Қазақ тілі пәні бойынша 7-сыныпқа арналған ІІІ тоқсандық бақылау жұмысы Мақсаты: Оқушылардың ая бойынша, тоқсан бойы алған білімдерін, сауаттылығын, грамматикадан алған білімдерін тексеру.
Лексикалық тапсырмалар: «Ұлттық аспаптар» тақырыбына байланысты 5-сөз жазыңдар.
Музыкаға қатысты кірме сөздерді жазыңдар.
Берілген сөздердің аудармасын жазыңдар.
Критик, свирель, особенность, исполнять, наследие.
І нұсқа: Ұлттық аспаптың түрінен үрмелі аспапты жазыңдар.
ІІ нұсқа: Жеті ішекті шертпелі музыка аспабын жазыңдар
5.«Қазақ сазгерлері» деген тақырыпқа әңгіме жазыңдар.
Грамматикалық тапсырмалар: Сұрақтарға жауап беріңдер
І нұсқа: Өздік етістің жұрнақтары қандай? Мысал келтіріңдер
ІІ нұсқа: буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды жазыңдар. Мысал келтіріңдер.
Қарамен жазылған сөзді сөз құрамына талдаңдар
І нұсқа: Қазақ әндерінің қай түрін алсақ та, өнегелі өсиет арқылы мейірбандыққа, татулық пен бірлікке, адамгершілікке, ақылдылыққа насихаттайды.
ІІ нұсқа: Қазақ әндерінің қай түрін алсақ та, өнегелі өсиет арқылы мейірбандыққа, татулық пен бірлікке, адамгершілікке, ақылдылыққа насихаттайды.
Сөйлемдегі жалқы есімді септеңдер.
І нұсқа: Құрманғазы Сағырбаев-қазақтың күйші композиторы.
іІ нұсқа: Дина Нүрпейісова-домбырашы, күйші, композитор, Қазақстанның халық әртісі.
Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.
І нұсқа. Қазақстанда алғашқы музыкалық мектептер 1934 жылы Алматы қаласында ашылды.
ІІ нұсқа. Халық әндері адамды адамгершілікке тәрбиелейді.
Қазақ тілі пәні бойынша 7-сыныпқа арналған ІV тоқсандық диктант Мақсаты: Оқушылардың бағдарлама бойынша алған білімдерін нақыштап қорытындылау және сауатты жазуға баулу.
Интернет туралы ұғым
Интернет-жиырмасыншы ғасырдың аяғында пайда болған. Интернет қазір жер шарының әр түкпірін байланыстырып сан алуан адамдарды, елдерді біріктіреді.
Интернет 1960 жылдары АҚШ-та дүниеге келдi.Оны соғыс бола қалған жағдайда бір-бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ-ның орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан. Сексенінші жылдардың басында Интернет деген термин пайда болды. Бұл ағылшынның халықаралық желі деген сөзі. (65 сөз)
(Интернет жүйесі. Интернет туралы ұғым. Әбдібай Құрмантаев. kaz.osh-18.kz )