Оқу жылының мектепішілік олимпиадасы география 11 сынып тапсырманы орындау уақыты – 150 мин



бет7/9
Дата25.11.2023
өлшемі0,99 Mb.
#127284
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
олимпиада 2022-23 школьная география

Тест тапсырмалары
(әр дұрыс жауапқа 1 ұпай)



  1. Егер картаның сандық масштабы 1: 200 000 болса, онда 1см нені білдіреді?

А. 200 000 м
В. 2 000 км
С. 2 км
D. 200 км
Е. 20 км

  1. Таңғы бриз қандай бағытта соғады?

А. құрлықтан теңізге
В. теңізден құрлыққа
С. қыста - теңізден құрлыққа
D. жазда - құрлықтан теңізге
Е. күзде - теңізден құрлыққа

  1. Ұлыбританиямен Еуропаны бөліп жатқан бұғаз?

А. Гибралтар
В. Ла – Манш
С. Босфор
D. Малакка
Е. Скагеррак

  1. Қандай географиялық атау аралдың атауы болып табылады?

А. Ориноко
В. Банги
С. Меконг
D. Поопо
Е. Чурун

  1. Оңтүстік жарты шарда тайга зонасы кездеспейді, өйткені ...

A. барлық жерде өте ыстық климат
B. барлық жерде өте құрғақ климат
C. отсутствуют подзолистые почвы күлгін топырақтар кездеспейді
D. отсутствуют территории с подходящим климатом аймақта қолайлы климат кездеспейді
E. ормандар кездеспейді

  1. 22 желтоқсанда төмендегі параллельдердің қайсысында поляр түні байқалады?

A. 50 градус с.е.
B. 80 градус о.е.
C. 50 градус о.е.
D. 80 градус с.е.
E. барлық паралельдерде

  1. Төмендегі ұғымдардың ішінен атмосфера туралы дұрыс айтылғанын табыңыз:

A. Атмосфераның жоғарғы қабаттарында, тропосфераға қарағанда қысым жоғары
B. Атмосфера құрамында азотқа қарағанда оттегі көбірек
C. Атмосфера қысымының айырмашылығының әсерінен жел пайда болады
D. Экваторлық ендіктерде жоғарғы атмосфера қысымы басым
E. Биік жерлерде температура әр 1000 м сайын 0,6°С төмендейді

  1. Мына қалалардың қайсысынның сағаттық белдеуі тура Мельбурнде сияқты?

A. Пекин, Қытай
B. Коломбо, Шри-Ланка
C. Дакка, Бангладеш
D. Джакарта, Индонезия
E. Порт-Морсби, Папуа-Жаңа Гвинея

  1. Қандай аралдар тобы дәлме - дәл “Қара аралдар” деп аталады?

А. Меланезия
В. Полинезия
С. Сейшель аралдары
D. Андаман аралдары
Е. Комор аралдары

  1. Әлемдегі ең биік сарқырама қай мемлекеттің аумағында орналасқан?

А. Гайана
В. Бразилия
С. Венесуэла
D. Колумбия
Е. Пуэрто – Рико

  1. Африканың ең биік нүктесі Килиманджароның биікті?

А. 5895 м
В. 4925 м
С. 6698 м
D. 7135 м
Е. 8345 м

  1. Атакама жағалық шөлі қай мемлекеттің аумағында орналасқан?

А. Аргентина
В. Эквадор
С. Чили
D. Перу
Е. Уругвай

  1. Қай кезде каледон мен герциннің пенепленге дейінгі бұзылуы болды?

А. протерозойда
В. палеозойда
С. мезозойда
D. кайнозойда
Е. архейде

  1. Тұран жазығындағы шөгінді жыныстардың қалыңдығы ... құрайды?

А. 22 км
В. 12 км
С. 1 км
D. 4 км
Е. 8 км

  1. Сарыарқаның батыс және шығыс бөлігінің жер бедері ненің нәтижесінде қалыптасқан?

А. каледон қатпарлығында
В. герцин қатпарлығында
С. қайта түзілу нәтижесінде
D. денудация үдерісі
Е. триас қатпарлығында

  1. ҚР қандай сағаттық белдеулерде орналасқан?

A. 3 және 4
B. 4 және 5
C. 5 және 6
D. 1 және 2
Е. 2 және 3

  1. Қазақстан аумағы Италия аумағынан неше есе үлкен?

A. 11 есе
B. 4 есе
C. 6 есе
D. 5 есе
E. 9 есе

  1. Каспий теңізінің деңгейі қай жылдан бастап көтеріле бастады?

A. 1977ж бастап
B. 1967 ж бастап
C. 1987 ж бастап
D. 1957 ж бастап
Е. 1997 ж бастап

  1. Республикадағы маңызды техникалық дақылдар?

А. қант қызылшасы, күнбағыс
В. жеміс беретін, жүзім алқабы
С. күнбағыс, бақша
D. сұлы, жүгері
Е. мақта, қант қызылшасы

  1. Фосфор тыңайтқыштарын өндіретін орталықтар?

А. Қарағанды, Өскемен
В. Ақтөбе, Арқалық
С. Атырау, Балқаш
D. Балқаш, Жезқазған
Е. Тараз, Алға

  1. Қазақстандағы негізгі инвесторлар:

А. АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Украина, Беларусь
В. АҚШ, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Қытай, Түркия
С. Жапония, АҚШ, Үндістан, Қытай, Түркия
D. Швейцария, Италия, Ресей, Қытай
Е. АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Әзірбайжан

  1. Жамбыл облысында туу көрсеткіші - 28‰, өлім – жітім көрсеткіші - 9‰ болса, онда табиғи өсім қанша?

А. 37
В. 19
С. -19
D. 1,9
Е. 3

  1. Қазақстанның қай облысында мұхиттан алыстықтың «әлемдік полюсі» орналасқан?

А. Қарағанды
В. Ақмола
С. Солтүстік Қазақстан
D. Жамбыл
Е. Алматы

  1. Азия аумағының қанша бөлігі Қазақстан Республикасының аумағына кіреді?

А. 2,5%
В. 3,1%
С. 6,1%
D. 10,5%
Е. 14,0%

  1. Ақын Леонид Скаловскийдің «Мұнда Кенді Алтайдың жүрегі соғып тұр» өлеңінде Қазақстанның қай қаласы туралы айтылады?

А. Семей
В. Зырян
С. Өскемен
D. Лениногорск
Е. Шемонаиха

  1. Қазақстанның қандай пайдалы қазбаларын "таудың зығыры" деп атайды?

А. флюорит
В. гипс
С. асбест
D. таудың сутасы
Е. малахит

  1. Бұл металл болаттан екі есе жеңілдеу, бірақ беріктігі бойынша болаттан қалыспайды. Ол қиын балқитындынтығымен, коррозияға қарсылықпен ерекшеленіп, әуе және зымыран жасауда қолданылады?

А. вольфрам
В. молибден
С. платина
D. магний
Е. титан

  1. Басқару формасы парламенттік ел:

A. АҚШ
B. Италия
C. Ресесй
D. Аргентина
E. Франция

  1. Қай жапон аралы микроэлектроникалық кәсіпорындардың жиі орналасуына байланысты «силиконды» деп атайды?

A. Хонсю
B. Хоккайдо
C. Сикоку
D. Кюсю
E. Рикоку
30. Бельгия, Франция және Германиямен шектесетін кішкентай
мемлекет?
А. Монако
В. Андорра
С. Люксембург
D. Лихтенштейн
Е. Сан-Марино


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет