2 Оқу пәнінің сипаттамасы Әлеуметтану - адамзат қоғамын, оның құрылымын, даму заңдылықтарын, адам әрекетіндегі мінез-құлықтарын, адамдардың өзара қарым-қатынасының нәтижесінде пайда болатын қоғамдық өмірдің жалпы мәселелерін оқытатын ғылым. Қазіргі заманда әлеуметтану пәнін оқытуда қоғамның жаңа сипаты, әдіснамалық өзгерістері, жаңа перспективалары сипатталуы керек. Сондықтан оқытылғалы отырған курс жаңа методологиялық әдістерді қолдана отырып, жаңа жетістіктерге сүйене отырып, қазіргі қоғамның сипатын жан-жақты ашып көрсетуге негізделген.
Саясаттану – саяси ой-тұжырымдамаларды оқытатын, саяси жүйелердің түрлері мен қызметтік заңдылықтарын, мемлекет пен саяси институттарды, қоғамдық саяси үрдістер мен құбылыстарды зерттейтін, қазіргі әлемдік саяси шындықты түсіндіретін, заманауи саяси тенденциялар мен саяси даму перспективаларды қарастыратын пән.
Психология және Мәдениеттану - болашақ маманның кәсіби сана-сезімін, олардың психологиялық мәдениетін дамыту негізінде қалыптастыруға мүмкіндік береді. Студенттер психологияның қазіргі күйі жөніндегі білімдерді, адам психикасын сипаттайтын ұғымдық аппаратты меңгеруі қажет, сонымен қатар психология бойынша теориялық білімдерді кәсіби педагогикалық іс-әрекетте қолдана алу, педагогикалық жағдаяттарды психологиялық және мәдени тұрғыдан талдай алу, соған байланысты білім беру процесін, өз кәсіби іс-әрекетін және өзін-өзі дамытуын құра алу іскерліктерін меңгеруі қажет.
2.1 Пәнді оқыту мақсаты: «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананың жаңғыруы» мемлекеттік бағдарламасында айқындалған қоғамдық сананы жаңғырту міндеттерін шешу мәнмәтінінде (контекстінде) білім алушылардың әлеуметтік-гуманитарлық дүниетанымын қалыптастыру болып табылады.
2.2 Пәнді оқыту міндеттері: 1) негізгі әлеуметтанулық, саяси, гуманитарлық ұғымдарды, қоғам мен оның кіші жүйелерін зерттеуге арналған теориялар мен тәсілдерді меңгеру;
2) қазіргі қоғамның және оның әлеуметтік институттарының жұмыс істеуінің негізгі принциптері туралы идеяларды қалыптастыру;
3) заманауи қоғамның әлеуметтік мәселелерін сипаттау және талдау дағдыларын дамыту, әлеуметтік процестер мен механизмдердің мәнін өзара байланысын қалыптастыру;
4) студенттердің әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық ақпарат алудың негізгі көздері мен әдістерін игеру;
5) әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық білімді кәсіптік қызметте пайдалану дағдыларын үйрету;
6) сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру және оны практикада қолдану мүмкіндігі.
2.3 Пән бойынша оқыту нәтижелері: оқу пәнінің модулін құрайтын барлық ғылымдар саласының (әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психология) пәндік білімін түсіндіре және жеткізе алуы (ұғым, ой, теория);
1) әлеуметтік-саяси модуль пәнінің базалық ілім жүйелерінде біріктіру үдерістерінің өнімі ретінде қоғамның әлеуметтік-этикалық құндылықтарын түсіндіру;
2) нақты оқу пәні мен модуль пәнінің мәнмәтінінің өзара әрекеттесу нәтижесінде ғылыми әдістер мен зерттеу тәсілдерін пайдалана білу;
3) оқытылатын пәннің аясында ғылыми ой мен теория мазмұны негізінде әртүрлі саладағы әлеуметтік қарым-қатынастың жағдайын түсіндіру;
4) әлеуметтік және тұлғаралық қатынастар, тіл, мәдениет, саяси бағдарламалар, қазақ қоғамының әртүрлі кезеңде дамуы туралы ақпаратты нақтылау және негіздеу;
5) қазақстандық қоғамда жаңарудағы әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық институттардың мәнмәтінінде олардың рөлінің ерекшеліктеріне талдау жасай алу;
6) қазақстандық қоғамдағы этикалық және құқықтық нормалар, қоғамдық, іскерлік, мәдени құндылықтар жүйесіне тең келетін түрлі қарым-қатынастағы әртүрлі жағдайларды сараптау;
7) нақты мәселелерді талдау үшін әдіснамалық таңдауды негіздеу және қоғамды зерттеудің әртүрлі жолдарын айыра білу;
8) ғылымның әлеуметтік-гуманитарлық түрі немесе басқа да ғылымдар саласында қоғамдағы нақты жағдай қатынасын бағалау, болатын қауіп-қатерді ескере отырып оның даму болашағын жобалай алу;
9) кәсіби әлеуметтегі, сонымен қатар, қоғамдағы шиеленістерді шешуде бағдарламалар жасай алу;
10) түрлі қарым-қатынас аясында зерттеу жобалық қызметтерін жүзеге асыра алу, қоғамдық бағалы ілімді түрлендіру (генерациялау), оны жобалау;
11) әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша өз пікірін дұрыс білдіре және дәлелді түрде қорғай білу.