Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі
(білім беру ұйымының атауы)
Оқу сабағының жоспары (теориялық немесе өндірістік оқыту)
«Күн және ыстық өту туралы түсінік. Үсудің алдын-алу және үсікпен күн өткен кезде көрсетілетін АКМ»
(сабақ тақырыбы)
Модуль /пән атауы: Медико-санитариялық дайындық
Педагог : Акимова Алма Аширханқызы дайындады
2022 жылғы "27" сәуір
1. Жалпы мәліметтер:
Курс, топ: ІI курс,
Сабақтың түрі: Теориялық сабақ
2. Мақсаты, міндеттері:
Күн өту кезінде көрсетілетін көмекті үйрену
Үсудің алдын алу
3. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі:
- Кәсіби дағдыларды қалыптастыратын жаңа мүмкіндіктер туындайды;
- Студенттер білімдерін арттырады;
- Студенттің медициналық білімін көтеру жолдары қарастырылады;
-Алғашқы медициналық көмек көрсете алады;
4. Қажетті ресурстар:
-Алғашқы әскери дайындық 10-11 Алматы 2000ж
-К.Аманжолов А.Тасболатов «Мектеп» баспасы
5. Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа сабақты түсіндіру
4. Пысықтау тапсырмалары
5. Сабақты бекіту
6. Үйге тапсырма
1-ші оқу сұрағы Жоғары t.С-ра Ұзақ әсер етіп күн қыздырғанда ыстық өтеді. Күн өту соның бірі күн сәулесінің тікелей әсерінен организмде жылу реттелуі, бұзылады.
Күн өтудің негізгі белгілері- басы мең-зең болып ауырып, құлақ шыңылдайды, басы айналып, әлсіздік пайда болады, лоқсып құса береді ыстық өту процесінің үш түрін ажыратамыз.
Жүдеу-бас айналу, тамыр соғуының төмендеуі мен жиілеуі, терінің қызаруы, құрғауы, дене t.С-сы 39-39,5-қа көтеріледі. Қан айналымының жеткіліксіздігітерінің бозаруы және мұздауы.
Асқын қызыну формасы-/ыстық өту/ t.С-ра 39-40 С қа көтеріледі, жалпыәлсіздік, бастық ауруы; команың дамуы- терінің құрғауы.пульстің жиілеуі ж/е төмендеуі көз карашығының үлкеюі; нерв жүйесінің қозуы; қан айналымының жеткіліксіздігі тыныс алудың төмендеуі, цианоз өкпе ісігі
Бас ауру формасы н/е гастроэнтриттің жедел білгілері бар форма/құсу, жүрегі айну/, іші өту/.
2 ші оқу сұрағы
Күн өткен көрсетілетін АМК зардап шегушіні-күн өтетін аймақтан алып шығып, көлеңке жерде алып келеміз, дене қысқан киімдерін шешеді. Басын көтеріңкі еткізіп жатқызады, Басына салқын, зат немесе компресс қояды. Мүсәтір спиртін иіскетеді,мол етіп сусын-шай, кофе ішкізу керек.
Үсудің пайда болуы қоршаған ортаның төменгі температураның организмге ықпал етуіне байланысты. Үсу себептері сан түрлі болады:
Желдің ұзақ әсері, суықтық, зардап шегушінің әлсіреуі, шаршауы, қан аздық, алкогольден, мас болу, қан жоғалту т. б. Үсуге көбіне аяқ қолдың шеткі мүшелері: құлпқ, мұрын ұшырайды.
Үсудің 4 дәрежесі:
Дәрежелі үсу- тері бозарады, ауру ж/е шаншу сезімдері пайда болады. Жылытқан кезде тері ашиды.
2ші дәрежелі үсу- тері сыртының бозғыл тартуымен көгеруі мен үсіген жерлерін жылытқанда ауырады, қан аралас көпіршіктер пайда болады. Үсудің бұл дәрежесінде дене дене температурасы көтеріледі, қалтырау, тәбет пен ұйқы қануы пайда болады.
3-ші дәрежелі үсу- барынша ауқымды бұлшық еттер жансызданады, терінің түсі қара, көк туске енеді. Зақымдану тереңдігі сулы іріңдеу түрінде 3-5 күннен кеиін білінеді.
4-ші дәрежелі үсу- терінің барлық қабатының, сүиектің жансыздануы пайда болады.
Тері сұйықтыққа толтырылған көбіктерменжабылады. Организмнің жалпы жағдайы нашарлайды.
Үсудің әртурлі дәрежесі қабаттасып келуі жиі кездеседі.
Жеңіл үсіктер қайталанғанда немесе суық ұзақ уақыт әсер еткенде қалтырау болуы мүмкін: жан ауыртар домбығу, көгеру, салқындау, байқалып, тері қышиды /қаз терісі/. Ол терінің ашық жерлерінде қол саусақтарында, құлақ қалқанында, кейде аяқ басында байқалады.
2- ші оқу сұрағы
Үсудің кезінде көрсетілетін АМК көрсеткенде: зардап шегушіні тез жылы үйге жеткізу керек. Егер ондай мүмкіндік болмаса, сол жерде суықтан қорғайды, оған шәй, кофе, алкоголь береді/50-100/ Су болған киімдерін шешіп, ауыстырады. Жылы ваннаға /су t.С-сы 20-дан 37. С қа дейін ақырын көтеру керек/. аяқ қолды салу керек. зардап шегушіні емдеу мекемесіне тез жеткізу керек. 2, 3, 4, дәрежелі үсулер кезінде сіріспеге қарсы сарысу мен анатоксиннің профилактикалық дозасы енгізіледі.
.
Қортындысы
Өтілген тақырыпқа қайта шолу.
Студенттерді сурақпен бағалау.
3. Үйге тапсырма беру
Достарыңызбен бөлісу: |