информатика пәнінен әкімшілік шығыс бақылау жұмысы 1. Адам қоршаған әлемнен ақпаратты дұрыс алу үшін оның қандай қасиеттері негізге алынады?
а) Анық
b) тиімді
c) дәл (нақты)
d) өзекті
e) барлық қасиеттері
Сәйкестікті табыңдар
1. Көп деңгейлі құрылым түрінде
2. Өзара байланысқан кестелер жиынтығы
3. Әрқайсысы бір-бірімен байланысты түйіндер жиынтығы
а. желілік
b. иерархиялық
с. реляциялық
Тактілік жиілік, разрядтылық, өнімділік қай құрылғының сипаттамасы болып табылады?
а) Процессор
b) аналық тақша
c) жедел жад
d) қатқыл диск
e) жүйелік блок
Жүйелік блокқа енбейтін құрылғылар қалай аталады?
а) Перифериялық
b) ішкі
c) кірістірілген
d) жұмыс үстеліндегі
e) кірістірілмеген
5. Ақпаратты сақтау тәсілі бойынша мәліметтер қоры... болып табылады
а) Фактографиялық
b) үлестірілген
c) кестелік
d) қатқыл диск
e) желілік
6. Реляциялық мәліметтер қоры өрісінің типі ... анықталады
а) Өрістің атымен
b) жазбаның атымен
c) кілттің типімен
d) мәліметтер типімен
e) ұяшықтар атымен
7. Х массивін мына түрде толтыру талап етіледі: Х [1 3 5 7 9 11] көп нүктенің орнына циклде қандай оператор орналасуы керек?
Х=[0]*6
for k in range (6):...
X[k]=k;
X[k]=2*k;
X[k]=2*k-1;
X[k]=2*k+1;
X[k]=2*(k+1);
8. Берілген программалық кодты орындау нәтижесінде экранға қандай жауап
шығатынын анықтаңдар:
s=1
for k in range(1,30):
s=(k-5)*s
print(s)
_______________________________________________________________________
9. N элементтен тұратын X массиві берілген. S айнымалысындағы массивтің жұп элементтерінің санын табу үшін көп нүктенің орнына қандай шартты қою керек?
S=0
for j in range (N):
if … :
S+=1
S//2==1
S%2==0
X[j]%2==1
X[j]%2==0
X[j]//2==0
10. Берілген программалық кодты орындау нәтижесінде экранға қандай
жауап шығатынын анықтаңдар:
s=0
for k in range(-5,11):
s=s+2*k
print(s)