255
Стилі мен жанрын тануда әр стильге, әр жанрға тән тілдік қолданыстарды
ажырату үшін мәтін ішіндегі тіл құралдарын түстеп таныту арқылы орта
мектепке сай лингвистикалық білім беру (тілдік талдаулар).
2) Мәтін тудыру дағдысын қалыптастырудағы айтылым бөлімінде:
айтылым кезінде ерін үндестігі мен буын үндестігін сақтау, сөйлеу техникасын
жетілдіру, сөйлеу мәдениетін сақтау арқылы шешендік өнердің қырларын
меңгерту (5
-11).
Жазылым бөлімінде: емле мен тыныс белгі нормаларын сақтай отырып,
қарапайым
диктант, мазмұндама жазудан бастап түрлі стильдегі және жанрдағы
мәтіндерді (эссе) жазу дағдыларын жетік меңгеру. Мәтіндерді типтей білу (5
-
11-
сыныптар) берілген.
10-11-
сыныптарға арналған «Қазақ тілі» пәнінің базалық білім мазмұны:
мәтінтану, мәтінтудыру, әдеби тіл нормаларын сақтау, орфографиялық норма,
орфоэпиялық норма, пунктуациялық нормаға негізделіп құрылған.
«Абай мектептеріне» арналған жаңартылған оқу бағдарламасының
ерекшелігі бағдарлама лексикалық тақырыптарға негізделіп жасалған.
5-11-
сыныптарға
арналған
оқу
бағдарламасында
ұлттық
құндылықтарымызды насихаттайтын лексикалық тақырыптар грамматикалық
тақырыптармен қатар көрініс табу арқылы оқушылардың әдеби тіл
нормаларын толық меңгеруіне мүмкіндік беру
көзделді.
Достарыңызбен бөлісу: