Әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді тың, мазмұнды, жаңа мектеппен қана қамтамасыз ететінін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Білім беруді жаңарту – үнемі алға қарай ұмтылу мен даму үрдісі.
Жас өскелең ұрпақтың тағдыры олардың бойына ізгілік нұрын себуші ұстаздардың қолында, демек, мұғалім – балаларға білім ғана емес, оларды өмір бойы үйрететін біздің тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Сондықтан ұстаз мамандығын жүрек қалауымен таңдаған, болашақ ұстаз-студенттерді тәрбиелеу қоғамның алға қойған мақсаттарының бірі болып табылмақ.
Жоғары педагогикалық мақсаты – білімді жас мамандарға жоғары сапалы білім берумен қатар практикалық іс-тәжірибелерін ұштастырып, оларды бәсекеге қабілетті, ұлттық болмысымызды әлемге танытатын өскелең ұрпаққа терең білім бере алатын маман даярлау.
Студент оқу практикасынан өту барысында сөйлеу мәдениетіне, қоғамдық орындағы мінез-құлық әдебіне, кәсіби қарым-қатынас әдістеріне, педагогикалық ізденіске ұмтылады, оқу әдістемелік құралдар мен бағдарламалар туралы өзіндік ой-пікірі қалыптасады.
Болашақ маманды дайындау жүйесінде оқу практикасының алатын орны ерекше. Оқу практикасы – жоғары оқу орнының тұтас педагогикалық процестен бөлінбейтін бөлігі бола тұрып, мамандарды дайындаудың теориялық және практикалық бірлігін қамтамасыз етеді.
Студент – практиканттардың педагогикалық, өндірістік практикасы түрлі оқу-тәрбие ұйымдарында өткізіледі.
Білім алушының оқу практикасынан өту мерзіміндегі жұмыс барысы