6В091101 – «Ветеринариялық медицина» мамандығында оқитын 2-ші курс студенттеріне, «Жануарлар физиологиясы» пәнінен оқу – машықтануы, оқу бағдарламасының теориялық бөлімін аяқтаған соң, яғни 4- семестрдің соңында өткізіледі
Оқу – машықтанудың өту мерзімі – 1 апта. Топқа жоспарланған сағат көлемі 36 сағатты құрайды.
2) Оқу үрдісіндегі еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі Әрбір зертханалық жұмысты жасар алдында студент техника қауыпсіздігі- күю, жараланып қалудан сақтандыратын жағдайлар бойынша нұскау алган соң /инструктаж/ барып кіріседі. Машықтану сабақтардағы студенттің қауіпсіздігін оқытушы өз мойнына алады.
Құралдарды қолданудан бұрын оны сыртынан тұтастығын бақылап, оның электр тогымен жұмысының мәнін, оның бойындағы қуатты біліп алу қажет.Оның тоқ жүретін бөлігі мықты әрі бүлінбеген, тұтас, ал аспаптың өзі пайдалануға жарамды шартына сәйкес болып, тоқ жүретін бөлігі қоршап жату керек.
Лабораториядағы білуге тиісті негізгі қауіпсіздік ережелері:
- Әрбір зертханалық-тәжірибелік жұмыс оқытушының рұқсатымен жасалуы тиіс. Жұмыс жасамастан бұрын жасалынатын тәжірибенің негізін және қауіпсіздік ережелерін орындауға міндетті.
- Киімді және қол терісін түрлі реактивтермен зақымдап алмау үшін зертханалық тәжірибе жасаған кезде арнайы киім халат, резенке қолғап міндетті түрде болуы керек.
-Жұмыс орны таза және артық заттар болмауы тиіс.
-Тәжірибені тиімді орындау үшін қолданатын ыдыстар таза, құрғақ, стерилді және әр бір реактивтерге жеке өлшенетін ыдыстыры болуы тиіс.
-Егерде жұмыс жасау барысында химиялық коспаларды қыздыру кажет болса, оны ашық жалынды отқа қыздыруға болмайды, тек су моншасы не болмаса электр плиткаларды қолданады.
-Столға, еденге төгілген химиялық заттарды тек зертханашы не оқытушының қатысуымен ережелерге сай жиналады да залалсыздандырады.
-Тәжірибе барысында барлық өзгерістерді мұқият бақылау, жасап біткен соң жұмыс орнын жуып – жинап,залалсыздандырып,электр аспаптарын тоқтан ажыратып,электр шамдарды сөндіріп, су крандарын жауып тәртіпке келтіріп жұмыс орнынан шығады.
Сілті және қышқылдармен жұмыс жасаған кездегі қауіпсіздік ережелері. Қышқылдар мен сілтілер күрделі химиялық қоспа ретінде, адам организміне өте қауыпты, улану мен күйікке әкеліп соғатын заттар. Сондықтан олармен жұмыс жасаған кезде киімге, немесе ашық теріге тимеуін қатаң қадағалау қажет.
Концентрацияланған азотт пен тұз қышқылдарын сақтауы, ыдыстарға құйюы тек желдеткіш қосылған арнайы шкафтарда сақталады және аталған қышқылдар мен сілтілерді пипеткамен ауызбен соруға тиым салынады. Қышқылдарды қолмен ұстап немесе пипеткаларды ауызбен үрлеуге қатаң тиым салынады. Қышқылдарды сумен араластыру үшін, бірден тек қышқылдарды абайлап, үнемі араластыра отырып бір бірімен қосады. Суды қышқылға құюға қатан тиым салынады
Ірі, қатты сілтілерді пинцет арқылы алып суға үнемі шайқап отырып аздап аздап косу керек.
Қышқыл теріге немесе киімге тиген жағдайда қатты ағынды сумен жуып, сосын 3-5% ас содасы ерітіндісімен немесе аммиак ерітіндісімен жуу керек. Қоқыс заттар, қағаздар жұмыс аяқталған соң арнайы шелекке тасталуы тиіс, ал ерітінділем мен қышқылдар арнай ыдыстардың көмегімен тазартылады.