Оқу пәнінің оқытушылары туралы мәліметтер



бет16/29
Дата18.10.2023
өлшемі2,27 Mb.
#118361
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29
Байланысты:
Силлабус 2022

Модульдік бірлік 13. Жаһандану аясындағы қазақ мәдениеті
Жаһандану жағдайындағы қазақ халқының мәдени мұрасын сақтау мәселесі. Қазақстан мұражайлары және олардың мәдени мұраны сақтаудағы рөлі. Қазақ халқының мәдени мұрасын таратудағы ҚР мұражайлары. Қазақ халқының мәдени-этникалық жадысын сақтаудағы мұражайлардың рөлі. "Мәдени мұра" бағдарламасын, мұражай-қорықтар, Қазақстанның мәдени және табиғи ескерткіштер жобасын жүзеге асыру.Бекет-Ата мәдени объектісі, Ақсу Жабағлы, Көржалғын, Тамғалы мәдени рәміздер және қазақ халқының мәдени бірегейлегінің құраушысы ретінде.
Қазақстан қоғамының жаңғыруы мен жаһандану жағдайындағы қазақтардың мәдени, этникалық (ұлттық), діни бірегейлігінің сақталу мәселесі. Жаңа мәдени парадигмалар мен жаңа рухани бағдарлар. Жаңа парадигмалды (көпшілікке ортақ) құндылықтық ұстанымдардың қалыптасуы: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, білімнің ерекше орынға ие болуы (культі). Бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, білімнің ерекше орынға ие болуының (культі) жағымды ұстанымдарына негізделген дұрыс әрекет ету модельдері мен мәдени өзара қарым-қатынастың қалыптасуына қазақстандық мәдениеттің әсері мен рөлі. Рухани құндылықтық бағдарлар, жалған, бүлдіруші құндылықтар мен мінез-құлық және коммуникация модельдеріне қарсы Қазақстан азаматтарының жаңашылдық әрекет ету модельдерін қалыптастырудағы отандық өнер мен мәдени институттардың рөлі.
Жастар субмәдениеті және рухани, моральдік, эстетикалық және діни құндылықтар. Білім культі, прагматизм және бәсекеге қабілеттілік, мәдени бірегейлік пен ынтымақтастық, қазіргі қазақстандық жастар арасында Отанға деген ұлтжандылықты қалыптастыру мен тәрбиелеудегі мәдени институттардың рөлі. Қазіргі қазақстандық жастар арасында оң қазақстандық руханилық пен құндылықтарды қалыптастыру, жалған және таңылған (мәдени, діни) бірегейлік формаларын жеңу.
Қазақстанның басты мерекелері мәдени мұра ретінде. Қазақстандағы мереке мәдениетінің қалыптасуы. Мәдени паттерндер (іздер) және қазақстандық мерекелік мәдениеттің рухани құндылықтары.
Қазіргі жағдайдағы қала мәдениетінің дамуы. Қала мәдениетінің негізгі құндылықтары. Астананың архитектуралық келбеті. Астананың қалалық мәдениетінің семиотикасы.Қазақстандағы мульти-медиа-мәдениеттің қалыптасуы мен дамуы. Мәдени, ақпараттық қауіпсіздік мәселесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет