Бұл модуль реттелетін электр жетекті басқарудың автоматтық жүйелерін баптауды орындау үшін қажетті білімдерді, машықтарды және дағдыларды сипаттайды. Модульді зерделеудің нәтижесінде білім алушылар мыналарды меңгереді: ауыспалы және тұрақты тоқтың электр жетегінің құрылымы және жұмыс қағидатын; ауыспалы және тұрақты тоқтың электр жетегін автоматтық реттеу жүйелерін; түрлі электрондық аспаптардың құрылымы, әрекет ету қағидаты, негізгі техникалық параметрлері және шартты белгілеулерін; өнеркәсіптік контроллерлердің түрлері, құрылғысы және жұмыс қағидаттарын; реттелетін электр жетек жүйелерінің құрылу қағидаттарын. Модульді зерделеу кезінде білім алушылар: - ауыспалы және тұрақты тоқтың электр жетегін автоматтандырылған басқаруды орындауды; реттелетін электр жетекті баптауды орындауды; - электр жетекті басқарудың автоматтандырылған жүйелері жұмысының жай-күйін тексеруді және ағымдық жөндеуді жүргізуді; - карьерлік электр механикалық жабдықты басқаруға арналған электрондық құрылғыны қолдануды үйренеді.