289
мектеп кеңесі талқылайтын және білім беру ұйымының басшысы бекітетін
кестеге сәйкес күннің бірінші және екінші жартысында да топтарда, кіші
топтарда және жеке өткізіледі.
Оқытудың компенсаторлық
-
дамытушылық бағыты түзету пәндері, Жалпы
білім беру циклінің пәндері шеңберінде, сондай
-
ақ қосымша білім беру
жүйесінде жүзеге асырылады.
Еңбекке баулу жұмысшы кадрларға қажеттілікке бағдарланған өңірлік,
жергілікті жағдайларға сүйене отырып және психофизикалық дамудың жеке
ерекшеліктерін, денсаулығын, мүмкіндіктерін, сондай
-
ақ еңбек бейінін таңдау
негізінде тәрбиеленушілер мен олардың ата
-
аналарының немесе өзге де заңды
өкілдерінің мүдделерін ескере отырып ұйымдастырылады. Ерекше білім беру
қажеттіліктері бар білім алушылар үшін еңбекке оқыту бейіндері бойынша
үлгілік оқу бағдарламалары не білім алушылардың мүмкіндіктері мен
қажеттіліктерін ескере отырып мектеп педагогтері жасаған және мектептің
педагогикалық кеңесі бекіткен бағдарламалар пайдаланылады. Кәсіптік –
еңбекке оқыту (жалпы еңбек дайындығы), әлеуметтік
-
тұрмыстық бағдарлау,
шаруашылық еңбек, қолөнер бойынша сабақтар үшін сыныптар екі топқа
бөлінеді. Топтарды еңбек түрлері бойынша жинақтау оқушылардың
психофизикалық жағдайы мен мүмкіндіктерін ескере отырып, дәрігердің
ұсынымдары негізінде жүзеге асырылады. Оқушыларды параллель және іргелес
сыныптардан кіші топтарға біріктіруге болады.
10-
сыныпта ақыл
-
ойы бұзылған оқушыларды оқыту тереңдетілген кәсіби
-
еңбек дайындығы үшін арнайы жағдайлар жасай отырып ұйымдастырылады.
Мектепте оқу кәсіби
-
еңбек дайындығы бойынша емтиханмен аяқталады. Білім
алушылар белгіленген тәртіппен бітіру емтихандарынан босатылуы мүмкін.
Орташа ақыл
-
ой кемістігі бар оқушылар Еңбек дайындығы пәндері бойынша
бітіру емтиханын тапсырмайды.
Есту, көру, тірек
-
қимыл аппараты бұзылған, сөйлеу қабілеті бұзылған,
психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы мектептердің түлектері
алған білім деңгейін растайтын мемлекеттік үлгідегі аттестат алады. Негізгі
мектеп курсында жалпы білім беру бағдарламаларын сәтті меңгерген білім
алушылар жалпы орта білім мен мамандық алу мақсатында кәсіптік
колледждерде, кешкі мектепте оқуын жалғастырады.
Жеңіл және орташа ақыл
-
ой кемістігі бар түлектер білім алушылардың осы
санаты үшін белгіленген үлгідегі аттестат алады. Зерде бұзылыстары бар білім
алушылар екінші жылға (қайта оқуға) жіберілмейді.
Білім беру ұйымы білім алушылардың ата
-
аналарымен немесе оларды
алмастыратын адамдармен бірлесіп оқытылатын пәндердің тізбесін айқындайды,
білім алушының жеке мүмкіндіктеріне сәйкес үйде жеке оқытудың үлгілік оқу
жоспарының бөлінген сағаты шегінде пәндер бойынша сағаттарды сыныптар
бойынша бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: