19. Жануарларды клондау (3) Тіршілік иелерінің көшірмесін жасайтын машина ма? Е гер 1997 жылғы «Жыл малы» байқауы орын алатын болса, Долли жеңіске жететіні сөзсіз! Долли – төмендегі фотосуретте көрсетілген шотландтық қой. Бірақ Долли қарапайым қой емес, ол басқа қойдың клоны. Клон дегеніміз – көшірме. Клондау «бір түпнұсқадан» көшіруді білдіреді. Ғалымдар «түпнұсқаға» ұқсас басқа қойды – Доллиді жасап шығарды.
Шотланд ғалымы Ян Вилмут қойларға арналған «көшіру машинасын» ойлап тапты. Ол ересек қойдың (1-қой) желінінен өте кішкентай бөлікті алды. Осы кішкене бөліктен ол ядроны бөліп алып, осы ядроны басқа аналық қойдың (2-қой) жұмыртқасына енгізді. Бірақ, алдымен, ол сол жұмыртқажасушасынан алынған қозының бойындағы 2-қойдың өзіндік ерекшеліктерін анықтайтын барлық материалдарды жұмыртқажасушасынан алып тастады.
Ян Вилмут осылайша өңделген 2-қойдың жұмыртқажасушаның басқа қойларға имплантациялады (3-қой). 3-қой жүкті болып қоздады, қозысының атын Долли деп қойды. Кейбір ғалымдар бірнеше жылдан кейін адамдарды клондау мүмкін болады деп санайды. Алайда көптеген елдерде адамдарды клондау заңмен тыйым салынған.
Сұрақ: Мақаланың соңғы сөйлемінде «көптеген елдерде адамдарды клондау заңмен тыйым салынған» делінген. Бұл шешімнің екі мүмкін себебі төменде келтірілген. Бұл себептер ғылыми негізделген бе?
Әр себеп бойынша «Иә» немесе «Жоқ» жауабын таңдаңыз.
Себеп
Бұл себеп ғылыми негізделген бе?
Клондалған адамдар әдеттегі адамдарға қарағанда кейбір ауруларға сезімтал болуы мүмкін.