Оқу сауаттылығы ІІІ нұсқа Туризм: экотуризм 1-мәтін



бет4/6
Дата12.05.2023
өлшемі35,53 Kb.
#92532
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Туризм оқу сауаттылығы

ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ ІҮ нұсқа
Зияткерлік (Интеллектуалдық) миграция
1-мәтін. Қазақ диаспорасының ата жұрттан ығысып сыртқа ауа бастаған тарихи ұзақ ағыны “ақтабан шұбырынды“ кезіндегі жаугершілік-шапқыншылықтан басталды. 1723 жылы солтүстік-шығыстан баса-көктеп кірген жоңғар шапқыншылығынан шегінген бейбіт көшпенді шұбырындылар оңтүстік-батысқа қарай ауып, қазіргі Орта Азия жеріне тереңдей енуге мәжбүр болды. Шапқыншылықтан қатты күйзелген қазақтың шашырап және өзара араласып кеткен ру-тайпалары Ташкент маңында жасанды құрамалар түрінде қайта құрылып, сол аймақтарда қалып қойған. Олардың өмір тіршілігі аз зерттелген. Тамды аймағында, Мырзашөлде, Шыршық бойында қазақтар ежелден-ақ тұрып келген. Қазақ диаспорасының әрі қарай кең жайылуына отаршылдық тікелей әсер етті. Алдымен, Еділ мен Жайықтың жағасынан, кейін Есіл мен Тобылдың бойынан және Ертіс өңірінен зорлықпен қуылып, көшпенді қазақ тайпалары солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай жөңкіле көшкен.
Саясаттан бейтарап момын халық шетке қарай ақ гвардияшылар келгенде бір ығысса, қызыл әскерлер келгенде тағы жөңкілді. Алты жылға созылған ұлт-азаттық көтерілісі мен азамат соғысы жылдарында ата мекенінен 200 мың адам көшіп кеткен. Ал кеңестік дәуірдегі әміршілдіктен туған асыра сілтеу жылдары 1,9 млн. қазақ шет жұртқа үдере көшті. Ирандағы қазақтар қазіргі Маңғыстаудан ауып келсе, Моңғолиядағы қазақтардың соңғы көші Сібірге барып паналағандар. Қазақстанның солтүстігінде қызылтабан болған қазақ жұрты екінші рет бас сауғалап Қытайға бет алған. Қызыл қырғыннан қашқан қазақтардың ұрпақтары сондай-ақ Қарақалпақстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Тәжікстанға, Иран мен Ауғанстанға ауып барған.
Қазақстан дүниежүзілік қоғамдастықтың толық құқылы мүшесі болып отырған қазіргі жағдайда Қазақ диаспорасының ҚР-мен біздің отандастарымыз мекендейтін елдердің өзара қатынастары мен байланыс мәселелері мемлекетаралық деңгейде өткір қойылып отыр. Қазақстанда “Халықтың көші-қоны туралы заң” (1999) қабылданып, шет аймақтардағы қандастарымыздың ата жұртына – тарихи Отанына көшіп келу үрдісін реттеу ісі қолға алынды.
1.Мәтіндегі 1 абзац не туралы?
А) қазақ халқының ұлан-байтақ жері туралы
В) қазақ халқының салт-дәстүрі туралы
С) қазақ халқының еркіндікке қол жеткізгендігі туралы
Д)қазақ халқының басынан кешкен қиындықтары
Е) қазақ халқының қиын-қыстау кездердегі көшіп-қонуы

2. Алты жылға созылған ұлт-азаттық көтерілісі мен азамат соғысы жылдарында көшіп кеткен адам саны:


А) 200 В) 1,9млн С) 200мың Д) 1723 Е) 1999

3. Берілген сөйлемдегі қателікті тап


1723 жылы солтүстік-шығыстан баса-көктеп кірген жоңғар шапқыншылығынан шегінген бейбіт көшпенді шұбырындылар оңтүстік-шығысқа қарай көш ығыстырды,
А) 1923ж В) солтүстік-батыс С) ұлт-азаттық көтеріліс Д) оңтүстік-батыс Е) көшкен жоқ

4. Сөйлемді жалғастыр


Ал кеңестік дәуірдегі әміршілдіктен туған асыра сілтеу жылдары 1,9 млн. қазақ шет жұртқа үдере көшті. Ирандағы қазақтар қазіргі Маңғыстаудан ауып келсе, Моңғолиядағы қазақтардың соңғы көші
А) Қытайға көшіп кетті В) Сібірді паналағандар С) Моңғолияда қалып кетті
Д) Ауғанстанға ауып барған Е) жоғалып кеткендер

5. Қазақстанда қабылданған “Халықтың көші-қоны туралы заңның” міндеті қандай?


А) шет аймақтардан көшіп келген қандастарымыздың тұрмыстық жағдайын реттеу
В) шет аймақтардағы қандастарымыздың ата жұртына – тарихи Отанына көшіп келу үрдісін реттеу
С) шет аймақтардағы қандастарымыздың ата жұртына – тарихи Отанына көшіп келгендеріне үй беру
Д) шет аймақтардағы қандастарымызды жұмыспен қамту
Е) шет аймақтардағы қандастарымыздың Отанына көшіп келгенін мерекемен атап өту




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет