Оқу жылының 29-тамызында сабақ кестесі, мамандықтар бойынша бақылау жұмыстарының, оқу іс-тәжірибелерінің, курстық жұмыстарының кестелері жасалынып, бекітілді


«Болашақ» колледжі «Медицина және қызмет көрсету» оқу бөлімі меңгерушісінің 2020-2021 оқу жылының бір жылдық атқарған жұмыстарының есебі



бет2/2
Дата07.01.2022
өлшемі19,92 Kb.
#20224
түріСабақ
1   2
Байланысты:
1 жылдық есеп

«Болашақ» колледжі «Медицина және қызмет көрсету» оқу бөлімі меңгерушісінің 2020-2021 оқу жылының бір жылдық атқарған жұмыстарының есебі

2019-2020 оқу жылының 29-тамызында сабақ кестесі, мамандықтар бойынша бақылау жұмыстарының, оқу іс-тәжірибелерінің, курстық жұмыстарының кестелері жасалынып, бекітілді. Оқу барысында сабақ кестесінің орындалуы бақылауға алынды.

Қыркүйек айында 2020-2021 оқу жылының колледж білім алушылары алфавиттік кітапқа тіркеліп, білім алушылардың сынақ кітапшалары мен студенттік билеттері дайындалып, тапсырылды. Ол жайлы мәлімет сынақ кітапшалары мен студенттік билеттер қозғалысы журналына тіркелді. Сонымен қатар, қыркүйек айында жылдық статистикалық есеп дайындалды. Колледж білім алушылары жайлы толық мәлімет кесте бойынша жинақталды.

2020-2021 оқу жылының қыркүйек айында «Медицина және қызмет көрсету» оқу бөлімінде білім алушылар саны – 1127. Түрлі себептерге байланысты оқушылар қатарынан шығарылған, академиялық демалыс алған білім алушылар жайлы мәлімет, яғни оқушылар қозғалысы ай сайын есеп-қисап бөліміне және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарына тапсырылды.

Сағаттық жүктемедегі оқытушылардың есебі ай сайын есеп-қисап бөліміне тапсырылды. Ай сайын оқытушылардың оқу жұмысы сағаттарын есептеу ақпарат тізімі жасалынып, тексеріліп, ол жайлы мәлімет сабақтарды есепке алу журналына тіркелді (2-нысан).

«Медицина және қызмет көрсету» оқу бөліміне бектіліген топтарда апта сайын өтетін тәрбие сағаттарының өтілуі барысы бақылауға алынды. Білім алушылардың дәлелді-дәлелсіз себептермен сабақ қалдыруына сараптама жасалынып, анықтамалар тіркелді.

Білім алушылардың жеке карточкалары толтырылды. Оқу жылы барысында білім алушылардың контингент қозғалысы қадағаланып, тіркелді.

2020-2021 оқу жылының І жарты жылдығындағы колледж білім алушылары үлгерімі мен қатысуы туралы мәлімет жасалынып, тіркелді.

2020-2021 оқу жылының 1-ақпанға «Медицина және қызмет көрсету» оқу бөлімінде білім алушылар саны – 1107. 3 білім алушы академиялық демалысқа әскер қатарына шақырылуы себепті, 6 білім алушы басқа колледжге ауысуына байланысты, 15 білім алушы академиялық қарыздарына байланысты оқудан шығарылды. 1 білім алушы академиялық демалыстан қайта келді, 2 білім алушы басқа мамандықтарға ауысты. Сонымен қатар, 7 білім алушы басқа колледжден ауысып келуіне байланысты оқуға қабылданды. Екінші жарты жылдықтан бастап 1 курс және 1-2 курс инклюзив топтар білім алушылары штаттық және аралас форматта білім алды, 2,3,4, курс білім алушылары онлайн форматта білім алды.

Аралық аттестация емтихандарының кестесіне материалдар дайындалды. Оқу топтары журналының толтырылуы тексерілді. Оқытушылардың сабақты өту барысына талдау жасау мақсатында, сабақтарға қатысып, талдау жасалынды, мәлімет өзара сабаққа қатысу журналына тіркелді.

Оқу жылы барысында оқу дәрісханаларының тазалығы қадағаланды.

2020-2021 оқу жылының 1-маусымға «Медицина және қызмет көрсету» оқу бөлімінде білім алушылар саны – 1105. Оның ішінде 3 білім алушы әскерге шақырылуына байланысты академиялық демалысқа кетті, 1 білім алушы академиялық демалыстан келді, 3 білім алушы мемелекеттік біліктілік емтихандарын тапсыру үшін қайта қабылданды, мемлекеттік емтихандарды тапсыруға академиялық қарыздары болғандықтан 3 білім алушы пепдагогикалық кеңес шешімі бойынша оқушылар қатарынан шығарылды.

2019-2020 оқу жылының 1-шілдесіне «Медицина және қызмет көрсету» оқу бөлімінде білім алушылар саны – 870. Оның ішінде 2 білім алушы академиялық демалысқа кетті, 3 білім алушы мемлекеттік емтихандарға қатыспағаны үшін білім алушылар қатарынан шығарылды, медициналық мамандықтар бойынша 4 білім алушы НЦНЭ тестін тапсырмағаны үшін қайта тапсыруға қалдырылды,226 білім алушыға оның ішінде 20 білім алушыға үздік үлгідегі, 206 оқушыға жай үлгідегі мамандығына сай біліктілік беріліп, оқудан шығарылды.

2020-2021 оқу жылы соңында топ үлгерімі әзірленіп, оған сараптама жасалынды.



Ол бойынша оқу жылының колледж білім алушылары үлгерімі мен қатысуы туралы мәлімет жасалынып, тіркелді.

Бөлім меңгерушісі: М.И. Балтабаева

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет