Оқу құралы жоғары оқу орындарының қазақ тілін үйренуші студенттеріне арналған. Тілдік материалдарды беруде тіл үйренушілердің жалпы білім беретін мектептен қазақ тілін үйреніп келгені ескерілген


Ар , намыс, абырой деген сөздерге түсініктеме беріңіз



бет222/244
Дата27.04.2022
өлшемі30,06 Mb.
#32567
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   244
1. Ар , намыс, абырой деген сөздерге түсініктеме беріңіз.

2. Адамның ары мен абыройына нұқсан келген жағдайларға мысал келтіріңіз.



3.Тыңдайық және жазайық! Бірнеше мысалды тыңдап, түсінгеніңізді жазыңыз.

4. Халықаралық құқық қорғау органдарын атап шығыңыз.

5. Қазақстанның қазіргі Конституциясы қандай бөлімдерден тұратынын, ал бөлімдерде не тұжырымдалғанын қысқаша дәптерлеріңізге жазып қойыңыз.

6. ҚР азаматтары өз міндеттерін қалай өтеп жүргені туралы өз пікіріңізді ортаға салыңыз.

ХVІ Халықаралық қатынастар
1– сабақ
Қазақстанның дипломатиясы (1)

1. Сұрақтарға жауап беріңіз

1) Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты қалай қалыптасты?

2) Қазақстан Республикасы дипломатиясының негізгі бағыттары қандай деп ойлайсыз?
2. Жаңа сөздермен танысыңыз. Мына сөздердің мағынасын білесіз бе?

Көкейкесті, кеудемсоқтық, кепілдік, міндеттеме, ынтымақтастық, құбыр, мүдделік, әріптестік, денсаулық сақтау, ықпалдастық.


3. Сөйлемдерді оқыңыз. Қарамен берілген сөздерге мағынасы жақын сөздерді белгілеңіз.

1) Жаһандану кезеңінде кез келген мемлекет көкейкесті (өзекті, үлкен) халықаралық проблемаларды шешуге ат салысу керек.

2) Қазақстан ядролық қарудан бас тарту арқылы жетекші ядролық мемлекеттер тарапынан өзінің қауіпсіздігіне кепілдік (жауап, кепілдеме) алды.

3) Қазақстан сыртқы саясатының негізгі бағыттарының бірі – Ресеймен ынтымақтастықты (қызметтестікті, достықты) нығайту.

4) Қазақстаннан Қытайға тартылатын мұнай және газ құбырларын салуға екі жақты мүдделім (сүйіспеншілік, қызығушылық бар).

5) ҚазақстанАҚШ-пен демократиялық әріптестікті (серіктестікті, татулықты) дамытуды көздейді.

6) Қазақстан экономикалық, экологиялық, әлеуметтік салардағы байланыстарды дамыту мақсатында АҚШ әкімшілігімен өзара ықпалдастық (өзара ықпал, қысым) аспектілеріне маңызды орын береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет