Жаңа әдіс -тәсілдерді қолданудың тиімді тұстары: 1. Тұлғаның пәндерге деген қызығушылығын оятады;
2. Тұлғаның танымдық қабілеттілігі орнайды;
3. Әлеуметтік мәдени тәрбие қалыптастырады;
4. Тұлғаны шығармашылық жұмысқа баулиды;
5. Мұғалімнің уақытын үнемдейді;
6. Қосымша мағлұматтар береді.
Жаңа технологияны пайдаланудың мұғалімге береріне тоқталсақ: 1. Барлық баланы оқыту;
2. Оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектесу;
3. Білім берудің формасын оңтайландыру міндеттерін атқару;
4.Тұлғаның жеке қабілетін айқындау, іздену;
Бүгінгі таңда мұғалімдердің құзіреттілігін арттыруда еніп отырған, деңгейлі бағдарламаның мені қызықтырғаны сол баланың өзі ізденіп, дәлелдеуі. Ол бұрын тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойлаушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Қорыта келсем:
Ж. Аймауытовтың «Баланаң ынтасын арттыру үшін оқытатын нәрседе бір жаңашылдық болу керек», – деген сөзінде үлкен мән жатыр. Неге десеңіз, әр оқушы сабаққа келгенде жаңа білім алып шығуымен қатар, өзінің де белгісіз бір қырларын танытуы тиіс. Сонда ғана сабақ қойылған мақсатына жетеді.
Жай мұғалім хабарлайды,
Жақсы мұғалім түсіндіреді,
Керемет мұғалім көрсетеді,
Ұлы мұғалім шабыттандырады, – деп Уильм Уорд айтқандай, әрбір жаңашыл мұғалім өзінің шығармашылық әрекетінде дәстүрлі стильден алшақтап, үнемі жаңашыл идеялар жетегінде жүрсе,білім сапасының жақсара түсетіні сөзсіз.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1.«Жеке тұлғаның шығармашылық дарындылығын дамыту жолдары»
Е.Т.Акитбаев.,2006ж
2. Бәкелестікке қабілетті тұлға тәрбиелеу.Қ.Жүнісханов.2008.
3.«Оқыту- тәрбиелеу технологиясы» журнал -2010 №3,5, 2011 ж.ж №5,
4.Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру
стратегиясы» жолдауы.
5. 3 деңгей. Мұғалімге арналған нұсқаулық.