Қазақ  әдебиеті»  оқу  пәнінің  5-9  сыныптардағы  білім  мазмұнын қазақ
халқының ауыз әдебиеті үлгілері,  ежелгі  дәуір әдебиеті үлгілері,    XVIII- XIX-
XX ғасырлар әдебиетіндегі  көрнекті  ақын-жазушылардың көркем  туындылары
мен жыраулар поэзиясы, әдебиеттің эпос, драма, лирика сияқты жанрлары және
әдеби-теориялық  ұғымдар құрайды.  «Қазақ  әдебиеті»  пәнін  5-9  сыныптарда
оқытуда оқушылардың тіл және көркем сөз туралы ұғым-түсініктерін кеңейту,
қазақ  әдебиеті  пәні  бойынша  функционалдық сауаттылықтары  мен қарым-
қабілеттерін жетілдіру болып табылады.
Пәнді оқытудың мақсаты:
5-9  сыныптарда  халық ауыз әдебиеті  шығармалары  мен ұлттық фольклор

36
мұраларын  оқыту  арқылы  оның басты  идеялық бағытын, тақырыптық,
мазмұндық мақсатын  саралай  білетін  және өз  халқының тарихын,  дәстүрін,
әдебиеті  мен  мәдениетін ұлттық  құндылық ретінде  бағалай  алатын, ұлттық
әдеби  мұраны  терең игеріп,  сол  негізде  еліне қызмет  ете  алатын,  танымы
жоғары, білімі орнықты, шығармашылықпен ойлай алатын, өркениетті қоғамға
сай парасатты тұлға қалыптастыру.
Пәнді оқытудың міндеттері:
- әдеби көркем туынды арқылы оқушының ұлттық танымын қалыптастыру,
әдебиеттің көркемөнердегі мән-маңызын таныту;
- көркем әдебиетті  оқытуда  шығарманың идеялық-тақырыптық мәнін
меңгерту және рухани-мәдени құндылықтар жөнінде пікір алмасуға үйрету;
- оқушылардың  әдеби-теориялық білімдерін  тереңдетіп,  шығарманың
мазмұндық, жанрлық, стильдік ерекшеліктерін таныту;
- шығарманың тақырыптық-идеялық мәнін  және  көркемдік-бейнелілік
құрылымын талдай білуге үйрету;
- қазақ әдебиеті тарихындағы қоғамдық-саяси мәселелерді, ұлттық сананы
оятуға әсер еткен көркем туындыларды меңгерту;
- әдебиет  тарихы  бойынша  тиісті  мәліметтер  мен әдебиеттану ұғымдарын
пайдалана  отырып, көркем  шығармаларды  оқу  мен  талдау  дағдыларын
меңгерту;
- оқушыларды бейнелі ойлау мен шығармашылық қиялдауды, оқырмандық
мәдениет пен авторлық ұстанымды түсінуге баулу;
- көркем  шығарманың мазмұнын  анықтай  алуын,  ауызша  және  жазбаша
түрде өз  түсініктерін жеткізе  біліп, қазақ  әдеби  тілін,  сөздік қор  мен  сөз
байлығын сауатты пайдалануға баулу;
- әдеби  пәндер  жүйесіне  тән  білім  мен  іскерлік  дағдыларды  меңгерту,
өздігінен  жұмыс  істеуге  бағытталған  шығармашылық  қабілетін  жетілдіру,
оларды тәжірибеде қолдана білуге үйрету;
- өнердің басқа  түрлерінің ішіндегі әдебиеттің  өзіндік  ерекшеліктері
туралы түсініктерін тереңдету.
Қазақ  әдебиеті  пәні  сөз өнерін  оқып үйренуді, өз  замандағы әдебиет
өкілдерінің көркемдік  ойлау  жүйесін, ұлт әдебиетіндегі  тарихи  сабақтастықты
жан-жақты қарастырады.  Көркем  туындылардың тақырыптық, мазмұндық,
идеялық бағыттары мен мақсаттарын саралауды көздейді.
Негізгі  орта  білім  деңгейінің  5-9  сыныптарында  оқушылар  тұрмыс-салт
жырлары,  мақал-мәтелдер,  жұмбақ-жаңылтпаштар,  ертегі,  аңыздар,  діни-
мифтік әңгімелер, әдеби  дастандар,  батырлар  жыры,  лиро-эпостық жырлар,
шешендік  сөздер,  айтыс  жанрлары  және  жыраулар  поэзиясы,  XVIII- XIX- XX
ғасырлар әдебиетіндегі  көрнекті  ақын-жазушылардың көркем  туындыларын
оқып үйрену арқылы халқымыздың ұлттық рухын, дүниетанымын, салт-дәстүр,
әдет-ғұрпын  мәдени  мұра  ретінде  танып  біледі.  5-9  сыныптардағы  «Қазақ
әдебиеті» пәндерінің оқу бағдарламаларына төмендегідей өзгерістер енгізілді.
5-сыныпта қанатты, нақыл сөздер, қазіргі кездегі бата, жоқтаулар, Ақселеу
Сейдімбектің «Әйел-Ана» ертегісі, Қадыр Мырзалиевтің «Ана» өлеңі енгізілді.

37
Қасым  Аманжоловтың  «Дауыл» өлеңінің орнына  «Жамырап  күнде  жас өмір»
өлеңі,  Мұхтар  Шахановтың  «Отырар» өлеңінің орнына  «Нарынқұм  зауалы»
өлеңі енгізілді. Жамбыл Жабаевтың «Өтеген батыр» дастанынан үзінді алынып
8-сыныпқа  ауыстырылды.  Иса  Байзақовтың  «Жазғы  кеш»
өлеңі  оқу
бағдарламасынан  алынды. Әлем әдебиетінен  А.С.Пушкиннің  «Балықшы  мен
балық» ертегісі  бастауыш  сыныпта  болғандықтан  алынды.  Ш.Айтматовтың
«Ерте келген тырналар» хикаятынан үзінді алынып тасталды.
6-сыныпта  Сәбит  Дөнентаевтың  «Заман  кімдікі?»,  «Бозторғай»,  «Ой»
фельетондары,  Сансызбай  Сарғасқаевтың  «Тәмпіш қара»  повесінен үзінді,
Мұзафар Әлімбаевтың «Ана тілім ғажап деп айта аламын», «Биіктер» өлеңдері,
Әбділхамит  Марқабаевтың
«Ғарыштағы қымыз» әңгімесі  енгізілді. Шәкәрім
Құдайбердіұлының  «Жолама қулар  маңайға»,  Ілияс  Жансүгіровтің  «Күйге»
өлеңі, Ғабит  Мүсіреповтің    «Жапон  балладасы»    алынып  тасталды.  Бейімбет
Майлиннің  «Даудың басы  Дайрабайдың көк  сиыры» әңгімесінің орнына
«Түйебай» әңгімесі берілді.
7-сыныпта Сәкен  Сейфуллиннің  «Тұлпарым»,  «Қамаудан» өлеңдері,
Шерхан  Мұртазаның "Жүз  жылдық жара" әңгімесі, Баубек  Бұлқышевтың
"Шығыс ұлына  хат"  көсемсөзі, Тахауи  Ахтановтың  «Окоп үстіндегі  айқас»
әңгімесі  ("Қаһарлы  күндер"  романынан үзінді)    алынып  тасталды.  Сәбит
Мұқановтың  «Балуан  Шолақ» хикаятынан үзінді,  Иса  Байзақовтың  «Құралай
сұлу»  поэмасынан үзінді, Сафуан  Шаймерденовтың«Ит  ашуы»повесінен
үзіндіенгізілді. Қасым  Аманжоловтың  "Ақын өлімі  туралы  аңыз"  поэмасынан
үзіндінің орнына  «Дүниеге  жар» өлеңі  енгізілді. Әлем әдебиетінен  Шандор
Петефидің  «Ұлт өлеңі»,  О.Генридің  «Соңғы  жапырақ», Ғабдолла  Тоқайдың
«Өміржолына қадам  басқандарға»,  «Шаруаң бітсе - ойнай  бер» өлеңдері
алынып тасталды.
8-сыныпта Ахмет  Йүгінекидің «Ақиқат  сыйы»  шығармасы, Тұрмағамбет
Ізтілеуұлының
«Адамдық іс»,  «Арқаңның ауруы  не, қозбайтұғын» өлеңдері
енгізілді.  Жамбыл  Жабаевтың  «Өтеген  батыр»  дастанынан үзінді  енгізілді.
Шерхан  Мұртазаның  «Ай  мен  Айша»  романынан үзіндінің орнына  «Бесеудің
хаты»  драмасы  берілді.  Олжас  Сүлейменовтің  «Махамбетке» өлеңі  алынып
тасталды.
9-сыныпта  «Ер  Тарғын»  жырының орнына «Қамбар  батыр»жырынан
үзінді,  Осы  күнгі  айтыстардың орнына 80  жылдардан  бергі  ақындар  айтысы,
Түркі тектес халықтарға ортақ мұра тақырыбы, Қазтуған, Доспамбет, Жиембет,
Шал  ақын,  ХІХ ғасыр әдебиетіне  шолу,  Нысанбай  жыраудың  «Кенесары-
Наурызбай»  жыры,ХХ ғасыр  басындағы қазақ  әдебиетіне  шолу, енгізілді.
Махамбеттің  «Ереуіл  атқа  ер  салмай»,  «Мұнар  күн» өлеңдері  8-сыныпта
болғандықтан  алынып,  «Мен,  мен,  мен  едім»,  «Арқаның  қызыл  изені-ай»
өлеңдері  енгізілді.   «Қорқыт  ата  кітабы»  8-сыныпта  бар  болғандықтан алынып
тасталды.  Абайдың  «Мен  жазбаймын өлеңді  ермек үшін»,  «Мәз  болады
болысың»,  «Сегіз  аяқ»  өлеңдері  10-сыныпта  бар  болғандықтан  алынып,
«Әуелде  бір  суық мұз  ақыл зерек»,  «Ғашықтық  құмарлықпен  ол  екі  жол»,
«Жазғытұры» өлеңдерімен  толықтырылды.  Жамбыл  Жабаевтың  «Кәдірбайдың

38
төбеті», 
«Шағым»
өлеңдері 
10-сыныпта 
болғандықтан, 
отаншылдық
тақырыптағы өлеңдерін топтастыру мақсатында «Зілді бұйрық» өлеңі енгізілді.
Оқу үдерісінде  жүзеге  асырылатын  пәнаралық байланыс  оқушының
дүниетанымдық деңгейін  арттырып,  туған әдебиетінен өзге ғылым  салаларын
игеру мақсатында пайдалануына мүмкіндік береді.
«Қазақ тілімен»:көркем әдебиет  мәтіндерінен  стильдің түрлерін,  кірме
сөздерді,  архаизм,  жаңа  сөздерді  (неологизм)  табуға  бағыт  беріледі.
Сөйлемдердің
грамматикалық
нормаларға 
сәйкестігін,
құрылымын
қарастырады.
«Қазақстан  тарихымен»: әдеби  оқиғалардың тарихи  факторлармен  тығыз
байланыста  болатындығын  түсінуіне,  тарихи  деректерді  орынды  пайдаланып,
өзіндік ой-тұжырымдар жасай білуіне жол ашады.
Жаратылыстану 
циклі 
пәндерімен: 
танымдық
бағытта 
берілетін
материалдар  жаратылыстану  пәндерінің мазмұнымен  тікелей  байланыста
болғандықтан, оқушылардың дүниетанымын қалыптастырады.
«Музыка»  пәнімен:әннің идеялық-көркемдік  және  эстетикалық маңызын,
ұлттық  әуеннің  қазіргі әндермен ұқсастықтары  мен  айырмашылықтарын,
көркемдік ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік береді.
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
5-сынып –аптасына 3сағат, оқу жылында -102 сағат;
6-сынып –аптасына 2сағат, оқу жылында -68 сағат;
7-сынып –аптасына 2сағат, оқу жылында -68 сағат;
8-сынып –аптасына 2 сағат, оқу жылында -68 сағат;
9-сынып –аптасына 3сағат, оқу жылында -102 сағат.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет