Мектептегі математика курсының ғылыми және психологиялық-педагогикалық негізгі құрылымы мен мазмұнын функционалдық тұрғыдан даралау;
Негізгі мектепте математиканы оқыту әдістемесінің принциптері, әдістері мен оқыту құралдарын зерттеу барысында функционалдық құзыреттіліктерін дамыту;
Пән бойынша оқу қызметін жоспарлау, оқу материалын ғылыми-әдістемелік талдау, материалдың ерекшеліктерін есепке ала отырып, әдіс-тәсілдерді таңдау біліктерін қалыптастыру;
Есептерді шешу біліктері мен дағдыларын қалыптастыруда оқушының функционалдық құзыреттілігін арттыру;
Математика, математиканың теориялық негіздері пәндері бойынша алған білім, білік, дағдыларына сүйене отырып, пәннің теориялық мазмұнын меңгерген, практикалық іс-әрекет дағдылары қалыптасқан, математикалық мәселелерді шығармашылықпен шеше алатын математика пәні мұғалімдерін даярлау;
Теориялық білімі жоғары, қазіргі заман талабына сай тәрбиелік міндеттерді орындайтын, оқушының логикалық ой-өрісінің, қиялының дамуына толық мүмкіншілік туғызатын жан-жақты әдістемелік білімі бар, кәсіби сапалы маман дайындау.
Білім алушылардың математикалық ойлауын арттыра отырып, негізгі математикалық әдістермен зерттеулер жүргізуге дағдыландыру
Оқытуда білімділік, тәрбиелік, дамытушылық,практикалық, ғылымилық және кәсіби мақсаттарды ұштастыру.
Пәннің теориялық мазмұнын меңгерту, практикалық іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру, математикалық мәселелерді шығармашылықпен шеше алуға үйрету;
Қазіргі заман талабына сай тәрбиелік міндеттерді орындауды меңгерту;
Оқушының логикалық ой-өрісінің, қиялының дамуына толық мүмкіншілік жасау.
Негізгі математикалық терминдермен таныстыру құзыреттілігін жетілдіру;
Математиканың алғашқы түсініктерін, шамаларды және олардың математикалық өрнектерін, өлшем бірліктерін үйрету әдістерін білуде функционалдық білім беру;
Өмірлік жағдайларда, күнделікті тұрмыста оқушының математикалық заңдылықтар мен есептеулерді қолдана алуын қалыптастыру;
Білім алушыларда математикалық, логикалық және алгоритмдік ойлауды қалыптастыру;
Пәнді оқытуда өзге математикалық пәндермен және мектеп математикасымен жүйелі байланысты жүзеге асыру