Б.бет артериясы
В.сыртқы ұйқы артериясы
Г.ішкі ұйқы артерия
+Г.қанат тәрізді вена өрімі
13.18 жасар науқастың 1.8 тісін жұлу үшін жасалған жансыздандырудан кейін оң жақ ұртында ісіну пайда болды. Дәрігер тісті жұлған соң, сол жеріне мұз басу керектігін айтты. 5-6 күннен кейін науқастың оң жағынан жоғарғы жақ сүйегі маңында самайға берілетін ауру сезім пайда болып, дене қызуы көтеріле бастады. Тексеру барысында құм сағат белгісі, ауыздың шетеліп ашылуы анықталды. 1.7, 1.8- тістердің тұсындағы өтпелі қатпар тегістелген,ірің бар басып тексергенде қатты ауыратыны анықталды. 1.8 тістің ұяшығы эпителиленіп, жазылу сатысында.
Төмендегі нақтамдардың қайсысы сай келеді деп ойлайсыз?
А.cамай асты аймағының инъекциядан кейінгі гематомасы
Б.cамай асты аймағының инъекциядан кейінгі флегмонасы
В.cамай асты аймағының инъекциядан кейінгі абсцессі
Г.cамай асты аймағының одонтогенная флегмонасы
+Д.cамай асты аймағының инъекциядан кейінгі іріңдеген гематомасы
14.18 жасар науқастың 1.6- тісін жұлу үшін төмпешіктік жансыздандыру жасау кезінде байқаусызда инъекциялық ине сынып қалды. Төменде көрсетілген дәрігердің іс әрекеттерінің қайсысы дұрыс деп ойлайсыз?
*ине сынығын жұмсақ тіндерден жедел алу
*қабынуға қарсы емдер тағайындау
*+екі бағытта рентген суретін түсіріп, бақылап отыру
*физиоемдер тағайындау
*сорылу емінің курсын тағайындау
15.Төменде көрсетілген жалпы қарсы көрсеткіштердің қайсысы кезінде тісті мүлдем жұлуға болмайды?
А.қояншық ауруы бар науқастардың
+Б.жедел инфаркт миокарды кезінде
В.жүрек қарыншасының созылмалы аневризмасында
Г.тромбоэмболияға бейім жедел септикалық эндокардиттеД.*стенокардия мен жүрек астмасының ұстамалары кезінде
16.Жоғарғы тістерді жұлу кезінде жиі кездесетін асқынуды көрсетіңіз.
А.жақтың сынуы
Б.жақ остеомиелиті
В.үшкүл нервтің невралгиясы
+Г.жоғарғы жақ қуысының тесілуі
Д.шықшыт тасбуыны
17.Дәрігер 4.8-тісті жұлу үшін науқастың оң жақ алдында тұрды да, сол қолдың бас бармағы 4.7 тістің шайнау бетіне қойып қалған саусақтарымен төменгі жақтың денесін бекіте қысып ұстады. Тегіс беті ақыл тіске бағытталып, екі тістің арасына тік элеватор салынып, 4.8 тіс астынан көтеріле бастады. Дәрігердің іс-әрекеттерінің ішінде қай қимылдары дұрыс болмады?
А.ротация жасау керек еді
Б.қысқыш дұрыс таңдалмады
В.дәрігер дұрыс тұрған жоқ
Г.алғашқы қимыл тіл жаққа бағытталуы керек еді
+Д.сол қолдың саусақтары басқаша орналасуы керек еді
18.Дәрігер 4.7-тісті жұлу үшін науқастың оң жақ алдында тұрды да, сол қолдың сұқ саусағаын тістің тұсындағы ұяшықты өсіндінің ұрт жағына, бас бармағын тіл жағынан қысып, қалған саусақтарымен төменгі жақтың денесін бекіте ұстады. Көлденең жазықтықтағы қысқышты тіске салып, бекіткен соң ұртқа қарай қозғады.
Дәрігердің іс-әрекеттерінің ішінде қай қимылдары дұрыс болмады?
А.ротация жасау керек еді;
Б.қысқыш дұрыс таңдалмады;
В.дәрігер дұрыс тұрған жоқ;
Г.алғашқы қимыл тіл жаққа жасалуы керек еді ;
+Д.сол қолдың саусақтары дұрыс орналаспады}
19.35 жасар әйел сол жағындағы төменгі тісінің ауыратынын шағымдап келді. Үстірттік жансыздандыру арқылы сауыты толық бұзылған 4.7-тісін жұлу керек деп жоспарланды. Жансыздандыру өз дәрежесіне жеткен соң, дәрігер науқастың оң жақ алдында тұрып, осы тістің тұсындағы ұяшықты өсіндіні сол қолының сұқ саусағымен сырт жағынан, ал ортаңғы саусағымен тіл жағынан, қалған саусақтарымен төменгі жақтың денесінен қыса ұстап, құс тұмсықты түбірлік қысқышты тіске салып, жылжытып, бекіткен соң алғашқы қимылды тілге қарай бағыттады.
Дәрігердің іс-әрекеттерінің ішінде қайсысымен келіспейсіз
А.ротация жасау керек еді;
Б.қысқыш дұрыс таңдалмады;
В.дәрігер дұрыс тұрған жоқ;
Г.алғашқы қимыл ұрт жаққа бағытталуы керек еді;
+Д.сол қолдың саусақтары басқаша орналасуы керек еді}
20.26 жасар ер кісі ауыз қуысын санациялау үшін келіп қаралды. Үстірттік жансыздандыру арқылы сауыты толық бұзылған 4.6-тісті жұлу керек деп жоспарланды. Жансыздандыру өз дәрежесіне жеткен соң, дәрігер науқастың оң жақ алдында тұрып, осы тістің тұсындағы ұяшықты өсіндіні сол қолының сұқ саусағымен сырт жағынан, ал ортаңғы саусағымен тіл жағынан, қалған саусақтарымен төменгі жақтың денесінен қыса ұстап, құс тұмсықты сауыттық екі ұртында істіктері бар қысқышты тіске салып, жылжытып, бекіткен соң алғашқы қимылды тілге қарай бағыттады. Тістің қалған сауыт бөлігі сынып кетті.Дәрігердің іс-әрекеттерінің ішінде қайсысымен келіспейсіз?
А.ротация жасау керек еді
Б.қысқыш дұрыс таңдалмады
В.дәрігер дұрыс тұрған жоқ
Г.алғашқы қимыл ұрт жаққа бағытталуы керек еді
+Д.сол қолдың саусақтары басқаша орналасуы керек еди
21.18 жасар жас өспірімнің 1.6-тісін жұлу үшін дәрігер науқасты креслоға отырғызып оның оң жақ алдында тұрды да, науқастың басын оңға қарай бұрды. S-тәрізді сол жақ ұртында істігі бар қысқышты тіске салып, алғашқы қимылды сыртқа қарай бағыттап тісті жұлу әрекеттерінен кейін тістің сауыт бөлігі сынып кетті.
Дәрігер төмендегі қателердің ішінде қайсысын жіберді деп есептейсіз?
А.қасындағы тістердің болғандығынан
Б.қысқыштың дұрыс таңдалмағандығынан
В.дәрігердің дұрыс тұрмағандығынан
Г.науқастың басының дұрыс бұрғандығынан
+Д.сол қолдың саусақтары басқаша орналасуы керек еди
22.68 жасар кісінің 1.2-тісін жұлу үшін дәрігер креслода отырған оның оң жағынан алдында тұрды. Жансыздандыру толық әсер еткен соң науқастың басын оңға бұрып, тегітегішпен қызыл иекті сыдырып, тік түбірлік қысқышты тіске салып, қызыл иектен терең жылжытып ,бекітті де ротация жасады.Тістің түбірі сынып кетті.
Дәрігер қандай қателік жіберді деп ойлайсыз?
+А.ротация жасағаны
Б.қызыл иекті жеткіліксіз сыдырғаны
В.дәрігер дұрыс тұрған жоқ
Г.құрал дұрыс таңдалып алынбаған
Д.науқастың басы дұрыс бұрылмаған
23.47 жасар еркек протезделу алдында ауыз қуысын санациялау мақсатымен дәрігер стоматологқа келді. Өзін денім сау деп есептейді. Тексеру барысында 1.2-тісінің толығымен бұзылғаны анықталды. Науқастың тісін жұлғаннан кейін ұяшықтан профузды қан кете бастады. Төмендегі себептердің қайсысы осы науқас үшін сәйкес келеді деп ойлайсыз?
А.тісті дөрекі жұлу
Б.таңдай артериясын жазатайым жарақаттап алу
+В.қан тамырынан дамыған ісікті жарақаттап алу.
Г.мұрын-таңдай артериясын байқаусызда жарақаттап алу
Д.жоғарғы жақ артериясын байқаусызда жарақаттап алу
24.27 жасар әйелдің 2.2-тісінің түбірін жұлғаннан кейін қызыл иегі қатты қанап кетті.
Төмендегі себептердің қайсысынан деп ойлайсыз?
+А.кызыл иектің жеткіліксіз сыдырылмағандығынан
Б.тіл артериясының байқаусызда жаралануынан
В.ісіктің байқаусызда жарақаттануынан
Г.мұрын-таңдай артериясының жарақаттануынан
Д.жоғарғы жақ артериясының жарақаттануынан
25.35 жасар ер кісі жұлынған тісінің орынының тамақ ішкен кезде қатты ауыратынын, ауызынан сасық иістің шығатынын шағымдап келді. 3 күн бұрын 3.8-тісі жұлынған. Беті симметриялы, сол жағынан төменгі жақ асты лимфа бездері ұлғайған, ауырмайды. Ауызы еркін ашылады. 3.8-тістің ұяшығындағы қан ұйығы қара-сұрланып кеткен. Төмендегі алдын ала қойылған нақтамдардың қайсысы сәйкес келеді?
+А.3.8 -тістің ұяшығының қабынуы
Б.3.8-тістің ұяшықтық нервінің қабынуы
В.3.8-тістің созылмалы ошақтық остеомиелиті
Г.төменгі жақ сүйегінің обыры
Д.3.8-тістің перикоронариті
26.Инъекциялық жансыздандырудан кейін дамитын ауыру сезімнің дамуына төмендегі себептердің қайсысының қатысы жоқ деп ойлайсыз?
А.нервті инемен зақымдау
+Б.анестетиктерді жұмсақ тінге жіберу
В.сүйек қабын иненің ұшымен зақымдау
Г.жұмсақ тіндерді иненің қайырылған ұшымен зақымдау
Д.сүйек қабының астына анестетикті көп жіберу
27.И. атты 27 жасар жігіттің 3.6-тісін жұлу кезінде антагонист тіс зақымданды. Тіс жұлу операциясының қай кезеңі дұрыс орындалмады?
А.1-кезеңі
Б.2-кезеңі
В.3-кезеңі
Г.4-кезеңі
+Д.5-кезеңі
28.Ауыз қуысын санациялау мақсатымен келген 26 жасар жігіттің 4.6-тісінің сауыты толығымен бұзылғаны анықталды. Үстірттік жансыздандыру арқылы жұлу керек деген шешім қабылданды. Дәрігер тістің сауыт бөлігін медиалды түбірімен бірге жұлып алды. Дисталды түбіріне қысқыш салу мүмкін емес.
Қалған түбірді жұлу үшін дәрігер қандай құрал алғаны дұрыс?
А.тік элеватор
Б.леклюз элеваторы
В.құс тұмсықты түбірлік қысқыш
+Г.«Өзіне» бұрыштық элеваторы
Д. Өзінен» бұрыштық элеваторы
29.А. атты 40 жасар науқас ауызын шайнағанда мұрнынан су ағатынына, ұртын үрлегенде ауаның кіріп кететіндігіне шағымданып келді. Анамнезінде жарты жыл бұрын 1.6 тісі жұлынғаны анықталды. Төмендегі асқынулардың қайсысы дамыды деп ойлайсыз?
А.жедел одонтогендік гайморит
Б.жоғарғы жақсүйегінің одонтогендік остеомиелиті
В.жоғарғы жақ қуысының тесілуі
+Г.жоғарғы жақ қуысының перфорациясы
Д.мұрын қуысының түбінің ісінуі
30.А. атты 27 жасар науқас үш апта бұрын тісін жұлғаннан кейін дәрігердің қабылдауына келіп қаралды. Тексеру барысында 34 тісінің ұяшығынан гранулдентен тіндер шығып тұрғаны, аздаған мөлшерде ірің ағып тұрғаны анықталды. Ренген суретінде ұяшық қабырғаларының сорыла бастағаны, түбінде көлемі 0,3х0,2 мм шекарасы анық жеке жатқан сүйек бөлігі секвестр анықталады. Төмендегі алдын ала қойылатын нақтамдардың қайсысы сай келеді?
А.төменгі жақсүйегінің обыры
Б.3.4 тістің альвеолиті
В.3.4 тістің ұяшығының жедел остеомиелиті
+Г.3.4 тістің ұяшығының созылмалы остеомиелиті
Д.3.4 тістің жартылай жұлынуы
31.35 жасар әйел сол жағынан мұрын ерін қатпарының үш күннен бері ауыратынына, әлсіздікке, қалтырауға, басының ауыратынына шағымданады. Тексеру барысында: сол жақ мұрын ерін қатпарының терісі қызарып ісінген, сіңбенің ортасында іріңді өліеттенген өзек анықталады.
Қандай ем шара шипалы болады?
А.тесіп қашырты қою
Б.крест тәрізді тіліп, қашыртқы қою
+В.төменгі қырынан тіліп, қашыртқы қою.
Г.сіңбенің айналасына анестетик салып тастау
Д.қабынуға қарсы және физио ем тағайындау
32.20 жасар ер кісі оң ұртында екі аптадан бері ауырмайтын жараның пайда болғанын шағымдап келді. Тексеру барысында: ұттың шырышты қабығында пішіні домалақ табақша тәрізді, шеміршек тәрізді түсі ақшыл қызыл жара анықталды. Нақтамалау мақсатымен науқас қан сараптамасын тапсырды.
Науқасты қандай дәрігерге қосымша тексерткен дұрыс болады?
А.дәрігер - онкологқа
Б.дәрігер- гепатологқа
+В.дәрігер- венерологқа
Г.дәрігер- инфекционистке
Д.шырышты қабықпен айналысатын стоматологқа
33.Жақ бет аймағының қабылдау бөліміне аузының құрғақтығына, жалпы әлсіздікке, тез шаршап қала беретініне, көзінің құрғақтығына, жылағанда жас шықпайтына, көзіне құм тсіп кеткендей сезімге, жарыққа қарай алмауына шағымданған 54 жастағы әйел келді. Тексеру барысында: терісі құрғақ, буындары деформацияланған, құлақ маңы сілекей бездері бұдырлы әрі қатты және ұлғайған. Ауру өршіген кезде дене қызуы көтеріліп, бездерді қатты ауыратынын без өзегінен іріңді шырыш сұйықтықтың ағатынын айтты.
Осы науқас қандай маманда ем алғаны дұрыс?
А.дәрігер окулистте
Б.дәрігер венерологта
В.дәрігер стоматологта
+Г.дәрігер ревматологта
Д.дәрігер инфекционистте
34.45 жастағы ер кісіге жақ бет хирургиясының қабылдау бөлімінде самай асты шұңқырының іріңдеген гематомасын ашу жоспарланды.
Іріңді қай жерден тіліп ашқан дұрыс болады?
А.инфильтраттың төменгі қырынан
Б.самай еттерінің талшықтарының бойымен
В.бет сүйегі доғасының үстінен
Г.төменгі жақсүйегі денесіне паралелді
+Д.жоғарғы азу тістердің тұсындағы өтпелі қатпардан
35.Жақ бет аймағының хирургі қабылдау бөлімінде флегмонаны ашу үшін төменгі жақсүйегінің бұрышын айналдыра оның төменгі қырынан 2,0 см. ішке, тері мен тері асты клечаткасын тілді. Меншікті шайнау етінің шандырларын кесіп, доғал жолмен оның ішкі бетімен төменгі жақсүйегінің бұтағының сыртына маскидпен өтіп экссудатты шығарды.
Дәрігер қай аймақтың флегмонасын ашты?
А.жұтқыншақ маңы
Б.жақарты
В.төменгі жақсүйегі асты
+Г.массетер асты;
Д.қанат төменгі жақсүйегі
36.Жақ бет аймағының хирургі қабылдау бөлімінде флегмонаны ашу үшін төменгі жақсүйегінің бұрышын айналдыра оның төменгі қырынан 2,0 см. ішке, тері мен тері асты клечаткасын тілді. Ішкі қанат тәрізді шайнау етінің шандырларын кесіп, доғал жолмен оның сыртқы бетімен төменгі жақсүйегінің бұтағының ішкі бетіне маскидпен өтіп экссудатты шығарды.
Дәрігер қай аймақтың флегмонасын ашты?
А.жұтқыншақ маңы
Б.жақарты
В.төменгі жақсүйегі асты
Г.массетер асты
+Д.қанат төменгі жақсүйегі.
37.Жақ бет аймағының хирургі қабылдау бөлімінде флегмонаны ашу үшін төменгі жақсүйегінің бұрышын айналдыра оның төменгі қырынан 2,0 см. ішке, тері мен тері асты клечаткасын тілді. Ішкі қанат тәрізді шайнау етінің ішкі бетімен, доғал жолмен маскидпен жоғары, атрқа және ішке өтіп экссудатты шығарды.
Дәрігер қай аймақтың флегмонасын ашты?
+А.жұтқыншақ маңы;
Б.жақарты
В.төменгі жақсүйегі асты
Г.массетер асты
Д.қанат төменгі жақсүйегі
38.Ер кісі жоғарғы жақсүйегіндегі бұзылған тісінің ауыратынына шағымданады. 1.6 тісті жұлу кезінде жоғарғы жақсүйегі қуысының түбі тесіліп кетті.
Дәрігердің іс шарасы төмендегі факторлардың қайсысына байланысты?
А.науқастың жасы
Б.науқастың жалпы жағдайы
В.жоғарғы жақсүйегінің типіне
Г.ауыздағы созылмалы одонтогендік үрдістің болуы
+Д.жоғарғы жақсүйегі қуысында қабынудың болуы.
39.Ер кісі жақ бет аймағының хирургиясы бөлімшесіне ауыз қуысының түбінің флегмонасымен келіп түсті. Флегмонаны ашқаннан кейінгі тағайындалған кешенді емнің ішінде трипсин де бар.
Іріңді қабыну үрдісін емдеу барысында энзимотерапия не мақсатпен тағайындалады?
А.жергілікті қызаруды басу үшін
Б.іріңді ошақтағы ауру сезімді басу үшін
+В.жараны өліеттенген тіннен тазарту үшін.
Г.жараны ұйыған қаннан тазарту үшін
Д.іріңді ошақтағы ісінуді басу үшін
40.Төмендегі қай тілік арқылы екі аймақтың флегмонасын ашуға болады?
+А.қанат- төменгі жақсүйегі қатпары бойымен;
Б.төменгі жақсүйегінің қырынан 1,5-2,0 см ішке
В.төменгі жақсүйегінің қырына параллелді одан 1,5 см ішке
Г.төменгі жақсүйегінің бұрышын айналдыра оның қырынан 1,5-2,0 см ішке
Д.төменгі жақсүйегінің ішкі бетіне жақын, жақ- тіл астаушасымен
41.Ауыз қуысын тіс салу алдында санациялау мақсатымен 26 жасар науқас келіп қаралды.
Тексеру барысында төменгі тіс қатарының аралас ақауы Кеннеди бойынша ІІІ кл. анықталды. 4.5, 4.6 тістері жоқ 4.8 тісі сау, тіс қатарында тұр. 4.7 тіс жасанды сауытпен қапталған. Рентген суретінде тістің медиалды түбірі қисық, өзегінің 1/3 пломбаланған. Осы түбірдің ұшында шекарасы анық емес диаметрі 0,5 до 0,7 см сорылған ошақ анықталды.
Осы тісті сақтау үшін төмендегі отлардың қайсысы шипалы болады?
+А.гемисекция.
Б.тісті жұлу
В.тіс түбіріне ампутация жасау
Г.түбір ұшын кесу
Д.короно-радикулалық кесу
42.55 жасар ер кісі бір апта бұрын төменгі ернінде ісіктің пайда болғанын шағымдап келді. Тексеру барысында: төменгі ернінде диаметрі шамамен 0,7 см болатын жара анықталды. Нақтамалау мақсатымен дәрігер науқасты зертханаға жіберді.
Төмендегі зертеу тәсілдерінің қайсысы жүргізілуі керек?
А.Манту реакция
Б.микрореакцияға қан сараптамасы
В.нәжістің дисбактериозға анализі
Г.қанның биохимиялық сараптамасы
+Д.жараның элементтеріне цитологиялық зерттеу
43.42 ер кісіні клиникаға ауыр жағдайда жеткізілді. Мәжбүр жағдайда жартылай отыр. Жалпы жағдайы өте ауыр, ақыл есі дұрыс емес, сұрақтарға естімеген кісідей жауап бермейді.
Бет терісінің түсі топырақ түстес, еріні көгерген. Ауыз түбінде мойынға қарай жайыла бастаған көлемді сіңбе бар. Ауызы жартылай ашық. Дәрігер кеңірдекті қозғап мойынның қан тамыр нерв шоғырының тартылуын бақылады.
Дәрігер инфекциялық қабыну үрдісінің таралуына дәлел болатын төмендегі қай симптомды тексерді?
+А.Герке симптомы
Б.Поспелов симптомы
В.Равич-Щербо симптомы
Г.Равич-Щербо мойын симптом
Д.М. Рутенбурга -Л. Ревунского симптомы
44.37 ер кісіні клиникаға ауыр жағдайда жеткізілді. Мәжбүр жағдайда жартылай отыр. Жалпы жағдайы өте ауыр, ақыл есі дұрыс емес, сұрақтарға естімеген кісідей жауап бермейді.
Бет терісінің түсі топырақ түстес, еріні көгерген. Ауыз түбінде мойынға қарай жайыла бастаған көлемді сіңбе бар. Ауызы жартылай ашық. Дәрігер науқасты алға еңкейту кезінде науқастың арқасының ұзын еттерінің тартылып тұрғанын анықтады
Дәрігер инфекциялық қабыну үрдісінің таралуына дәлел болатын төмендегі қай симптомды тексерді?
+А.Герке симптомы
Б.Поспелов симптомы
В.Равич-Щербоның паравертебралық симптомы
Г.Равич-Щербо мойын симптом
Д.М. Рутенбурга, Л. Ревунского симптомы
45.45 ер кісіні клиникаға ауыр жағдайда жеткізілді. Мәжбүр жағдайда жартылай отыр. Жалпы жағдайы өте ауыр, ақыл есі дұрыс емес, сұрақтарға естімеген кісідей жауап бермейді.
Бет терісінің түсі топырақ түстес, еріні көгерген. Ауыз түбінде мойынға қарай жайыла бастаған көлемді сіңбе бар. Ауызы жартылай ашық. Дәрігер науқастың басын артқа шалқайтқанда науқастың төс сүйегінің асты қатты ауырды.
Дәрігер инфекциялық қабыну үрдісінің таралуына дәлел болатын төмендегі қай симптомды тексерді?
+А.Герке симптомы
Б.Поспелов симптомы
В.Равич-Щербоның паравертебралық симптомы
Г.Равич-Щербо мойын симптом
Д.М. Рутенбурга, Л. Ревунского симптомы
46.39 ер кісіні клиникаға ауыр жағдайда жеткізілді. Мәжбүр жағдайда жартылай отыр. Жалпы жағдайы өте ауыр, ақыл есі дұрыс емес, сұрақтарға естімеген кісідей жауап бермейді.
Бет терісінің түсі топырақ түстес, еріні көгерген. Ауыз түбінде мойынға қарай жайыла бастаған көлемді сіңбе бар. Ауызы жартылай ашық. Мойын мен көкірек терісі көкшіл тартқан.
Төмендегі алдын ала нақтамдардың қайсысы сай келеді?
А.Людвиг ангинасы
Б.ауыз түбінің флегмонасы
В.сепсиспен асқынған флегмона
+Г.медиастинитпен асқынған флегмона.
Д.жұтқыншақ маңы кеңістігінің флегмонасы
47.48 ер кісіні клиникаға ауыр жағдайда жеткізілді. Мәжбүр жағдайда жартылай отыр. Жалпы жағдайы өте ауыр, ақыл есі дұрыс емес, сұрақтарға естімеген кісідей жауап бермейді.
Бет терісінің түсі топырақ түстес, еріні көгерген. Ауыз түбінде мойынға қарай жайыла бастаған көлемді сіңбе бар. Ауызы жартылай ашық. Дәрігер науқастың өкшесінен ұрғанда науқастың төс сүйегінің асты ауырды.
Дәрігер инфекциялық қабыну үрдісінің таралуына дәлел болатын төмендегі қай симптомды тексерді?
+А.Герке симптомы
Б.Поспелов симптомы
В.Равич-Щербоның паравертебралық симптомы
Г.Равич-Щербо мойын симптом
Д.М. Рутенбурга, Л. Ревунского симптомы
48.38 ер кісіні клиникаға ауыр жағдайда жеткізілді. Мәжбүр жағдайда жартылай отыр. Жалпы жағдайы өте ауыр, ақыл есі дұрыс емес, сұрақтарға естімеген кісідей жауап бермейді.
Бет терісінің түсі топырақ түстес, еріні көгерген. Ауыз түбінде мойынға қарай жайыла бастаған көлемді сіңбе бар. Ауызы жартылай ашық. Дәрігер науқасқа көкірегіне ауаны толтыруын сұрады. Осы кеде науқастың мойын шұңқырының ішке тартылатынын байқады.
Дәрігер инфекциялық қабыну үрдісінің таралуына дәлел болатын төмендегі қай симптомды тексерді?
+А.Герке симптомы
Б.Поспелов симптомы
В.Равич-Щербоның паравертебралық симптомы
Г.Равич-Щербо мойын симптом
Д.М. Рутенбурга, Л. Ревунского симптомы
49.32 жасар О. атты ер катты ер кісі төменгі жақсүйегінің оң жақ бұрышы астында ісінудің барына, жұтынғанда ауыратынына, ауызының бір аптадан бері шектеліп ашылатынына шағымданады. Ауызы ІІ дәрежеде шектеліп ашылады. Қиындықпен оң жағынан қанат төменгі жақ қатпары мен ретромоляр аймағының тіндерінің ісінгені анықталды. 4.8 тістің дистал бұдырлары қызарып ісінген шырышты қабықпен жабылған.
Төмендегі тәсілдердің қайсысы арқылы іріңді ошақты дұрыс ашуға болады?
А.қанат төменгі жақсүйегі қатпарымен тілу
Б.төменгі жақсүйегінің бұтағының шетінен 1,5-2,0 см іш жағынан тілу
В.төменгі жақсүйегінің төменгі қырына параллелді 1,5 см іш жағынан
+Г.төменгі жақсүйегінің бұрышын айналдыра оның шетінен 1,5-2,0 см іш жағынан;
Д.төменгі жақсүйегінің ішкі бетінен тіл асты астаушасының бойымен
50.К. атты 40 жасар науқас сол жағынан төменгі жақсүйегі асты ауыратынына, жұтынғанда ауыратынына, дене қызуының 37,8қа дейін көтерілгеніне, жалпы әлсіздікке шағымданады. Тексеру барысында: сол жағынан төменгі жақсүйегі астында тығыз ауыратын сіңбе анықталды. Ауызы шектеліп ашылады, сол жағынан қанат төменгі жақ қатпары қызарып ісінген. Рентген суретінде 4.8 тіс тік орналасқанымен ретромоляр кеңістігі теріс екені көрінді.
Төмендегі мдердің қайсысы осы науқас үшін шипалы болады?
+А.4.8 тісті жұлып, флегмонаны ашу.
Б.4.8 тісті жұлып алтын ине тағайындау
В.4.8 тісті жұлып, физиоем тағайындау
Г.4.8 тісті жұлмай, физиоем тағайындау
Д.4.8 тісті жұлып, өтпелі қатпарды тілу
51.Л. атты 25 жасар әйел таңдайына 3-4 күннен бері солқылдап ауыратын ісінудің пайда болғанына шағымданады. Объективті: қатты таңдайда 2.4 тістің тұсында пішіні сопақ ауыратын сіңбе бар. Басып тексергенде былқылдаған белгі анықталды. Тіс сау, ІІІ дәрежелі қозғалмалы, патологиялық тіс қызыл иек қалтасының тереңдігі 1,0 см. Рентген суретінде 2.4 тістің түбір ұшында сүйектің шекарасы анық емес сорылған ошағы анық көрінеді.
Төмендегі ем шаралардың қайсысы шипалы болады?
А.2.4 тісті жұлып антибиотиктер тағайындау
Б.2.4 тісті жұлып физиоем тағайындау
В.2.4 тісті жұлып, ауызға ванночкалар тағайындау
+Г.2.4 тісті жұлып, таңдайдағы абсцессті ашу.
Д.2.4 тісті жұлып, патологиялық қалтаны қырып тазалау
52.Ж. атты 62 жасар науқас құлақмаңы шайнау аймағының ісінгеніне, ауызы мен көзінің құрғайтынына, жылағанда жас шықпауына, көзіне құм түскендей сезімдердің барына шағымданады. Тексарыеру барысында: сілекей бездерінің екі жағынанда ісінгені, саусақтардың буындары деформацияланған. Ауыздың шырышты қабығы құрғақ. Сілекейі аз әрі қою.
Қандай маманның қосымша кеңесі керек?
А.окулисттің
Б.артрологтың
+В.ревматологтың
Г.эндокринологтың
Д.невропатологтың
53.К. атты 55 жасар әйел таңдайының сол жағы ісініп ауырып жүргеніне шағымданады. Алдымен жоғарғы тісі ауырып содан кейін ісіну пайда болған. Объективті: 2.4 тістің тұсында қатты таңдайда пішіні сопақ басқанда ауыратын ортасы былқылдақ сіңбе орналасқан. 2.4 тіс пломбаланған. Рентген суретінде 2.4 тістің түбірлерінің ұшында шекарасы анық емес сүйектің бұзылған ошағы анықталады. Тістің таңда түбірі қисық болғандықтан ұшына дейін пломбаланбаған.
Төмендегі ем шаралардың қайсысы осы науқас үшін шипалы болады?
А.1.4 тісті жұлып, антибиотик тағайындау
Б.1.4 тісті жұлып физиоем тағайындау
+В.2.4 тісті жұлып, қатты таңдайдың абсцессін ашу
Г.1.4 тісті сақтап, қатты таңдайдың абсцессін ашу
Д.1.4 тісті эндодонтиялық емдеп, таңдай өзегін қайта өту
54.27 жасар ер кісі оң жағынан жоғарғы жақ сүйегінің қызыл иегіннің ісініп ауыратына шағымданып келді. 1.2 тіс бұрын емделген, соңғы үш күнде ауырып мазалай бастады. Тексеру барысында: беті симметриялы, төменгі жақасты лимфа бездері ұлғаймаған. Ауызы еркін ашылады. 1.2 тістің тұсындағы шырышты қабық аздап қызарып ісінген. 1.2 тістің сауыты толық бұзылған, қаққа қатты ауырады. Ретген суретінде: 1.2 тістің түбірінің ұшы маңында диаметрі 1,5 см. шекарасы анық, сүйектің сорылған ошағы анықталады.
Төмендегі ем шаралардың қайсысы шипалы болады?
+А.1.2тісті жұлу
Б.1.2 тістің түбір ұшын кесу
В.1.2 тісті жұлып, периостотомия жасау
Г.1.2 тісті эндодонтиялық емдеп физиоем тағайындау
Д.1.2 тісті эндодонтиялық емдеп, антибиотик тағайындау
55.25 жастағы ер кісі ұртының ісінгеніне, еңкейген кезде оң жағынан жоғарғы жақсүйегі аймағы ауырлайтынына, оң жағынан мұрынының бітетініне, тісінің сыздап ауыратынына, басының ауыратынына, жалпы әлсіздікке шағымданып келді. Алты айдан бері осы жағдай мазалап жүргенін айтты. Тексеру барысында: оң жақ ұрты ісінген, айбат шұңқырды басқанда қатты ауырады. 1.6 тісте пломба бар, қаққанда ауырады. Ретген суретінде: оң жағынан жоғарғы жақ қуысы көлеңкеленген, 1.6 тістің түбір ұшы маңында сүйектің шекарасы анық емес сорылған аймағы анықталады.
Төмендегі ем шаралардың қайсысы шипалы болады?
А.1.6 тісті жұлып, физио емдер тағайындау
Б.1.6 тісті жұлып, гайморотомия жасап, жуып шаю
В.1.6 тісті жұлып, ұяшықты өсіндінің екі жағынан да шырышты қабықты тілу
Г.1.6 тісті жұлып, өтпелі қатпарды тіліп, антибиотиктер тағайындау
+Д.1.6 тісті жұлып, мұрын арқылы қуысты тесіп жуып шаю;
56.18 жасар жас бала оң жағынан жоғарғы жақсүйегінің тісінің бірнеше ай бойы сыздап ауыратынына шағымданады. Тексеру барысында: 1.2 тістің тұсындағы қызыл иекте жылан көз анықталды. Бөлініп тұрған сұйықтық жоқ. Тіс бұрын емделген, қаққанда аздап ауырады. Ауыздың шырышты қабығы ақшыл қызыл түсті.
Қандай қсымша тексеру тәсілін тағайындаған дұрыс?
А.ортопантомография
Б.1.2 тіске электроодонтометрия
В.1.2 үш өлшемдегі томография
+Г.1.2 тістің ауыз ішінен рентгеноғрафиясы
Д.1.2 тістің өзегін қайта өтіп, қайта пломбала
57.Н. атты 35 жасар әйел үш күннен бері сол жағынан мұрын ерін қатпарының ауыратынына шағымданып келді. Тексеру барысында: Сол жағындағы мұрын ерін қатпарының терісі қызарған, басып тексергенде ортасында іріңді өліеттенген өзегі бар қатты сіңбе бар. Айналасындағы тіндер ісінген.
Қандай ем шара жүргізу керек?
А.терідегі ақау арқылы өзекті алып тастау
Б.сіңбенің ортасынан кесіп жараға қашыртқы қою
+В.вскрыть по нижнему полюсу инфильтрата, дренировать
Г.антибактериалық, десенсибилизациялық емдер тағайындап бақылау
Д.антибактериалық, десенсибилизациялаушы,физиоeмдер тағайындау
58.С. атты 36 жасар әйел үш күннен бері сол жағынан мұрын ерін қатпарының ауыратынына шағымданып келді. Тексеру барысында: Сол жағындағы мұрын ерін қатпарының терісі қызарған, басып тексергенде ортасында іріңді өліеттенген өзегі бар қатты сіңбе бар. Айналасындағы тіндер ісінген.
Қандай ем шара жүргізген дұрыс?
Б.терідегі ақау арқылы өзекті алып тастау
В.сіңбенің ортасынан кесіп жараға қашыртқы қою
+В..вскрыть по нижнему полюсу инфильтрата и дренировать
Г.антибактериалық, десенсибилизациялық емдер тағайындап бақылау
Д.антибактериалық, десенсибилизациялаушы, физиоeмдер тағайындау
59.38 жасар әйел оң жақ ұртында ауырмайтын жараның пайда болғанына шағымданып келді. Жараның шыққанына 10 -12 күн болған. Тексеру барыснда: оң жақ ұрттың шырышты қабығында ашық қызыл түсті, домалақ табақ тәріздң, ауырмайтын, түбі шеміршек тәрізді жара бар.
Дәрігер стоматологтың іс әрекеті қандай болмақ?
А.науқасты бақылап отыру
Б.онкологтың кеңесін алу
В.фтизиатрдың кеңесін алу
+Г.венерологтың кеңесін алу.
Д.шырышты қабықтың ауруымен айналысатын стоматологтың кеңесін алу
60.22 жасар еркек жарақат алғаннан 27 күннен кейін ауызының дұрыс ашылмайтынына, бетінің деформациялануына шағымданып келді. Тексеру барысында: бетінің терісінің түсі өзгеріссіз. Беті сол жақ бетсүйегі аймағының тегістелуінен пішінсізденген, «көз ұясының» төменгі қырында баспалдақ белгісі, көзасты аймағының және мұрынның қанатының терісі жансызданған. Төменгі жақсүйегі қозғалысыз.
Төмендегі нақтамдардың қайсысы сай келеді?
А.жоғарғы жақсүйегінің сол жағынан Ле-Фор – Герен бойынша сынуы
Б.бет сүйегінің оң жағынан сынық бөліктерінің ығыса сынуы
В.бет сүйегінің ығыса біткен ескі сынуы
Г.екі жақты бет сүйегінің сынық бөліктерінің ығыспай сынуы
+Д.бет сүйегінің сынық бөліктері ығысып дұрыс бітпеген сынығы
61.21 жасар еркісіні тексеру барысында: аумақтық ауру сезім, тістемнің бұзылуы, төменгі жақсүйегінің 4.5,4.6 тістердің тұсындағы бөлігінің патологиялық қозғалуы, осы жердегі шырышты қабықтың жыртылуы, оң жағынан Венсан симптомы мен төменгі жақсүйегінің денесіне жүргізген қысым белгісі оң нәтиже берді.
Төмендегі рентген суретінің қайсысы осы науқасқа жасаған дұрыс?
А.Шуллер бойынша
Б.жартылай аксеальды
Г.бүйірінен краниография
+Д.төмегі жақсүйегінің бүйірінен
Е.ауыз ішінен ауыз түбінің
62.Клиникаға 29 жасар еркек жол апатынан 3 сағаттан кейін жеткізілді. Рентгенологиялық және объективтік тексерулерден кейін жоғарғы жақсүйегінің бүтіндігі екі жағынан алмұрт тәрізді тесіктен басталып, Збарж апаратымен жоғарғы жақ қуысының түбінен жоғары жоғарғы жақсүйегінің төмпешігіне жетіп, сына сүйегінің қанат тәрізді өсіндісіне жеткені анықталды.
Қандай ем шаралар осы науқасқа шипалы болады?
А.Федершпиль тәсілі
Б.Фальтин-Адамс тәсілімен операция жасау
В.сынық бөліктерін Каганович аппаратымен бекіту
+Г.Збарж аппаратымен сынық бөліктерін салып бекіту
Д.ауыз сыртынан остеосинтез жасап, медикаменттік емдеу
63.7 жасар баланың бір күн бұрын алған жарақатынан 5.2 тісі толық шығып қызыл иегіне ілініп тұр.
Осы балаға қандай ем шара шипалы болады?
А.гемисекция
Б.реплантация
+В.тісті жұлу
Г.түбірге ампутация жасау
Д.түбір ұшын кесу
64.21 жастағы жігітті жарақат алғаннан 4 сағаттан кейін клиникаға алып келді. Иегінің оң жағынан жансызданып қалғанына, төмегі жақсүйегінің қозғалмайтынына шағымданады.
Объективті: жалпы жағдайы қанағаттаралық, ақыл есі дұрыс, тістемі бұзылған, 4.5,4.6 остеосинтез тістердің тұсы қатты аурады, осы жердің сүйек бөлігінде патологиялық қозғалыстық бар.
Шырышты қабық жыртылған. Төмегі жақсүйегіне жасалған қысым сынағы оң, Венсан белгісі бар.
Төмендегі ем шаралардың қайсысы осы науқас үшін шипалы болады?
А.Федершпиль тәсілі
Б.Фальтин-Адамс тәсілімен операция жасау
В.сынық бөліктерін Каганович аппаратымен бекіту
Г.Збарж аппаратымен сынық бөліктерін салып бекіту
+Д.ауыз сыртынан остеосинтез жасап, медикаменттік емдеу
65.32 жасар еркек жарақат алғаннан 6 сағаттан кейін төменгі жақсүйегінің қозғалысының бұзылғанына, сөйлеудің қиындағанына шағымданып келді. гиппократ Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, ақыл есі орнында, тістерін түйістіре алмайды, иегі төмен әрі алға ығысқан. Ауру сезімі өте қатты, шайнау мүмукін емес. Екі жағынан құлақ кекілінің алдында ойысқан, ал бет доғасының астында томпаю бар. Төменгі жақсүйегінің екі жақты алға шығуы деген нақтам қойылды.
Төмендегі емдердің қайсысы шипалы болады?
А.Гален тәсілі
+Б.Гиппократ тәсілі
В.Федершпил тәсілі
Г.Каламкаров тәсілі
Д.Ковтунович тәсілі
66.С. атты 21 жасар науқасты объективті тексеру кезінде оның жалпы жағдайының қанағаттанарлығы, ақыл есі орнында, ошақтық ауру сезім, тістемнің бұзылуы, 4.5, 4.6 тістердің тұсындағы төменгі жақсүйегінің патологиялық қозғалысы, шырышты қабығының жыртылуы, төменгі жақсүйегіне жасалған қысым және Венсан белгілері оң оразалин екендігі анықталды.
Какой из перечисленных методов лечения НАИБОЛЕЕ целесообразен?
А.Збаржа аппаратын орнату
Б.Рудько аппаратын орнату
+В.Оразалин құсауын салу
Г.Аржанцев аппаратын орнату
Д.Киршнер білтекештерімен бекіту
67.22 жасар еркек жарақат алғаннан 1,5 айдан кейін клиникаға келіп қаралды. Бетінің деформациясы мен ауызының шектеліп ашылатынына шағымданады. Тексеру нәтижелері: бетінің терісі таза өзгеріссіз. Беті сол жақ бетсүйегі аймағының тегістелуінен пішінсізденген, «көз ұясының» төменгі қырында баспалдақ белгісі, көзасты аймағының және мұрынның қанатының терісі жансызданған.
Қандай ем шара шипалы болады?
А.бет сүйгі аймағына контурлық пластика жасау
Б.деформацияны имплантация тәсілімен жою
В.деформацияны аутотрансплатация тәсілімен жою
+Г.бет сүйегіне рефрактура жасап орнына салу
Д.бетсүйегін Лимберг ілгегімен тартып орнына салу
68.20 жасар науқастың жарақат алғанына 6 сағат болған. Төменгі жақсүйегінің бұрышы аймағы қатты ауыратынына, ауызының қиын ашылатынына шағымданады. Объективті: оң жағынан төменгі жақсүйегінің бұрышы аймағының жұмсақ тіндерінің ісінуінен асимметрияланған. Ауызы шектеліп ашылады, тістем бұзылған. Венсан белгісі мен қысым сынағы төменгі жақсүйегінің оң жақ бұрышынан оң нәтиже берді. 4.8 тістің тұсындағы екі жақты сүйек бөлігінде патологиялық қозғалыс бар. Рентген суретінде: төменгі жақсүйегінің оң жағынан бұрышында бүтіндігі бұзылғаны анықталды.
Қандай ем шара шипалы болып табылады?
А.Рудько аппаратын қолдану
Б.Збарж аппаратын қолдану
+В.екі жақтық құрсауды бекіту
Г.Айви бойынша бунақ сыммен байлау
Д.аралық иіндері бар құрсау салу
69.17 жасар жігіт клиникаға жарақат алған соң 2 сағттан кейін келді. Объективті: жалпы жағдай қанағаттанарлық, локалды ауру сезім бар, тістем бұзылған, 4.8 тіс маңындағы сүйекте патологиялық қозғалыс бар. Венсан белгісі мен төменгі жақсүйегінің оң жақ денесіне жүргізілген салмақ сынағы оң нәтиже берді. Рентген суретінде төменгі жақсүйегінің 4.8 тістің бойымен бүтіндігі бұзылғаны, кіші сынық бөлігінің жоғары әрі ішке ығысқаны анықталды.
Қандай ем шара шипалы болады?
А.тегіс жақша тәрізді құрсау салу
Б.4.8 тісті жұлу, Айви бойынша байлау
+В.4.8 тісті жұлып, төменгі жақсүйегінің сынықтарын тігу
Г.сынған жерге суық басу, сақпан таңба тарту
Д.антибактериалық терапия, Померанцева –Урбанскаяның таңбасын салу
70.Ұрыс алаңынан батальон санитары минаның жарықшақтарымен оң жағынан төменгі жақасты аймағы жараланған 19 жасар сержантты алып шықты. Жарадан шапшып аққан қанға қарағанда үлкен артерия тамыры жараланған болуы керек. Жаралыны ұрыс майданынан 2 сағатсыз 6 алып шығу мүмкін емес. Сержанттың өмірін сақтап қалу үшін қандай ем шаралар шипалы болады.
А.жараға суық басып, жалпы гемостатикалық шаралар жүргізу
Б.жергілікті гемостатикалық дәрілер мене аналгетиктер қолдану
В.жарны қатты таңып, кең спектрлі антибиотиктер тағайындау
Г.қанап тұрған тамырды байлау (мүмкін сыртқы ұйқы артериясын
+Д.ұйқы артериясын VI мойын омыртқаның қанатты өсіндісіне басу
71.3.8 тісін жұлғаннан кейін Н. Атты науқас аузын жаба алмай қалды. Объективті: ауызы жартылай ашық, иегі алға әрі төмен салбырап кеткен. Шайнау бұлшық еттері тартылып тұр. Құлақ кекілінің алдындағы тіндер ойысып кеткен. Алдыңғы тістер біріне бірі жақындамайды. Панорамалық рентген суретінде урбанская буын басы буын төмпешігінің алдыңғы беткейінде орналасқандықтан буын шұңқыры бос тұр.
Осы науқасқа медициналық көмек көрсету жоспарын қалай жасайсыз?
А.Оразалиннің пластмасса құрсауын салу
Б.жергілікті жансыздандыру арқылы тегіс жақша құрсауын салу
+В.төменгі жақсүйегін орнына салып, Урбанскаяның таңбасын салу
Г.аналгетиктер тағайындап, Васильевтің стандартты құрсауын салу
Д.жергілікті жансыздандыру арқылы Тигершдеттің құрсауын салу
72.Ядролық жарылыс аймағынан ПМП жараланған 5 солдат жеткізілді. Барлығының да бет жақ аймақтары жанасып жарақаттанған қан кету айтарлықтай көп емес. Бірақ, солдаттардың жаралары мен киімдері радиациялық элементтермен ластанғаны анықталды.
Осы жаралыларды бірінші кезекте қайда жіберген дұрыс?
А.жеңіл жараланғандардың госпиталіне
+Б.арнайы өңдеп тазалау алаңына
В.далалық жылжымалы госпиталге
Г.қабылдап сұрыптайтын алаңға
Д.тылдағы арнайы госпиталге
73.ЖБХ қабылдау бөліміне 35 жасар еркек жарақат алғаннан 3 сағаттан соң жедел жәрдеммен жеткізілді. Көзінің қосарлануына, сол жақ бетінің ауыратынына, ауызының қиналып ашылатынына, сол жақ танауынан қан ағатынына шағымданып келді. Объективті: көзасты және бет сүйегі аймақтарының жұмсақ тіндерінің ісінуінен бетінің сол жағы асимметрияланған, көз асты аймағының терісі жансызданған. Басып тексерген кезде сол жақ көз ұясының төменгі қыры мен ауыз ішінде бет сүйегі альвеола қырында баспалдақ белгілері анықталды.
Хирургиялық ем шараларды қандай жансыздандыру арқылы жүргізген дұрыс болады?
А.өткізгіштік жансыздандыру
+Б.эндотрахеалды наркоз
В.III бұтаққа бағаналық жансыздандыру
Г.инфильтрациялық жансыздандыру
Д.ингаляциялық маскалық наркоз
74.35 жасар еркек жарақат алған соң 2 сағаттан кейін жеткізілді. Объективті науқастың ақыл есі жоқ, сіңір рефлекстері баяу, жарыққа реакциясы бар, беттің орта аймағының жұмсақ тіндері қатты ісінген, жоғарғы жақсүйегі патологиялық қозғалмалы, мұрнынан қан ағып тұр. Рентгенограммада сынық сызығы мұрынның түбірінен басталып, көз ұясының ішкі қабырғасына адамс одан көздің төменгі жырығы арқылы сыртқы қабырғасымен бетсүйегі маңдай жігі мен бетс сүйегі доғасы арқылы сына сүйегінің қанат тәрізді өсінділеріне жеткені көрінді.
Төмендегі тәсілдердің қайсысы шипалы болады?
А.Федершпиль тәсілімен операция жасау
+Б.Фальтин-Адамс тәсілі арқылы операция жасау
В.сынық бөліктерін Каганович аппаратен бекіту
Г.сынық бөліктерін Збарж аппаратымен орнына салып бекіту
Д.ауыз сыртынан остеосинтез жасап, медикаменттік терапия
75.35 жасар ер кісі жарақат алғаннан 2 сағаттан кейін қабылдау бөліміміне жеткізілді. Объективті науқастың ақыл есі жоқ, сіңір рефлекстері баяу, жарыққа реакциясы бар, беттің орта аймағының жұмсақ тіндері қатты ісінген, жоғарғы жақсүйегі патологиялық қозғалмалы, мұрнынан қан ағып тұр. Рентгенограммада рапорт сынық сызығы мұрынның түбірінен басталып, көз ұясының ішкі қабырғасына одан көздің төменгі жырығы арқылы сыртқы қабырғасымен бетсүйегі маңдай жігі мен бетс сүйегі доғасы арқылы сына сүйегінің қанат тәрізді өсінділеріне жеткені көрінді.
Науқастың қанында алкогольдің барын анықтау үшін қандай сынақ жасалады?
А.НСТ тест
+Б.Рапопорт сынағы
В.сары судан ферритин алу
Г.сары судан тиротоксин алу
Д.Сухарев бойынша қанның ұюын анықтау
76.35 жасар ер кісі жарақат алғаннан 2 сағаттан кейін қабылдау бөліміміне жеткізілді. Объективті науқастың ақыл есі жоқ, сіңір рефлекстері баяу, жарыққа реакциясы бар, беттің орта аймағының жұмсақ тіндері қатты ісінген, жоғарғы жақсүйегі патологиялық қозғалмалы, мұрнынан қан ағып тұр. Рентгенограммада сынық сызығы мұрынның түбірінен басталып, көз ұясының ішкі қабырғасына одан көздің төменгі жырығы арқылы сыртқы қабырғасымен бетсүйегі маңдай жігі мен бетс сүйегі доғасы арқылы збарж сына сүйегінің қанат тәрізді өсінділеріне жеткені көрінді.
Төмендегі тәсілдердің қайсысы осы науқас үшін дұрыс әрі шипалы болып табылады?
А.Лимберг бойыша бекіту тәсілі
Б.Федершпиль тәсілі бойынша операция жасау
В.Каганович аппаратымен сынық бөліктерін бекіту
+Г.Збарж аппаратымен сынық бөліктерін салып бекіту
Д.ауыз сыртынан остеосинтез жасап, медикаменттік терапия
77.Клиникаға 20 жасар ер кісі жарақат алғаннан 8 сағаттан кейін, ауызын ашқанда қатты ауыратынына,шайнай алмайтынына шағымданып келді. Объективті: оң жағынан төменгі жақсүйегі аймағының жұмсақ тіндері ісінген. Оң жағынан иек тесігі аймағы ауырады. Тістем бұзылмаған. 4.4, 4.5 тістерді қаққанда аздап ауырғанымен патологиялық қозғалыс байқалмайды. Рентген суретінде төменгі жақша жақсүйегінің оң жағынан иек тесігі маңынан бүтіндігінің бұзылғаны анықталды.
Төмендегі бекіту тәсілдерінің қайсысы осы науқас үшін шипалы болады?
А.Айви бойынша бунақ сыммен байлау
Б.Збарж құрсауын салу
+В.тегіс жақша тәрізді құрсау салу
Г.Васильевтің стандартты құрсауын салу
Д.Тигершдеттің екі жақтық құсауын салу
78.Л. атты 34 жастағы әйел ауызының шектеліп ашылатынына, дискомфортқа және бетінің деформациясына шағымданады. Тексеру барысында: бет терісі өзгеріссіз. Беті сол жағынан бетсүйегі аймағының тегістелуінен деформацияланған. Көз ұясының төменгі қырында баспалдақ бұрыс белгісі бар және көз асты аймағы мен мұрынның қанатының терісі жансызданған.
Төмендегі қандай емдеу тәсілі осы науқас үшін шипалы болады?
А.бет сүйегі аймағына контурлық пластика жасау
Б.деформацияны имплантация тәсілімен жою
В.деформацияны аутотрансплатация тәсілімен жою
+Г.бұрыс бітпеген сүйекті бұзып, қайтадан орнына салу
Д.Лимберг ілгішімен бетсүйегін орнына салу
79.Клиникаға 23 жасар жігіт жарақат алғаннан 8 сағат өткен соң келңп қаралды. Ауызның ауырып ашылатынына шайнау қызыметінің бұзылғанына шағымданады. Объективті: оң жағынан төменгі жақсүйегі маңы жұмсақ тіндері ісінген. Басып тексергенде: төменгі жақсүйегінің оң жағынан денесі маңы ауырады, осы жерде қысым сынағы оң нәтиже берді. Тістем бұзылмаған. Шырышты қабығы жыртылмаған. 4.5,4.6 тістері қатты тек қаққанда аздап ауырады. Рентген сутерінде төменгі жақсүйегінің денесі маңында сүйек тінінің бүтіндігі бұзылғаны анық байқалады.
Төмендегі алдын ала нақтамндардың қайсысы осы науқасқа сай келеді?
А.төмегі жақсүйегінің артқа шығуы
Б.төменгі жақсүйегінің буын өсіндісінің біржақты сынуы
В.төменгі жақсүйегінің сол жағынан бұрышынан оң жағынан денесінен сынуы
+Г.төменгі жақсүйегінің оң жағынан денесінің ауытқымай сынуы
Д.төменгі жақсүйегінің сол жағынан денесінің ауытқып сынуы
80.61 ж ер адам төменгі сол жағында бір жыл бұрын тісін жұлғаннан кейін түзілім пайда болғанына, уақыт өте көлемі ұлғайғанына шағымданады. Қарап тексергенде беті симметриялы, төменгі жақасты лимфа түйіндері ұлғайған, 35 37 тістер аймағындағы төменгі жақ альвеола өсіндісінде бұдырлы түсті орамжапырақ сияқты жұмсақ өскіндер бар. Төменде келтірілген оперативті әдістердің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
А.цистотомия
+Б.төменгі жақ резекциясы.
В.төменгі жақ декортикациясы
Г.төменгі жақ остеопластикасы
Д.альвеола өсіндісінің бөлігін алып тастау
81.74 айел клиникаға мұрнының бүйіріндегі ұзақ жазылмайтын жараға шағымданып келді. Жара 3-4 жылдан бері бар, уақыт өте ұлғайған, осыған дейін жұргізілген консервативті емдеу әдісі көмек бермеген. Объективті: мұрнының оң жақ бүйірінде жара бар, беті қабықшамен жабылған , жара ортасы дымқыл. Жара ені үлкеюде, инфильтрация белгілері жоқ.
Төменде келтірілген диагностиканың параклиникалық әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
А.биохимиялық
Б.серологиялық
+В.цитологиялык
Г.иммунологиялық
Д.рентгенологиялық
82.Төменде келтірілген түзілімдердің қайсысымен жұмсақ одонтоманы салыстырмалы диагностика жасаған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
А.остеомамен
+Б.миксома
В.хондромамен
Г.гемангиомамен
Д.лимфангиомамен
83.61 ж ер адам төменгі сол жағында бір жыл бұрын тісін жұлғаннан кейін түзілім пайда болғанына, уақыт өте көлемі ұлғайғанына шағымданады. Қарап тексергенде беті симметриялы, төменгі жақасты лимфа түйіндері ұлғайған, 3.6 -3.8 тістер аймағындағы төменгі жақ альвеола өсіндісінде бұдырлы түсті орамжапырақ сияқты жұмсақ өскіндер бар. Төменде келтірілген ем-шаралардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
+А.Крайль операциясы.
Б.сәулелік терапия
В.жоғарғы жақ декортикациясы
Г.жоғарғы жақ остеопластикасы
Д.жоғарғы жақ периостотомиясы
84.76 ж ер адам төменгі сол жағында бір жыл бұрын тісін жұлғаннан кейін түзілім пайда болғанына, уақыт өте көлемі ұлғайғанына шағымданады. Қарап тексергенде беті симметриялы, төменгі жақасты лимфа түйіндері ұлғайған, 35 37 тістер аймағындағы төменгі жақ альвеола өсіндісінде бұдырлы түсті орамжапырақ сияқты жұмсақ өскіндер бар. Төменде келтірілген ем-шаралардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
А.сәулелік
Б.хирургиялық
В.консервативті
Г.химиотерапиялық
+Д.сәулелік және хирургиялық.
85.56 ж әйел адам мұрнынан су ағуына, сол жақ көзасты аймағының сезбей қалуына , жоғарғы сол жақ шырышты қабатында өскіннің болуына шағымданады. Анамнезінен жоғарғы сол жақ шырышты қабатында өскін жарты жыл бұрын тісін жұлғаннан кецін пайда болған. Қарап тексергенде беті симметриялы, 23 24 тістер қозғалғыштығы анықталды. Жұлынған 25 тіс ұяшығынан жұмсақ ісік байқалады. Рентгенограммада гаймор қуысында көлеңке және қабырғаларының семуі байқалады. Төменде келтірілген аперативті емнің қайсысын жүйелі емдеуде қолданған дұрыс?
А.Крайль операциясы
+Б.жоғарғы жақ резекциясы.
В.жоғарғы жақ декортикациясы
Г.жоғарғы жақ остеопластикасы
Д.жоғарғы жақ периостотомиясы
86.76 жастағы әйел кісі мұрнынан сарысу бөлінуіне, сол жақ көзасты аймағының ұйып калуына, сол жақ жоғарғы жақсүйегінің кілегейлі қабығындағы құрылымға шағымданып келді.Ауру анамнезі:жоғарғы жақсүйегінің кілегейлі қабығындағы құрылым тіс жұлудан кейін пайда болған.Қарап тексергенде жергілікті лимфа түйіндері ұлғаймаған, 23 24 тістерінің қозғалғыштығы анықталды.Жұлынған 25 тістің ұяшығынан кедір-бұдырлы құрылым анықталды.Рентгенде: гаймор қуысының қабырғасының бұзылумен қараюы анықталды.
Науқасқа кешенді ем жүргізуде төменде көрсетілген қандай оперативті ем НЕҒҰРЛЫМ мақсатқа сайкеледі?
А.Крайл операциясы
+Б.жоғарғы жаққа резекция.
В.жоғарғы жаққа декортикация
Г.жоғарғы жаққа остеопластика
Д.жоғарғы жаққапериостотомия
87.12 жастағы бала сол жақ төменгі жағының ісінуіне және мойнындағы даққа шағымданып келді.Қарап тексергенде ерте жыныстық жетілу, сол жақ төменгі жағының ісінуіне байланысты бет ассиметриясы, мойнында беті кедір бұдырлы ашық – кофе түсіне ұқсас дақ анықталды, сипап тексергенде ауырмайды.Рентгенде: зақымдану ошағы “дақты” түрінде: очаги повышенной плотности чередуется с участками разряжения.
Төменде көрсетілген қандай емдеу әдісі НЕҒҰРЛЫМ мақсатқа сай келеді?
А.сәулелі
Б.физиоем
В.консервативті
+Г.хирургиялык
Д.химиотерапиялық
#88.45 жастағы ер кісі жоғарғы жағының ісінуіне шағымданып келді.Қарап тексергенде: оң жақ жоғарғы жағының алдыңғы бөлігінде патологиялық түзіліс анықталды, сипап тексергенде тығыз консистенциялы, ауырмайды, дөңгелек пішінді, шекарасы айқын.Ауыз қуысында 22 23 тістерінің тығыз орналасқаны анықталды, кілегейлі қабығы ашық–қызыл түсті.Рентгенде:22 23 тіс түбірлері маңайындағы қарайған аймақта тығыздығы азайған бөліктері көрінеді.
Төменде көрсетілген қандай оперативті емдеу әдісі НЕҒҰРЛЫМ мақсатқа сай келеді?
А.экскохлеация опухоли с последующей костной пластикой
+Б.тістермен бірге альвеолярлы өсінді блогын алып тастау
Достарыңызбен бөлісу: |