Оқу сауаттылығы. I нұсқа 1 мәтін Нұсқаулық
Оқу сауаттылығы.
I нұсқа
1 мәтін
Нұсқаулық: Мәтінді мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауапберіңіз.
Қамқорлық
Бір кісі жол үстінде келе жатқанда оны қатты шөл қысады. Ол айналасына қарап су іздейді. Сол маңнан құдық табады. Ол құдыққа түсіп, шөлін қандырады да, шүкіршілік етіп, жолын ары қарай жалғастырады. Жолдың бойында шөлден тілі салақтаған бір итті көзі шалады.
Иттің қатты шөлдегені соншалық, ылғал топырақты жалап тұр екен.
Оны көрген әлгі кісі: «Менің басыма түскен хал мына итке де түсіпті- ау!»- деп құдық ішіне қайта түсіп, аяқ киіміне су толтырып шығып әлгі итке су береді.
Асты сызылған сөзге мәндес сөзді табыңыз.
А) Қасірет В) Әл С) Жағдай Д) Қуат
Мәтіндегі жолаушыға тән қасиетті көрсетіңіз.
А) Өзімшілдік В) Мейірімділік С) Сараңдық Д) Тәкаппарлық
Мәтіннің идеясын анықтаңыз.
А) Еңбекқорлыққа үйрету В) Қамқорлыққа баулу
С) Төзімділікке шақыру Д) Үнемшілдікті насихаттау
Жолаушы итке суды неге құйып берді?
А) бас киіміне В) алақанына С) аяқ киіміне Д) ыдысқа
2-мәтін
Үлкен әулет
Өсіп- өнген үлкен әулетте жүз кісі бірге тату- тәтті өмір сүріп жатыпты. Сол елдің патшасы бұл әулет туралы естігенде, қызығушылықпен барып әулеттің ақсақалына жолығуды ұйғарыпты. Қариямен кездескенде патша «Әулетіңізді тату- тәтті бейбітшілікте ұстап тұруыңыздың сыры неде?»- деп сұрапты. Қария қағазға біршама уақыт бір нәрсе шимайлап жазып патшаға ұсыныпты. Патша қараса, қағазда бар- жоғы бір- ақ сөз жазылыпты. Үсті- үстіне әбден баттастырып жазылған сөз «сабыр» екен.
Достарыңызбен бөлісу: |