Оқу құралы жоғары оқу орындарының қазақ тілін үйренуші студенттеріне арналған. Тілдік материалдарды беруде тіл үйренушілердің жалпы білім беретін мектептен қазақ тілін үйреніп келгені ескерілген



бет128/244
Дата27.04.2022
өлшемі30,06 Mb.
#32567
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   244

Радио тілі


  1. Берілген сын есімдермен сөз тіркесін құрастырыңыз.

қарапайым, бейнелі, әуезді, қонымды, ыңғайсыз, әсерлі, тапқыр, мағыналы, тартымды.

  1. Екі бағандағы сөздермен сөз тіркестерін құрастырып, сөйлем құраңыз.



ырғақ


тербеліс

ақпарат

сырлар

тыңдарман

әсер ету

орын

иелену

мүмкіндік

пайдалану

тілдік

заңдылықтар

қоғам

жүйе

тіл қолдану

құрал

дауыс

сөйлеу




  1. Ойшақыру. Сұрақтарға жауап беріңіз

  • Сізге қандай радиохабарлар ұнайды?

  • Қандай радиотолқынды жиірек тыңдайсыз?

  • Қазақстан радижурналистикасының дамуы жайлы

сіздің ойыңыз.

4. Мәтінді оқыңыз.

Радио тілі

Радио тілі қарапайым, түсінікті, тапқыр, бейнелі, әуезді болуы керек.

“Радио тілі” сөзден, сөйлеуден, әңгімелесуден келіп құралады екен. Сол сөйлесудің бәрі жай айтыла салмай, радионың, яғни, ақпарат құралының мақсатын орындауы керек.

Тіл қолданудың өзіндік сырлры, жұмбақтары жетерлік. Радионың ерекшелігіне байланысты дыбыс айрықша рөл атқарады. Сондықтан сөйлегенде дауысты жоғарылату мен төмендетудің және екпіннің, үн ырғағының радиода сөйлеу үшін орны бөлек. Дауыстың қандай дәрежеде болуының өзі адамға әр түрлі әсер етеді. Дұрыс акцентпен айтылған сөз көңілге қонымды шығады.

Тілді радиохабарларда орнымен, өзінің заңдылығымен қолдану тыңдаушыға оңды әсер етсе, керісінше дұрыс қолдана білмеу көңіл-күйге ыңғайсыз әсер беретіні белгілі.

Дауыс тербелісі сөз баяуын арттырады. Осылайша радиодан берілітен материалдар мен хабарларда белгілібір ырғағпен сөйлеуші ақпараты тыңдарманға әсерлі де сенімді жеткізіледі.

Радио пацда бола бастаған уақыттардан бері радио тілі өз орнын иелену үстінде. Радиода сөз сөйлеу монолог, диалог түрінде келуі мүмкін.

Радио өзіне қажетті мүмкіндіктерді жақсы пайдалану үшін ауызша сөзді, оның айтылуы, дыбысталуы жүйесін қолданатыны белгілі. Осыдан келіп ауызша сөзді радиосөзге айналдыра білу де өнер. Ол үшін фонетиканың, морфологиялық, лексиканың , синтаксистің де қазақ тіліндегі заңдылықтарынан хабардар болу керек. Сонда ғана радиода хабарлар дайындауда табысқа жетуге болады. Ауызша сөзді дамыта отырып, әсемдеп, көркемдеп, оралымды да, мағыналы түрде қолдана білу-радиосөзді жасайтын жол. Тілдік бояларды арттыру үшін эпитет, метоафора, теңеуді пайдалану тиімді. Сондай-қ қанатты сөздерді қолдануда радиосөзге ерекше әсер, күшейтеді. Тыңдарманға сөз болып шығады.

Сонымен, радиосөздің нормасын жасайтын лингвистикалық база – ауызша сөздің стилистикасы болып табылады. Белгілі бір нормадағы ауызша сөзрадиосөздің негізі болып есептеледі. Ал осы радиосөздердің жалпы жиынтығы .: нормалары, стилистикасы, заңдылықтары, жүйесі, қалыптасуы мен дамуы, т.б. көптеген компоненттреі радио тілін құрайды.



5. Тапсырмалар.

Мәтін бойына сұрақтарға жауап беріңіз.

а) “Радио тілі” неден құралады?

ә) Радио тілінде дыбыс қандай рөл атқарады?

б) Радиода сөз сөйлеудің қандай түрлері бар?

в) Ауызша сөзі радиосөзге айналдыра білудің қандай жолдары бар?

д) Тілдік бояуларды қалай арттыруға болады?

г) Радио сөзінің негізі неде?



Оқыңыз! Есте сақтаңыз!

Метафора (грек. Metap- ауыстыру)-троп немесе сөйлеу механизмі

Эпитет –

Теңеу –

6. Тыңдайық! Сұхбатты мұқият тыңдап, ары қарай жалғастырыңыз.


КТК телеарнасынан әр сенбiде тұрақты көрсетiлетiн “Қызық радио” бағдарламасында “шалақазақтар” болып шатпақтап жүрген Адамбаев Нұртас және Шайхисламов Дәуiтпен жүздесiп, таза қазақша сөйлесiп қайттық. Қазақ тiлiне жанашырлық танытып жүрген жайсаң жiгiттер сауалымызға ағынан жарыла жауап бердi.



6– сабақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет