Оқу сауаттылығы (35 минут) Мәтінді түсініп оқы



бет1/4
Дата14.02.2023
өлшемі213,86 Kb.
#67790
  1   2   3   4
Байланысты:
ІІ нұсқа


Оқу сауаттылығы (35 минут)

Мәтінді түсініп оқы.


Төле би
Төле би елге белгілі болған кезде, бір балаға дауласып, екі әйел алдына келіп жүгінеді. Әйелдердің бірі:
- Мына баламды мен есін білмейтін жас күнінде жоғалттым, соны мына әйел тауып алды ма, әлде ұрлап алды ма, оны білмеймін. Әйтеуір асырап алыпты. Бүгін танып сұрасам, «өз балам» деп бермейді, -дейді. Екінші әйел тұрып:
- Балам өзімдікі, өзім таптым. Мынау босқа жармасып тұр, - дейді. Төле би екі әйелдің сөздерін тыңдап болып, біраз ойланып отырып калады. Содан кейін:
- Бірің балаңды жоғалтқаныңды, енді бірің тапқаныңды растап шығарлық мұнда басқа куә жоқ. Сондықтан мынадай билік еткім келеді,- дейді. Баланың екі қолынан екі әйелге ұстатып қойып, қара балтаны ұстап көтеріп тұрып: «Екеуіңе қара қылдай қақ бөліп беремін, осыған ризасыздар ма?» - дейді. Сонда балаға ие болып жүрген әйел:
- Біреуге тірі кеткенше, жартысы болса да, өзімізде қалсын, бөлсең бөл! – деп безеріп тұрып алады. Ал баланы таныған әйел:
- Ойбай, биеке-ай! Қайда жүрсе де, тірі болсын, шаба көрмеңіз! –деп безек қағады. Содан барып Төле би:
- Бала мына жоғалтқан әйелдікі, өйткені ол баланың тірілігін тілеп тұр, баласын өзіне бер,- деп билік айтады.



  1. Мәтіннің негізгі ойы қандай?

А) бала- адамның бауыр еті В) өзімшілдік туралы
С) өшпенділік туралы Д) балалы үй базар



  1. «Безек қағады» тіркесі қай мағынада қолданылған?

А) қобалжу В) абыржу С) жалыну Д) таңғалу



  1. Мәтін немен аяқталды?

А) Жоғалтқан әйел өз баласын алды В) тапқан әйел алды баланы
С) Төле би алды баланы Д) бала ешкімге бұйырмады



  1. Мәтіндегі қай кейіпкердің іс- әрекеті саған ұнады?

А) Жоғалтқан әйел В) Тапқан әйел С) Төле би Д) халық
Мәтінді түсініп оқы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет