Оқу құралы жоғары оқу орындарының қазақ тілін үйренуші студенттеріне арналған. Тілдік материалдарды беруде тіл үйренушілердің жалпы білім беретін мектептен қазақ тілін үйреніп келгені ескерілген


Сіз тілді үйрену үшін ең алдымен қайсысын таңдар едіңіз?



бет115/244
Дата27.04.2022
өлшемі30,06 Mb.
#32567
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   244
12. Сіз тілді үйрену үшін ең алдымен қайсысын таңдар едіңіз?


Тілді меңгеру үшін қажетті нәрселер









Талап, ынта

Күш - қайрат



қажеттілік

Тілдік орта


Тілге құрмет



13. Қазақ тілінде еркін сөйлеу үшін сізге неше сөз қажет?

Ең қажетті сөздерді теріп жазыңыз:

  1. көпшілік ортада қажет сөздер;

  2. тамақтану үшін қажет сөздер;

  3. оқу орнында қажет сөздер;

  4. көлікте қажет сөздер;

  5. танысу үшін қажет сөздер;

  6. дүкенде, базарда қажет сөздер;

  7. аялдамада қажет сөздер;



  1. Мәтіндерді оқып шығып, негізгі идеяны табыңыз. Сын есімдерді теріп жазыңыз.

Қазақтың жаңа мүсіні
Ай, қап! – айқап
Көрсеңіз көз тоймайтын қазақтың қызы. Жалт еткен жанарында жауқазын гүлге ілінген таңғы шықтың тамшысындай мөлдірлік бар. Ай қабақ, күміс кірпік, қызыл ерін... Бейне бір иранбақтың баушарбағынан үлбіретіп үзіп алған гүл сияқты сұлу мүсіннің сымбаты еріксіз көз тартады. Құлын мүшесінің қимыл- қозғалысы үнсіз музыка. Бір бойында сырлы сымбат пен сиқырлы сұлулық ажарлы арулық пен келісті көріктілік, төрт құбыласына сағым шашып, жан дүниеңді арбайды.

Бірақ ана тілін білмейді.

Алдында компьютер. Ғасыр техникасымен ағылшын тілінде “мұңдаса” алады. Шеберлігіне шек келтіріп қайтейін, электронды микрожүйелердің тетігін терең меңгерген. Оқитыны оқшау басылымдар. Теріскей мен түстіктің түрлі – түсті модауи мәдениетін мән бере зертейді екен. Қысқасы, өркениет өлкесіне өзіндік өрнегімен еніп бара жатқан қарындасқа риза болар едім...

Бірақ ана тілін білмейді.

Қуып келген Қарт Қожақты сындарлы сөзімен сүріндірген Ақжүніс апам тіріп келсе мына сіңлісімен аударма арқылы сөйлесенді – ау, деген ой көкейіме сап ете түскені бар болсын. Бүгінгі қазақтың қара қызын шаужайлап апарып, жаңа ұлт жасаған ғасырға қарғыс айтқым келеді. Миымды зың еткізген тағы бір жаңғырық жетелеп сыртқа шығарады. Көшеде көлбеңдеген “жаңа қазақтар”. Қайтейін, “көне қазақтың” соңғы тұяғы біз болармыз.

Уақыт ұлтымды жұтып жатса, мен темекінің түтінін жұтайын деп қалтама қол жүгірттім. Қолымдағы темекі қорабындағы “Қазақстан” деген жазуға көзім түсті. Иә, бұл қазақ емес “Қазақстан”. Тура мағынасы Қазақстанда өндірілген ұлттық өнім. Жансыз темекі қорабы маған қазақша тіл қатпайды. Қарындасым да дәл осындай тіл қатпайды екенау.



Темекі қорабында шылым шегу денсаулыққа зиянды екенін ескертіпті. Ұрпақты бұлдіру ұрпаққа зиян екенін ескерті осындай жазуды әр қазақтың жүрегіне неге жазбаймыз?
Жаңа бастық...

Сол күнгі ұжымның жиналысынан төтенше қаулы қабылдадық. Ол мынадай: бізге дәл бүгінен бастап жұмысшыларды алаламайтын, өндіріс есебінен өзіне зәулім үй тұрғызып алмайтын, мекеме қаржысын анда – санда шашып саудаға жібермейтін, алды –артына айналдырып ағайын – туыс, ауыс – қиыс, жағымпаз – жақыбайларымен қоршап қорған салмайтын... Өтірік ақпар беріп, министрлікті алдамайтын бастық керек.

Ақыры, отыз күн ойланып, қырық күн толғанып жүріп бір шешімге келдік. Бізге адам зат әулеті бастық бола алмайды. Ендеше адам емес, Робот басқарсын. Шешім шықты. өндірістен миллион доллар жұмсап, Мәскеу қаласындағы робот жасайтын орталыққа тапсырыс бердік.

...Жаңа бастық жаман емес.

Әнтек қазақша сөйлемейді. Алғаш тапсырыс бергенде миына қазақ тілін енгізу өте қымбат тұратындықтан жасата алмадық. Бізді руға, жүзге бөлмейді. Әйелдердің сұлулығы оған еш әсер етпейді. Өндірісті аралағанда жапа – тармағай жалпаңдап түфлиін сүрпейміз.


Шет жұрттықтар қазақтар туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет