Модульдік бірлік 14 Халық, урбанизация және қоғамдық қозғалыстар Жаңғыру және урбанизация. Әлеуметтік өзгерістердің бастаулары. Халық туралы заманауи зерттеулер. Миграция. Жаһандық урбанизация. Ауылдық жердегі өмір. Қоғамдық қозғалыстардың бастаулары мен түрлері. Қоғамдық қозғалыстарға әсер ететін микро- және макро-факторлар. Қоғамдық қозғалыстың өмірлік циклы. Модульдік бірлік 15 Әлеуметтік өзгерістер: жаңа әлеуметтанулық пікір-таластар Әлеуметтік өзгеріс. Әлеуметтік өзгерістерді зерттеудің әлеуметтанулық перспективалары. Әлеуметтік өзгерістердің негізгі құрамдас бөліктері. Гомогенизация және унификация.
Модуль 2 Саясаттану Модульдік бірлік 1 Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде Қазіргі білімдер жүйесіндегі саяси ғылымның алатын орны, саясаттанудың қалыптасуы мен дамуы, оның негізгі категориялары, саясаттанудың пәні мен объектісі. Саясаттанудың негізгі парадигмалары мен мектептері.Саяси шынайылықты зерттеу әдістері. Саяси ғылымның ғылыми-тапнымдық, әдіснамалық және қолданбалы функциялары. Саясаттанудың прагматикалық мәні. Маманды кәсіби дайындау жүйесіндегі саясаттану. Модульдік бірлік 2 Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері Адамзат өркениетіндегі саяси идеялардың генезисі. Саяси ойдың қалыптасуы мен даму тарихының дәуірлік кезеңдері.Ежелгі дәуір ілімдеріндегі саясаттанудың элементтері (Конфуций, Платон, Аристотель). Орта ғасырдағы саяси идеялар (Августин, Аквинский, Әл-Фараби).Қайта өрлеу және Ағарту дәуіріндегі саяси идеялардың дамуы. Саясаттың мәні туралы Макиавеллидің көзқарасы. Ж.Боденнің мемлекеттік билік егемендігі теориясы. Утопиялық социализм идеяларындағы мінсіз қоғамдық құрылыс. (Т.Мор, Т.Кампанелла).Табиғи құқық пен қоғамдық келісім теориялары Ағарту дәуірінің негізгі саяси доктриналары ретінде. Ж.-Ж.Руссоның радикалды демократизмі. И.Кант пен Г.Гегельдің концепцияларындағы мемлекет пен азаматтық қоғам концепциялары. Қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары.Консерватизм, либерализм, марксизм концепцияларының қалыптасуы. Қазіргі саяси ғылымның негізгі бағыттары.