Оқу сабағының жоспары



бет1/2
Дата18.12.2022
өлшемі25,45 Kb.
#57971
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Ғаламдық экологиялық проблемалар



МКҚК «Алматы мемлекеттік бизнес колледжі»
(білім беру ұйымының атауы)
Оқу сабағының жоспары
(теориялық оқыту)
________________Ғаламдық экологиялық проблемалар________________
(сабақ тақырыбы)
Модуль /пән атауы_______География_____________________________
Дайындаған педагог ____Кенжехан Әділет Нұрланұлы______________
2022 жылғы "___" _______________
1. Жалпы мәліметтер
Курс, топ ________1 курс, 2021-2022 оқу жылы, __________
Сабақтың түрі
2. Мақсаты, міндеттері
Cабақтың мақсаты: Оқушыларға белгісіз, жаңа географиялық ұғымдар, құбылыстар, процесс туралы біртұтас түсінік беру. Мұндай сабақтарда түсіндіру және оны қосарлайтын оқушылардың өз бетімен істейтін жұмыстары басым болады.
Сабақтың міндеттері: Тақырып бойынша берілген ақпаратты оқып, өз көзқарастарын жеткізу.
3. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі
Тақырып бойынша берілген ақпаратты оқып, экологиялық көзқарас тұрғысынан талдайды.
4. Қажетті ресурстар
Power Point презентациясы, ДК, мультимедиялық жабдықтар, макеттер, құрал-саймандар, қосалқы жабдықтар, көрнекіліктер және тақырыпқа сәйкес әдебиеттер тізімі.
5. Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, топ басшысының мәлімдемесі бойынша білім алушыларды түгендеу, сабаққа назар қою.
Үй тапсырмасының орындалуын тексеру:
Қойылған сұрақтарға ауызша жауаптар. Үйге берілген тапсырмаларды тексеру.
Студенттерді негізгі кезеңде жұмысқа дайындау:
Үй тапсырмасын ауызша сұрау.
Жаңа білім мен қызмет тәсілдерін қалыптастыру:
Жаңа материалды түсіндіру:
Ғаламдық экологиялық проблемалар - ғаламдық, аймақтық және ұлттық деңгейлерде айқындалған экологиялық проблемалар кешені. Зор геосаяси проблеманын экологиялық қауіптілігінің мынадай көріністері бар: табиғи экожүйенің бүлінуі, озон қабатының жұқаруы, атмосфераның, Әлемдік мұхиттың ластануы, биологиялық әралуандылықтың азаюы және т.б. Олар тек қана барлық елдердің қатысуымен, БҰҰ-ның басқаруымен шешілуі мүмкін. Экологиялық проблемалардың ғаламдығы оны шешу үшін барлық елдердің жігерін жұмылдыру қажеттігін тудырып отыр; қарудың барлық түрлерін азайтпай экологиялық дағдарыстан айырылу мүмкін еместігі; биосфераның жалпыға ортақ ластануына қарай ядролық соғыс ғана емес, тіпті жай соғысты жүргізудің мәнсіздігі; қазіргі өркениеттің технологиялық құрылымын қайта құру, өмір негізі болатын табиғатпен өзара іс-әрекеттің жаңа сапалы әдістері мен құралдарын жасау; қоршаған ортаны қорғау проблемасы бойынша БҰҰ органдары жұмысының тиімділігін арттыру және оларға төтенше өкілеттік беру. Ғаламдық экологиялық мәселелер қоршаған ортаның әр түрлі дәрежедегі ластануынан орын алады.
Қоршаған ортаның ластануы дегеніміз оған тән емес агенттердің енуі немесе бар заттардың концентрациясының (химиялық, физикалық, биологиялық) артуынан қолайсыз әсерлердің туындауын. Ластандырушы заттарға тек улы затар ғана емес, зиянды емес немесе ағзаға қажет заттың оптималды концентрациядан артық болуы да жатады.
Ластануды жүйенің тепе-теңдегін бұзатын кез келген агент ретінде бағалауға болады.
Ластану әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі.
шығу тегі бойынша
табиғи және жасанды (антропогенді);
пайда болу көзіне байланысты:
а) өндірістік,ауыл шаруашылық,транспорттық және т.б;
ә) нүктелік (өнеркәсіп орнының құбыры),объектілі (өнеркәсіп орны), шашыраған (егістік танабы,бүкіл экожүйе),трансгрессивті (басқа аймақтар мен мемлекеттерден енетін);
әсер ететін ауқымына байланысты: ғаламдық,аймақтық,жергілікті;
қоршаған ортаның элементтері бойынша: атмосфера,топырақ, гидросфера және оның әр түрлі құрам бөліктері (әлемдік мұхит,тұщы су,жер асты сулары,өзен сулары және т.б.
әсер ететін жеріне байланысты: қала ортасы,ауыл шаруашылық ортасы,өнеркәсіп орындарының ішінде,пәтер ішінде және т.б;
әсер ету сипатына байланысты: химиялық (химиялық заттар мен элементтер),физикалық (радиоактивті,радиациялық жылулық,шу, электромагниттік),физико-химиялық (аэрозолдер),биологиялық (микробиологиялық және т.б);
әсер етудің периодтылығына байланысты (өнеркәсіп орындарының қалдықтары),екінші ретті (смогты құбылыстардың өнімдері);
тұрақтылық дәрежесі бойынша: өте тұрақты – жүз және мың жыл тұратын (азот,оттегі,аргон және басқа инертті газдар),тұрақты -5-25 жыл (көмірқышықыл газы,метан,фреондар),тұрақсыз (су буы,көміртегі тотығы,күкіртті газ,күкіртсутек,азоттың қостотығы,озон қабатындағы фреон).
Неғұрлым ластаушы зат тұрақты болса,оның қоршаған ортада жиналу эффекті жоғары.Кез келген ластаушы затты үш параметрі бойынша бағалауға болады: қоршаған ортаға түсетін көлеміне,улылығына және тұрақтылық дәрежесіне қарай.Мысалы,көмірқышқыл газының қолайсыз эффектісін оның қоршаған ортаға түсетін кқлеміне және ұзақ сақталу уақытына,олай болса оның жинақталуы және осыған байланысты парниктік эффектің пайда болуы қамтамвсыз етеді.
Өндірілетін ресурстардың тек 2-3%-ы ғана пайдалы өнім ретінде қолданылады,ал қалғаны қалдықтар (бос жыныс,шлактар және т.б.).
Адам қызметінің көңіл аударалық нәтижесіне қоршаған ортаға оған тән емес,тірі ағзалар үшін бөтен (ксенобиотиктер) заттардың шығарылуы жатады.Табиғатта 2 мыңдай бейорганикалық және шамамен 2 млн органикалық қосылыстар бар.Адам қазір 8 млн-нан астам қосылыстарды синтездей алады.Жыл сайын олардың саны бірнеше мыңға артып отырады.
Табиғат ресуртарын пайдалану жылулық ластанумен,яғни жер маңы кеңістігінде қосымша энергияның жиналуымен байланысты.
Биосфераның жылулық балансының бұзылуын атмосфераның шаңдануының артуы, өсімдік жабынының булануының өзгеруі,топырақ пен су қоймаларының бетінен ластануының өзгеруі қамтамасыз етеді.Мұнайлы қабықша булануды 20-30%-ға тежейді. Нәтижеде ғалымдардың болжауы бойынша ауаның орташа жылдық температурасы 1-3 С-ға артады. Ал мұның өзі биосфераның термодинамикалық немесе жылулық дағдырыс жаңдайына өтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.

1 тапсырма. Елші әдісі. Қосымша


Әр топқа ақпараттар жазылған мәтін таратылады. Оқушылар толық, түсініп оқыған соң ішіндегі бір елші өзі танысқан мәліметтерді келесі топқа түсіндіреді.
1 топ Ғаламдықэкологиялықпроблемалар
2 топ Судыңластануы
3 топ Озон тесігі
4 топ Қышқыл жаңбыр
5 топ Атмосфераның ластануы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет